Шарттың жалғаулыңтар сабақтас қүрмалас сөй-лемдердін арақатынасын білдіру үшін, яғни басынқы және бағыныңқы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасула-рына дәнекер есебінде қолданылады. Ж алғаулыктын бұл түріне егер, егер де, алда-жалда шылаулары жатады. Мысалы: Егер Айбол болмаса, Мүсәпір үй болудан қал-ған болар еді (Ә. Әбішев). Алда-жалда ол кетіп қалған-дай болса, артынан дереу кісі жібер (Қ азақ ертегілері).
Ащындағыиі жалғаулыңтарға яғни, демек шы-лаулары жатады. Олар я жеке сөздерді, я сөз тіркес-
терін, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады да, алдыңғы сөз арқылы, я сөз тіркесі немесе сөйлем аркы-лы айтылатын ойды кейінгі сөз, я сез тіркесі, я сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға, не анықтауға, не тәптіштеп қадағалай түсуге дәнекер сөздер есебінде қыз-мет етеді. Сол себептен бұлар айқындағыш жалғаулық-тар деп аталады. Мысалы: Мен Магниткаға өткен күзде, яғни Талғатбектен бір жыл кейін келдім (Н. Ғабдул-лнн). Диссертацияны унатқан екенбіз, демек, біз де бір-деңе ойлаған болармыз (М. Иманжанов).
Үштастырғыш жалғаулықтарға ал, ендеше, ал ендеше, олай болса шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан біріне-бірі орай қолда-нылатын екі жай сейлемді ұштастырып байланыстыру үшін жүмсалады да, бірінші сөйлемнен кейін іле екін-ші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін дәнекер ре-тінде кызмет етеді.
а) Ал жалғаулығы арқылы өзара орайлас ұштаскан жай сөйлемдердің ой желісінде қаншалықты берік бай-ланыс болғанымен, олар негізінде мағына жағынан әр
басқа болып отырады. Мысалы: Сөйледің сен де аямай. Ал Ж амбылдан сөз шығар, Асылдан ұшқан қылаудай (Ж амбыл).
ә) Ендеше жалғаулығы біріне-бірі орайластырыла айтылған жай сөйлемдерді ұштастырады да, бірінші сөй-лемдегі ойды екінші сөйлемдегі ой тұжырымдап қоры-гынды ретінде жинақтауға дәнекер болумен қатар, екін-ші сейлемдегі ойға бастама сөз іспетті де жұмсалады. Осы себептен де ендеиіе жалғаулығы әрқашан, олай бол-са деген сөз тіркесімен мағыналас та, қызметі жөнінен энымен пара-пар да түсіп отырады. Мысалы: М ал дүние-нің іиын иесі осы кісі. Ендеиіе бәріміз де әжемнің төре-лігіне тоңтайық (М. Әуезов).
б) Ал ендеше жалғаулығы дәл осы мағынада қолда-нылып, осы қызметті атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |