104. ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕРДЩ ФОНЕТИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
а) Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері
Еліктеуіш сездердің дыбыстық ерекшеліктерін сез еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс: 1) дыбыстык ^Ұрамы, 2) буын жігі, 3) айтылу ырғағы.
Еліктеу сөздердің дыбыстық кұрамында, демек, олар-
дын дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп ка-лыптаскан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге бола-ды. Оған еліктеу сөздердің мысалы, мынадай үлгілері айғақ.
Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б.
Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт,
шырт т. б.
Ж ап, жып, лап, лып, can, сып, тап, топ, тып, шап
б.
Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, ірк т. б.
Аңқ, еңк, дөңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ, суңқ, іиаңң, іиіңк, ыңқ т. б.
Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк т. б.
Балп, болп, былп, елп. жалп, желп, жылп, салп, сылп, шалп, шолп, шылп, үлп т. б.
Жамп, күмп, қомп, томп, тымп, сымп т. б.
Даң, дуң, тың, қаң, ңүң, маң, шаң, шүң, шың т. б.
Ар, быр, дар, дыр, dip, күр, қор, қыр, сыр, шар,
Баж, быж, бұж, гүж, күж, қыж, шаж, шыж т. б.
Ақ, бақ, бық, қақ, қық, сақ, тық, шаң, шық т. б.
Жалт, жылт, кілт, қылт, мьиіт, сылт, талт, тылт
б.
Гу, ду, зу, лау, сау, су т. б.
Барп, борп, қорп, сарп, тарп, тырп т. б.
Бұл үлгілерде көрсетілген еліктеу сөздер, әрине, не-' гізгі түбір формалар. Бұлардан басқа да формалар бар. Мысальг алш, былш, қаліи; ыз, тыз, ыс; кіс, пыс, тыс тәрізді сан жағынан аз болғанымен де, көптеген туынды сездердің жасалуына негіз болган (мысалы: алшы, ал-шаң, ызың, ызыл; ысқыр, пысына, кісіне т. б.), сондай-ақ, әуелгі түбірлері туынды сөздермен біте қайнасып ажырамайтын болып кеткен формалар да көп. Мысалы салдыр-гүлдір, балдыр-былдыр, жымың-жымың. сопақ, тырбаң, ыржаң сияқтанған сездердің түбірлері қазіргі тілде жеке колданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |