Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың парасаты мол, мейірімді, ақылды, еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. "Бала балқыған қорғасыңдай, қандай да қалыпқа құюға болады" делінген халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек. Тәуелсіз еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Бұрынырақ «Ұрпақ тәрбиесі тал бесіктен басталады» - деуші едік. Заман ілгері жылжыған, ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқаннан басталатындығы анықталып отыр. Ендеше үзіліссіз тәлім-тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.
Мектептегі тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту мәселесі біздерді озық ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелерге, сонау 18-ғасырда өмір сүр-ген Ф.Фребель, М.Мантессори идеяларынан бастап, әлемдегі ең озық жа-пон тәжірибелеріне дейінгі аралықтағы еңбектеріне, В.А.Сухомлинский-дің "Қуаныш мектебі", А.СМакаренконың қағидалары, Ш.Амонашвилидің іс-тәжірибелерін, Балтық жағалауы ғалымдарының озық ой-пікірлерін өткен ғасырда жазықсыз құрбан болған А.Байтұрсынов, Х.Досмұхам-бетов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты қазақ зиялылары-ның педагогика-психология саласыңдағы еңбектеріне терең талдау жасау-ға жетелеген. Сондай-ақ белгілі гуманист-педагог ғалымдар мен әдіскерлердің психо-педагогикалық ой-пікірлерін және мектепке дейінгі тәрбие жөнінде көп жылдан бері үздіксіз жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне де терең үңілдік. Әсіресе қазақтың этнопедагогика мен этнопсихологиясын басшылыққа ала отырып, келешек "Ұрпак тәрбиесінде басты ұстаным қандай болмақ'?", "Тәлім-тәрбие беру ісін жаңартудың жолдары қандай''", ол қайдан бастау алмақ'.' деген мәселе жайында бар сапалы ғұмырын ұрпақ болашағына арнап келе жатқан ғалымдар, мұғалімдер, тәрбиешілер өз үлестерін қоса отырып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісін жаңартудың көш басшысы болып, "Балбөбек" бағдарламасы дайыңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |