Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы-оқыту . Ақыл-ой күштерін оқыту Ақыл-ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын , оқу әрекеттерін орындайтын танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасы орын алады.
Бұл тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтың жоғарғы деңгейінде құруға келеді. Бұл үшін оқушының білім қоры жинақталған теориялық білімдерден, ғылымдарға жетекші қағидалардан тұруы қажет. Осының негізінде қажырлы ақыл-ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтан да дамыта оқыту әдістемесінің негізгі оқытудың мазмұнын іріктеу мен әдістерін таңдап алудан басқа , оқушы алатындай оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесін дәл анықтауға тіреледі.
Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу оқушылардың жалпы ақыл ойынның дамуын қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы мұғалімнің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады. Мұндай оқу тапсырмалары көптен саналады. Біз мысал есебінде кейбіреулерін еске түсірмекшіміз.
Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бар тапсырмалар ; бақылау , эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауыл шаруашылық , тәжірибелік жұмыстар.
Шығармашлық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру , өз бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу. Белгілі бір тақырыптарға баяндамалар , рефераттар жазу.
Салыстыруға әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар алгоритмдерді , алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: заттарды , құбылыстарды топқа болу.
Жалпы айтқанда, ақыл-ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп . үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесініңең басты құралы – оқыту. Оқыту үдерісінде балалардың ойлауы мен сөйлеуі дамиды,танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Балалар оқу-әрекетінің өзін меңгереді. Білімдер қорын меңгеру,ақыл-ой белсенділігін дамыту,интеллектуалдық біліктер мен дағдыларды меңгеру болып табылады. Ақыл-ой күштерін оқыту барысында оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындайтын, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі.
Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдарын шартты түрде екіге бөлуге болады: балалар әрекеті мен рухани және материалдық мәдениет шығармалары. Мектеп жасына дейінгі балалардың көп уақыты күн ырғағымен байланысты тұрмыстық әрекетіне кетеді. Бұл әрекеттің мазмұны сенсорлық даму үшін қолайлы болып табылады. Жуына отырып,балалар жылы және суық суды ажыратады,судың басқа да қасиеттерін танып біледі.Балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын әрекетінде жүзеге асады. Шығармашылық ойындарда балалар өздерінің қоршаған өмір жайлы әсерлерін бейнелейді.Ойын үдерісінде бұл білімдер жаңа деңгейге көтеріледі.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыталған оқыту әдістемесі дамыта оқытудың тұжырымдамасынан орын алады. Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу. Оқушылардың жасын ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы мұғалімнің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылды.
Зиялылық іскерлікті қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады.
● Зерттеу және бақылау ісіне қатысты бар тапсырмалар; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар т.б. ● Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, сурет салу, рефераттар т.б. ● Салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау. ● Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар; алгаритмдерді, алгаритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
● Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар; заттарды, құбылыстарды топқа бөлу. Жалпы айтқанда, ақыл-ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұрғысын қалыптастырғысы келсе,өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады. Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген;
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің
тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді.
Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді.
Дидактикалық принцип - оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида,оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесі,оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламасы мен жоспарына,оқулыққа,сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді.Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады.Олар бір-бірімен тығыз байланыста құрылған.
Дидактика терминінің пайда болу тарихы
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты “оқыту-үйрету” тәжірибесінің негізінде пайда болды.Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің,ғылымның дамуына,оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты,педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке.”Дидактика” терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің “Ұлы дидактика” деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды.Оның ойы бойынша,дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұрақтарға жауап береді.Ол білім берудің мазмұнын,дидактикалық принциптер мен көрнекілікті,дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп,сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.
Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII-XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің,неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің,Ресейде К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу - басым бағыттың бірі әрі бүгінгі күн талабы. Осыған орай бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл -тозбас киім,білім-сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеттерінің бірі -баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Білім беру үрдісі де осы міндеттерді тікелей шешумен байлнысты құрылуы қажет. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет.
Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат –балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Мектепке дейінгі кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері арқылы біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.
Ақыл-ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процесстері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадғылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту, оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері-білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол:
-ақыл-ой тәрбиесінің шарттары мен принциптерін және құралдарын жете түсінуі;
-ақыл-ой тәрбиесінің әдіс-тәсілдеріне таратпа материалдар арқылы талдау жасалып, педагогикалық жағдаяттарды (есептерді) шешу арқылы меңгерту, тәжірибелік жаттығулар жасату.
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В.Г.Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады.
Ақыл-ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процесстері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар, Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісіндегі зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлініп, ойын арқылы жүзеге асады.
Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуына оның әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым-қатынас, ойын, білім, заттық іс-әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |