Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


ҚАПТАЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет46/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

33. ҚАПТАЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Қайталама қос сөздердің түр-түрлерінің өзара ма-ғыналық айырмашылықтары сол сездердің кайталау түрлеріне, олардың сырткы дыбыстық жэне сырткы мор-фологиялық формаларына байланысты. Олай дейтін се-бебіміз — кайталаудың әрбір түрі я үлгісі (моделі) тиіс-ті семантикалық я грамматикалық мағына тудыратын грамматякалык форма ретінде калыптасқан («Грамма-тикалық форма» және «Грамматпкалық мағына» деген такырыптарды қараңыз) тәсілдер деуге болады. Өйткені қайталама кос сөздердіц формаларында басқа-басқа қаншалықты түр болса, олардың соншалықты. мағына-лық реңктері де болады. Демек, өзіне тэн ерекшелігі бар әрбір мағыналык рецктің өзіне лайық формасы да бо-лады. Бірер мысал алып көрейік.


Егер зат есімге ешқандай да коеымша я басқа дәне-кер қосылмай, екі рет қайталанса (тау-тау, сай-сай, қо-ра-қора), ол сезден жаңа лексикалық мағына тумайды, тек сол сияқты заттарды топ-тобымен жинақтау я белу мағынасы түсініледі. Мысалы: Күндіз көрген жазық же-рің қазір тау иіатқалындай өркеш-өркеш көрінеді (Ғ. Мү-сірепов); Қөп кеиіікпей иіабындық окерлерде мая-мая іиөп түрды (С. Қөбеев).


Сын есімнің ешбір қосымшасыз қайталанатын фор-масы да ол сөздің лексикалық мағынасын езгсртпейді, тек семантнкасы меп қолданылу райына азды-көпті ерек-шелік енгізеді. Мысалы: Банан жапырағының әр саласы-на үлкен-үлкен банан жемістері өседі (М. Әуезов). Үзын-үзын сарайлар, кең-кең қоралар көрінеді (С. Мұқанов). Бұл сөйлемдердегі үлкен-үлкен банан; үзын-үзын сарай-лар; кең-кең қоралар деген тіркестердегі қайталанған сын есімдер, бір жағынан, ездері аныктайтын заттардыц көптігін білдірсе, екіншіден, сол заттдрдың бәрі де (я ол заттардың эрқайсысы да) бір сипатты^^^ір-феңкті, бір сапалы) екенін білдіреді. Сонымен қатар, кайталанған сын есім аныктауыш болғанда, анықталатын зат есімге Кептік жалғауы жалғанбаса да, оның көп екеніне шек



110 111



\


келмейді, бірак, әдетте, көптік жалғауының/жалғадып тұрғаны мақұл. Ал, анықтауыш косарланған сын есім емес, ж алан сын есім болғанда, көптік мағынада колда-нылуға тиісті зат есімге көптік жалғауы қайтсе де жал-ғануы шарт. Мысалы: үлкен үй және үлкен үйлер; үлкен-үлкен үй және үлкен-үлкен үйлер дегендерді салысты-
рыңыздар.
Қайталама кос сөздердің ішінде арасы на ма, (-ме
-ба, -бе, -па, -пе) косалкыланып айтылатын қос сөздіғ (қарсыма-қарсы, ауызба-ауыз, бетпе-бет) орны езінцк бір баска. Бұл форма казак тілінде аса кұнарлы еме< және өзге топтардан оның семантикасы мен қызметі де өзгеше. Мысалы. көзбе-кез кездестім, ңолма-қол тап-сырдым, сөзбе-сөз түсіндірдім дегендердегі карамен те-рілгеи сездер, біріншіден, амал мен істің біреу аркылы емес, екі субъектінің (адамныц) арасында тікелей бола-тынын білдіреді, екіншіден, осыған сәйкес, бүл сөздер тек етістік сөздермен тіркеседі, үшіншіден, сөйлемде олар тек қана пысыктауыш болып, үнемі адвербиалдық кыз-мет кана аткарады.
Жалпы алғанда, бір сөздің кайталануы арқылы жа-салатын күрделі есімдер объективтік өмірде кездесетін заттарда я баска құбылыстарда және олардың әр түрлі карым-катынастарында болатын көбею, топталу, еселеу, жіктелу, саралану, бөліну, жекелену сияқты жай-күйлер-ді я көбейтіп топ-тобымен, я бөліп жік-жігімен, я сара-лап сала-саласымен атап, тәптештеп білдіретін форма (дәнекер) ретінде кызмет етеді. Қос сөздердің бұл ерек-шеліктері олардың қосарланған формаларынаі әр қнлы жалғау және баска косымшалар жалғанып қолданғанда (әрине, сөйлемде), ете-мөте айқындала түседі. Мысалы: Олар көше-квіиені бойлатып, өзді-өзі сеңдей соғылы-сып қалып жатыр (Ғ. Мүсірепов); Ботакөз үй-үйдің ара-сымен келе жатты (С. М ұқанов). Осындағы көше-көшені сөзі бір ғана көшені емес, әлденеше (көптеген) кешені және оның әрқайсысын деген семантикалык, граммати-калық мағынаны білдірсе, үй-үйдің сөзі әр үйдің (я барлык үйдің) деген сара үғымды білдіреді. Сөйтіп, ко-сымшалы қайталама кос. сөздер тобының әрбір саласы сезге өзінше, әр алуан семантикалық мағыналар жамап, тіліміздегі грамматикалық синонимдерді байытумен бір' ге, оньш стилистикалык. амал-тәсілдерін әрі икемді, әрі жатык, етуге аса қажетті дәнекерлер есебінде қызмет етеді.

112

Екінші сыңарының белгілі бір дыбыстары өзгеріп (трансформаланып) жасалатын кайталама кос сөздер-дің беретін мағыналары да, ©зге кос сөздерден ерекше-леу болғанымен, дыбыстық өзгерістердің азды-көпті ез-гешеленуіне карай, іштей өзара бірдей емес. Мысалы: шай-пұй ішіп плайық (Ә. Әбішев) деген сейлемді, әрине шай ішіп алаиық деп антуға әбден болады. Бірақ екі сөйлемнен алатын түсінік те, әсер де бірдей болмайды. Өйткені шай ііиіп алайық дегеннен жүрттың бәріне де бірдей белгілі, калыптаскан өз рәсімі, өз бабы бойынша ішілетін шай жайы аңғарылады. Ал, шай-пүй ішіп ала-йық дегеннен жайы да^ күйі де бабына келмеген шайсы-мақ бірдеме деген ұғым аңғарылады да, тыңдаушы эмо-циялык жағынан айтушыдан комсынып я кемсініп, реті келсе, кекетіп я мысқылдап айтқан сняқты зіл салмағы бар немесе жеңіл әзіл-калжыңы аралас көзкарасты ба-йыптайтындай болады. Сондай-ақ, хат-мат, хабар-мабар десек те, инженер-минженер, мұғалім-сүғалім десек те, ет-мет, сүт-мүт десек те, кайталама кос сөздердін бұл түрінен не әлдеқандай бір белгісіздікті, не әлдекандай бір кекесінді, не әлдеқандай бір комсынғандықты бағ-дарлықтай эмоциялық реңк білінеді.

Ал дәл осы топка жататын жалт-жулт, даң-дуң тәріз-ді кос сөздердің семантикасы жоғарыда талданған іс-міс, мүрын-сүрын сияқты кос. сөздерден баска, мысалы: саты-сүтыр, иіақыр-шүңыр естілген дыбыстарды, бал-дыр-бүлдыр, дабыр-дүбыр, саңғыр-суңғыр естілген үндер мен сөздерді, жарқ-жүрқ, жалт-жүлт етіп көрінген кері-ністерді алсақ, солардың бәріне де тән бір жалпы ерек-шелік бар. Ол ерекшелік — сол дыбыстардын да, сез-дердін де, керіністердің де үнемі бір сазбен я бір ка-лыппен ғана естілмей я көрінбей, бірде бір сарынмен (мысалы: сатыр, шақыр, балдыр, дабыр, саңғыр, жарқ, жалт), бірде екінші сарынмен (сүтыр, шүқыр, бүлдыр, дүбыр, сүңғыр, жүрқ, жүлт) алма-кезектеніп отыратын-дарымен байланысты. Бұл сөздердін осындай мағына-лық1ерекшеліктері сөздің бірінші сыңарыидағы ашық дауысты дыбьістың екінші сынарда еріндік кысаң дауыс-ты дыбыска ауысуы аркылы формаланады.


Сөйтіп, бүл екі сала сөздердің (жол-мол, кісі-місі жә-не жалт-жүлт, балдыр-бүлдыр) бәрінін де екінші ком-понентінің белгілі бір я дауысты, я дауыссыз дыбысының өзгеруі осы топка тән сөздердің өзіне лайыкты жалпы ерекшелігі болып саналады.


113


1


\

Үстеме буынды қос сөздердің дыбыстық та, морфолсь гиялық ерекшеліктеріне қарай, семантикалык мағына-лары да аталған топтардың бәрінен өзгеше. Ең алдымен, қайталама қос сөздердің бұл түрі тек сын есімге ғана тэн форма болғандықтан, бұл форма сын есімнің негізгі бел-гісін я күшейту үшін, я бәсеңдету үшін қолданылады. Мысалы: Бүгін Оспан қап-қара боп түтіккен (М. Әуе-зов); Жарты метр қүдық қазсаң, туп-тунык,, мөп-мөлдір муздай суық суы шыға келеді (С. Көбеев). Саусақтары жуп-жумсаң, жып-жылы екен (Ғ. Мүсірепов).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет