§ 96. РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ '
Адам сөйлегенде я жазғанда белгілі бір жайт тура-лы жалац хабар беріп кана қоймайды, соған катысты өзінше түйген көзкарасын, кеніл қошын, ой қүбылысын да қоса білдіріп отырады. Өйтксні ондайда кеңіл, ой қүбылысы аркылы айтылатын хабардыц аныктығы, та-пыктығы, ақиқаттығы, шындыгы, айкындығы, неғайбыл-дығы, күдіктілігі, күңгірттігі, күмәнділігі, болжалдылы-ғы, жорамалдылығы, ықтияттылығы, тыңғылыктылығы, үстіртіндігі, шалағайлығы, орындылығы, мүмкіндігі, ық-тималдығы... тэрізді жай-жапсарлар да, сопдай-ақ, аяныш, жалыныш, куаныш, реніш, жиреніш, екініш, еті ніш... сиякты көніл күйі жайлары да ацғартылып отырады. Сейлеушінің я жазушының кеңіл қошыный осындай еәттері модальдік (арайлық) реңк деп аталадьі
Модальдік реңк жеке сейлеушінің я жазушының ті-лінде ғана немесе жеке сейлемде ғана үшырасатын не-кен-саяқ қүбылыс емес, жалпы үлт тілінің табиғатыиз грамматикалық құрылысына сай қалыптасқан жүпеЛ1 лексика-грамматикалық категория. Бұл категория тіл-
дің тиісті лексикалык, фонетикалық, грамматикалық тә-сілдері арқылы беріліп, сол дәнекерлер арқылы жарық-<а да шығады, аңғарылып та отырады.
Сөйлеу тілінде кеңіл қошына, ой келеңкесіне қатыс-гы әр қилы реңктер, әдетте, сөйлемдегі сездердің, сез Зөлшектерініц, сез тіркестерінің түрлі-түрлі қарым-қа-гынастарынан туады, солардың мағыналарынан керініп этырады. Тілдегі осындай, бір-біріне қатысты, жеке-же-хе модальдық мағыналардан жалпы грамматнкалық мо-^альдық категориясы құралады. Ж алпы грамматикалық категория болғандықтан, модальдық мағыналар синтак-:исте де, морфологияда да ұшырасады. Сөйлемнің мо-цальдігі бүкіл сөйлемге тән құбылыс болады да, кебіне-;е лексикалық, интонациялық тәсілдер арқылы жарыққа шығады. Осы себептен сейлем модальдігі, әдетте, син-гаксисте арнай қаралады. Ал модальдік категориясыныц көптеген мағыналары морфологиялық дәнекерлер арқы-лы. еолардыН‘ ішінде көбінеСе етістіктің рай формалары аркылы жасалатындықтан, бұл мәселе морфологияда да қаралады. БІрақ морфологиялық құбылыстардың (рай-лардың) мазмұны синтаксиспен жіті байланысты бола-ды. Сол себептен модальдік мазмұн, әдетте, сейлемнен жеціл айқындалады. Осыған орай рай категориясы, оның формаларының мағыналары, қызметтері және колданы-лу ерекшеліктері сейлемге байланысты талданады.
Сейтіп, сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақи-қат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонети-калық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жуйесі модальдік (арай) категория деп аталады. Бұл катынас акикатқа орай, оған сай келетін нағыз шындықты да, (жүзеге асыруға боларлықтай, орындаларлықтай) реальді кұбылысты да білдіре алады.
Модальдік категорияның етістік формалары аркылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістікгің райы деп аталады.
Етістіктің райы — мазмүн жағынан да, форма жағы-Нан да — аса бай категория. Мысалы: мен барайын; мен Ьарайыніиы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояиын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та ңалармын; мен барсам етті; мен барып едім foil; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен бар-?ан екенмін; менің барғым келеді... тәрізді жай сейлем-Цердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсы-
сында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модальдік моң (реңк) бар. Ал сол модальдік реңктердің (мәидердің) қай-кайсысы болсын етістіктіц тиісті формалары аркы-лы беріліп, сол формалар аркылы бір-бірінен ажыра-тылып тұр және сол формалар арқылы, қашдн да бол-сын, езара сараланып отырады Осы мысалдардан-ақ рай категориясы етістіктіц грамматикаланған синтети-калық және аналитикалык формаларының бәрімеп де байланысты екені көрінеді, демек, рай категориясы шақ формаларымен де, амалдыц жүзеге асу сипатыи білді-рстін формалармен де, есімшс мен көсемшснін форма-ларымен де және етістіктін кейбір өзге түр-формалары-мен де байланысты болады.
Рай категориясы сейлеуші (субъекті) мен амал-әре-кеттің арасындағы қатынастың қилы-килы реңктерін білдіретіндіктен, сол реңк түрлерінің араларында да тиісті парық болады. Өйткені сейлемде айтылатын ой я пікір объективті шындықты тура я анык етігі білдіруі немесе оны реальді (шындай) етіп керсетуі де мүмкін. Сондай-ақ, сейлемде айтылатын объективті шындық бү-кіл сейлемнін мазмүнымен бірде дәл бірдей шығып тү-йіссе, бірде тоқайласпай күңгірттеніп те керінуі мүмкін, демек, реальді кұбылыс пен объективті шындык кейде бірдей болып шықса, кейде бірдей болмай шығуы да мүмкін. Дегенмен, модальдік категория арқылы айты-латын пікірдің ақиқатка қатынасы не реальді болып, не неғайбыл болып көрінуі тиіс. Осындай ерекшеліктерге қарай, демек, амалдың. (әрекеттің, қимылдын, т. б.) аки-катқа катысын білдіруіне қарай, етістік райлары іштей сараланып, ашық (негізгі) райлар және неғайбыл (жәр-демші) райлар деп аталатын екі салаға белінеді. Олар-дың негізп сипаттары мен айырмашылыктары мынадай:
Ашық (негізгі) райда арнаулы грамматикалык керсеткіштер болмайды, неғайбыл (жәрдемші) райлар-да арнаулы қосымшалар (керсеткіштер) болады. Арнау-лы керсеткіштері (қосымшалары) болатыны және бол-майтынына қарай, неғайбыл райлар мен ашық рай бір-біріне қарама-қарсы қойылып қаралады. Демек, олар формалары жағынан көрсеткішті және көрсеткішсіз рай-лар деп танылады да, семантика-грамматика жағынағ ашық (негізгі) рай амалдын (әрекеттің, қимылдын...) реальді екенін, ал неғайбыл (жәрдемші) райлар амал-дыц реальді емес екенін білдірулеріне орай бір біріне қарсылас категориялар деп танылады.
Ашық (негізгі) рай, амалды (әрекетті...) реальді етіп көрсететіндіктен, мезгіл үғымымен •— еткен, казіргі" және келер шақтармен байланысты болады да, сенлеу тіліндс сол ш ак формалары аркылы керінеді. Ал неғай-был райлар амалдың реальді емес (иареальді) екенін, яғни амалдың негативті сипатын білдіріп, олардын бұ-йыру қалау, шарт ету, қажет санау, ләзім көру тәрізді модальдік реңктер түрінде атайды да, тек келешекке мегзегені ғана болмаса, шак категориясына тікелей ка-тыспайды.
Ашық райдың қолданылу өресі де, мағыналық ка-рьімы да әрі кец, әрі аса бай ұтымды болады. Сол себеп-тен көптеген модальдік реңктер мен басқа да таза су-бъектпвтік мағыиаларды білдіру үшін индикативтің {ашық райдың) формалары аса жиі колданылады. Онан қала берді, ондай реңктер мен мағыналарды білдіргенде ашық рай (индиктив) тілдегі арнаулы модаль сездерді де (бәлки, бәсе, әрине, әлбетте, мүмкін, ықтимал т. б.), модаль шылауларды да (-ай; -ау; -ақ; -мыс; -ғай; сияқ-ты, тэрізді, іиығар, білем, көрінеді т. т.), модаль тіркес-терді де (айта көрмеңіз; атай көрмеңіз; сөз жоқ; амал қанша т. б.), демек, индикатор (ажыратқыш, айқында-ғыш) есебіиде қызмет ететіи тілдін ез дәнекерлерін қа-жетінше кең пайдаланады Рас, бүл инднкаторлар ай-тылатын пікірдің модальдік сипатын т^гел я жартылай езгертіп жібермейді, бірак оған болжалдық, дүдәмал-дық, ләзімдік, керектік, қажеттік... тәрізді нағыз мо-дальдік реңктер үстеп, не күшейтіп, не ауыстырып, құл-пыртып отыруға себепкер болады. Сөйтіп, ондай инди-каторлардың көмегі арқасында хабарланатын фактіге (я пікірге) сөйлеушінің болжалы, күдігі, еенімі, шеші-мі... адам нанарлықтай, реальді болып керінеді де, на-ғыз шын санарлықтай, объективті ақиқатка әр қилы субъективті модальдік сипаттар жамайтындай әсерлі болады. Бұл рецктердің сөйлемде ажарлана,. айқында-ла түсуіне интонация, контекст үлкен сеп тигізіп, тая-ныш болады. Осындай мүмкіншіліктердің арқасында айқын емес қүбылыстар айкын болып керініп, айқын Қүбылыстар айқын болмайтындай күйге көшіп, яғни Мүмкін емес амал мүмкін боларлықтай сипатқа, кері-сінше, мүмкін әрекет басқа түрге ауысарлықтай дәре-^еге жетеді. Осылардың нәтижесінде ашық рай мағы-На, ренкі жағынан басқа райларға жақындап та, олар-^Ың орнына қолданылып та отырады. (Мысалы: әттең.
|