Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛМАЯТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ



бет33/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

20. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛМАЯТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ




  1. іктік жалғау, жалпы алғанда, жоғарыдағы үлгілер бойынша жалғанып жүмсалғанымен, о н ы іі қолданылу. ында сол қағидалардан ауытқитын мынадай екі түрлі жайды ескерген мақүл:

а) Сөйлемнің бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылма-ған жағдайда жіктік жалғау әрқашан қолданылады (тү. сірілмей айтылады). Мысалы: Сорға біткен ғаиіығымсың, Неге тым кеш сермедің? (Абай); Көңілім, неге жасисыці Миым, неге ашисың? (С. Торайғыров).


Сөйлемнін бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылғаи жағдайда жіктік жалғаудын қолданылмайтын кезі де болады. Мысалы: Мен сен емес, жас күнім жайнап тұр-ған (А бай); М ен мақтанның қүлы емес шын ащынға зорлың жоң (бүі д а ); Мен сынық жан жамағанмен түзе-ле алман түрленіп (бүлда); М ен сәби мейірімді ана қү-шағында; А қ мамасын сүйемін, құшамын да (С. Торай-ғыров).


Бұл сөйлемдердегі мен сен емес, мен құлы емес, мен сынық жан, мен сәби дегендердің бәрі де есім баянда-уыштар, олардың жіктік жалғаулары қолданылмаған.


ә) Ауыспалы көсемшенің (а, е, й формалы) үшінші жағының жіктік жалғауы барлық басқа жағдайларда тү-сірілмегенмен де, сұраулық шылау тіркескенде, әдетте, қолданылмайды. Мысалы: Көмірді де өзі цаза маі (Ә. Әбішев); Біздің шахтаны ғана тексере ме екен? (бү да) деген сөйлемдерді сүраулык шылаусыз колдансак Көмірді де өзі қазады; Біздің иіақтаны ғана тексерей екен болар еді. Әрине, бүл жағдайда жіктік жалғау ев уақытта да түсірілмейді (Ол барадыол бара ма? 0і келеді ол келе ме? т. б .).





    1. 21. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ӨЗГЕ ЖАЛҒАУЛАРМЕН ҚАБАТТАСУЫ

Баяндауыш көптік, тәуелдік және кейбірі септік жал-ғаулы сөздерден де бола беретіндіктен, әрі жіктік жал ғау баяндауышқа тән қосымша болғандықтан, ол жал


ғаулар (көптік, тәуелдік, септік қосымшалары) кабаттас-қанда, есім сөзге ең алдымен көптік жалғау, одан кейін хәуелдік жалғау, ең соңында септік жалғау жалғанады да, жіктік ж алғау осылардың бәрінен соң жалғанады , (мысалы: үй-лер-іміз-де-міз). Ал, оның нақтылы тіркесу
ерекшеліктеріне келсек, олар мынадай:

а) Көптік жалғаулы сөзге де ж алғана береді (біздер 0қу-шы-лар-мьіз). Бірақ жіктелетін етістік формалары-нын көпше түрінің екінші жақтарында (анайы, сыпайы хүрлерінде бірдей) көптік ж алғау жіктік жалғаудан ке-йін келеді. Мысалы: Сендер бар-ың-дар, сіздер бар-ыңыз-дар; сендер барса-ң-дар, сіздер барса-ңыз-дар, сендер барған-сың-дар, сіздер барған-сыз-дар; сендер жүресің-дер; сіздер жүр-сіз-дер т. б. Етістіктерге жалғанатын көптік жалғаудың осылайша келуі оның (баяндауышы болатын етістіктің) көптік формадағы бастауышпен жақ-хасуымен (қиысуымен) байланысты.


Осы ерекшелікке орай, жіктелетін зат есімнің көпше формасының екінші жағының анайы түрінде де, сыпайы түрінде де көптік жалғау, сараландырып айтқанда, екі рет қолданылады. Мысалы: Сендер студент-сің-дер және сендер студент-тер-сің-дер; сіздер студент-сіз-дер және сіздер студент-тер-сіз-дер т. б. Осылайша екі рет қайта-ланғандағы алғашқы көптікж алғау (студент-тері) жікте-летін заттың (нәрсенің) көптігін білдірсе, соңғы, екінші рет қайталанатын көптік жалғау жіктелетін сөзді бас-тауышпен (сендер) қиыстырып тұрады (мысалы: Сен оқушысың сіз оцушысьіз және сендер оқуиіыларсыңдар, сіздер- оқушыларсыздар дегендерді салыстырыңыздар).





  1. с к е р т у: Дауысты дыбысқа бітетін есім сөздерге жалғанатын көпше форманың бірінші жағының жіктік жалғауы ортақ тәуелдеудің бірінші жағының қосымша-сымен (тәуелдік жалғауымен) түрлес болады. Мысалы: біз оқуиіымыз (жіктік ж алғау), біздің оқушымыз (тәуел-дік ж алғау). Бұларды ажырату үшін, біріншіден, сөздің мағынасын, екіншіден, оның қызметін, демек, ондай сөз-Ден бүрын я бастауыш (біз), я анықтауыш (біздің) бар-лығын аңғару қажет, үшіншіден, жіктік жалғауға екпін түспейтінін, тәуелдік жалғауға екпін түсетінін ескеру керек.

ә) Ж іктік ж алғау тәуелдеулі сөзге де ж алғана береді Де, жіктік жалғаудан кейін (субстантивтенгенде ғана болмаса) тәуелдік жалғау жалғанбайды. Бірақ тәуелдеу-



74 75

лі сөздердін жіктеулерінде біраз ерекшеліктер бар. Олар мынадай:





    1. тәуелдіктің бірінші жағынын қосымшасы косылған сөзге ешуақытта да жіктік жалғаудың бірінші жағының косымшасы қосылмайды, тек екінші жақтын жалғауы ға-на жалғанады. Мысалы:

Сен студент-ім-сің, оқушы-м-сың, сіз студент-ім-сіз, оңуіиы-м-сыз, сендер студент-ім-сің-дер, оқушы-м-сың-дар, сіздер студент-тер-іміз-сіздер, оқуиіы-лар-ымыз-сыздар.



    1. Керісінше, тәуелдіктін екінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге еш уақытта да жіктіктін екінші жағы-ның жалғауы жалғанбайды, тек бірінші жақтын жіктік жалғауы ғана жалғанады. Мысалы:

мен студент-ің-мін, оқуіиы-ң-мын
мен студент-іңіз-бін, оқушы-ыңыз-бын
біз (дер) студент-іңіз-біз, оқуіиы-ңыз-быз
біздер студент-тер-іңіз-біз, оқуіиылар-ыңыз-быз т. б.

    1. Тәуелдіктің үшінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге жіктіктін бірінші, екінші жақтарының жалғаулары

  1. алғана береді. Мысалы:



мен студент-і-мін, оқушы-сы-мын сен студент-і-сің, оңуиіы-сы-сың біз студент-і-міз, оқушы-сы-мыз сіз студент-і-сіз, оңуиіы-сы-сыз
біздер студент-тер-іміз, оқушы-лар-ы-мыз
сендер студент-тер-і-сіңдер, оқуиіы-лар-ы-сыңдар сіздер студент-тер-і-сіздер, оқушы-лар-ы-сыздар

б) Сұраулық шылау (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) жік-тік жалғаудың екінші жағының жалғауынан кейін де, бұ-рын да келе береді. Бірақ бұрын келгенде сұраулык шылаудың ашық дауысты дыбысы (-а, -е), сөздін жуан





  1. жіңішкелігіне қарай, қысаң дыбысқа (-ы, -і) айналады. Мысалы:

оқуіиы-сың-ба? оқушы-мы-сың? оқуіиы-сыз-ба? оқушы-мы-сыз?
оқуиіы-лар-сыңдар ма? оЦуіиы-лар-ым-сыңдар? оңушы-лар-сыздар ма? оқушы-лар-мы-сыздар? сен бара-сың ба? сен бара-мы-сың?


сіз барып-сыз ба? сіз барып-пы-сыз т. б.
в) Тәуелді сөздін бірінші және үшінші жақтарында да, сүраулык шылау (-ма, -ме) жіктік жалғаудан кейін, де, бүрын да келе береді: Мысалы:


оқушы-м-сың ба? оқушы-м-бы-сың?
оқушы-мыз-сыз ба?— оқуіиы-мыз-бы-сыз?


оқуіиы-сы-сың ба? оқуіиы-сы-мы-сың?
оңушы-лар-ы-сыңдар ма? оцуіиы-лар-ы-мы-сыңдар?

г) Атау формалардан басқа септік жалғаулы сөздер-дің ішінен, әдетте, мекендік және көлемдік мағына бере-тін жатыс және шығыс жалғаулы сөздер де баяндауыш болатыны мәлім. Ондай сөздерге, баяндауыш болғанда, жіктік ж алғау жалғанады. Мысалы: біз Крошитад-тан-быз, сендер қай колхоз-дан-сыңдар?


ғ) Ж іктік жалғаудың, бірінші, екінші жақтарының косымшалары, каж ет болған жағдайда, жіктелетін сөзге тікелей жалғанбай, -ғана (-қана), -ақ шылауларынан кейін де келеді. Мысалы: Мен оның атқосшысы -ғанамын (С. М ұқанов); Телміріп бар өмірінде жемтік жеген., Қар-ғаның жаман-ақсың баласынан (С. Торайғыров) т. б.





    1. с к е р т у: Ж іктік жалғау күрделі етістіктер баян-дауыш болғанда, ең соңғы көмекші етістікке жалғанаты-ны сияқты, күрделі есімдер баяндауыш болғанда да, оның соңғы көмекші сөзіне жалғанады. Мысалы: Сендер мені осы сапарға ңимайтын сияқтанасыңдар (М. Әуезов). К,айда аттансақ та, басқарушыларымызды сайлап алып аттанатын сияқтымыз (Ғ. Мүсірепов).




  1. 22. ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жіктеу есімдіктері баяндауыш болғанда, оларға жал-ғанатын жіктік жалғау сол баяндауыштардын плеонас-


.тикалық жолмен қос-қабаттасып келген көрінісі болады. 'Сол себептен жіктеу есімдігі баяндауыш болғанда, жік-тік жалғау бастауыштын жақтық мағынасына үйлеспей-ді, баяндауыштың жақтық мағынасына орайласып жал-ғанады. Мысалы: Ендігі қарыздар адам менмін (Ғ. Мү-сірепов); Бүгінгі Тобықтыда кісі болса, ол сенсің ғой Абай (М. Әуезов); А л бұлардың ісін бітіретіндер сен-дерсіңдер (бү да) дегендердегі алғашқы сөйлемдегі бас-тауыш — адац, баяндауыш — менмін, екінші сөйлемдегі бастауыш — ол, баяндауьіш — сенсің, үшінші сөйлемдегі бастауыш — бітіретіндер де, баяндауыш — сендерсіңдер. Сөйтіп, баяндауышы есімдіктерден болған осы үш сөй-лемде де бастауыштар мен баяндауыштар грамматика-лық жақтары жағынан қиыспаған.




) Ал, сөйлемдер «Мен менмін», «сен сенсің» тәріз-Ді болып ерекше құрылған жағдайда, әрине, бастауыш

76 77



пен баяндауыш қиысып тұратыны өз-өзінен түсінікті. Мысалы: Бәкен бір күні кірісіп: сен кімсің? деген. Оған Раушан: мен менмін, мен сегізіншінің ауылнайымын, мен кеңестің бастығымын деген (Б. Майлин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет