Ақыл –ой тәрбиесі


Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу



бет6/8
Дата13.06.2022
өлшемі362.5 Kb.
#459201
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақыл ой тәрбиесі

2.2Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.


Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп "қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда "бұлақ көрсең көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге, ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру, жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын қалыптастыру.
Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.
«Тәрбие баламен сөйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес берумен ғана шектелмейді» - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.
Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы - мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция - отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.
Көптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды. Жоғары дәрежеде дамыған елдердің бір қатарында мектеп жасына дейінгі балалардын басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы, Францияда – Швецияда Финляндияда - 65-75% және т.б. Отбасы - бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі, емен-жарқын сөйлесу, аялау, еркелету, қалыптасқан от-басылық дәстүрлер, әдет және т.б. тағылымды тәрбиенің негізін қалайды.
Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық байлық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі, т.б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінін тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру, көңіл - күй адамгершілік тынысы, қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саласымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да баланы тәрбиелеу, оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс ұйымыдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған үй-ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады.
Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық сенім атмосферасында өскен бала жетекке онай жүріп, тәрбелік әсерге көнгіш болады.
Сонымен, отбасының тәрбиелік ықпал деңгейін былайша анықтауға болады:
Отбасының әлеуметтік құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылық-тын болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік, отбасылық және қоғамдық мерекелер, мәдени және спорттық демалыстар отбасының бірлігін нығайта түседі. Өсіп келе жаткан кішкентай азаматқа үлкен қуаныш сыйлайды.
Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын талаптың бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А.С.Макаренконың педагогтарға арналған тәрбиенің педагогикалық мақсат-міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге ортақ көзқарасы, ортақ қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөніндегі сөзін еске алуға болады.
Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын талаптың бірлігі өте маңызды.
Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. Ана өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің бірі-біріне кішіпейіл, қамкор қатынасы мен үйде жылы атмосфераның орнығуына бірден бір себепкер болатын әйел – ана. Сондай-ақ әке - азамат, от ағасы. тәрбиеші, Парасатқа құрылған «әке-шеше» қатынасы баланың адамгершілік сапаларына жетудегі теңдесі жоқ үлгі- өнеге.
Отбасылық дәстүрлер. Отбасының рухани байлығы мен потенциалды - тәрбиелік мүмкіндіктерін онда қалыптаскан дәстүрлерге қарап анықтаймыз. Уақыт сынынан, өмір елегінен өткізілген отбасылық дәстүрлер бала тәрбиесіне аса зор ықпал етеді. Бұл отбасын ұжым ретінде нығайта түседі. Қалыптаскан өзара жауапкершілік пен тендік атмосферасы баланың өзімшілдік, жалқаулык, дәрменсіздік, канағатсыздык сияқты жаман қасиет-терден аулақ болуға баулиды.
Отбасындағы еңбекке қатынас. Үйдегі барлық отбасы мүшелеріне орған жұмыстарға үлкендермен бірге араласа отырып, бала әркімнің өзіндік міндеті бар екенін, оны орындау қажеттігінің маңызын байқайды.
Үлкендер де балалар да не істегісі келсе соны істеп қана қоймайды, сонымен бірге оны тек өзі үшін ғана емес басқалар үшін
жасайтынын, яғни, отбасы ұжымының барлық іс - әрекеті ортақ қажеттілікке бағынатындығын саналы түсінеді.
Отбасындағы өсіп келе жатқан жеке тұлғаның қалыптасуына отбасындағы көңіл=күйге қатысты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор. Кейбір отбасында барлық жағдай байыппен ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасыларда жәй әңгіменің өзі ұрсы-керіспен балаларға дауыс көтерумен шешіледі.
Осынау атап көрсетілген тәрбиелік ықпалдың дұрыс жүзеге асуы отбасындағы балаға берілетін өнегенің нәтижелі болуының айғағы деуге болады. Неге десеңіз, отбасы - баланың сезім мектебі. Ондағы ересектердін әрбір іс-әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып, бойына жұқтырады. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық, достық, жанашырлык, адалдық, өзара көмекі байқайтын болса, бұл бала жүрегіне адамгершілік - ізгілік сезімдерін құяды. Ал керісінше дау-жанжал, өсек, өтірік, немқұрайдылық бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса, бала санасын улайды.
Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекті педагог Я. А. Коменский оқушылар аз оқып, көп білетін дидактика әдісін табуды армандаған болатын. Коменский-дін, негізгі ойы оқушылардың өз бетінше оқуына күш салу болатын, өйткені тәжірибелі деген мұғалімнің өзі оны алмастыра алмайды. Қазіргі кезде нақты айқын болып отырған жайт, біз мектепте, жоғары оқу орындарында қаншама қажетті және пайдалы білім бергенімізбен, адам оны үнемі толықтырып отыруға тура келеді; сондықтанда қазіргІ педагогикалық, және қоғамдық-саяси әдебиеттерде «үздіксіз білім алу», «мамандықты жетілдІру» «өз бетіңше білім алу» ұғымдары кездесетіні тегін емес.сонда ғана ол тиімді оқу енбегіндегі іскерлік пен дағдыны оқушыларға дарыта ал-ады
.Адамның атқаратын жұмысынын, мелшері мен сапасы, оның жұмыс қабілеттілігіне (нақты жағдайға қарай —дене және ой қабілетіне) байланысты екендігі түсінікті. Өз кезегінде жұмыс қабілеттілігі болмашы себептерге де байланысты. Мәселен, сабақтын ауасы тар бөлмеде өткізілуі; адамның бүгін ұйқысы қанбауы; танертең ыстық тамақ ішудІң орнына буторбродты қанағат түтуы немесе мүлде тамак ішпеуі, серуендеп демалудың орнына телевизор алдында үзақ түн отыруы т. Б
. Сонымен қоса жүргІзілген эксперименттердің көрсеткеніндей, осы себептердін. қай-қайсы болмасын, әсіресе олардьта барлығы жинала келгенде бІздін. жұмыс қабілеттІлІгімізге едәуір әсер етеді екен. Мәселен, желдетілмеген бөл-меде сабақ өткізгенде ой енбегінің керсеткіші 5—7% кемиді екен.Тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың зор маңызы бар. Күні бойы үш-төрт рет тамақтанған жөн: таңертеңгілік ыстық ас ішіп, жатар алдында аздап қана тамақ-танған дұрыс. БІр қарағанда, өте қарапайьш ереже секілді. Бірақ оньщңөзі қаншалықты жиі бұзылады десеңші, оньң өзІ алдағы ұзақ мерзімді жоспарыңа да (жоғарыда айтылғандай), сондай-ақ ой қабІлетіңе де қолайсыз әсер етеді
Жұмыс қабілеттілігін анықтау ушін оның өзінде қай уақытта жоғары, қай уақытта төмеи екендігін білген дұрыс, ол үшін өзіңе бақылау жүргізу, әр түрлі жұмысты тәуліктің әр мерзімінде атқарып көру қажет. Жұмысқа-білеттілік жоғары болу үшін ұдайы демалып, жүмыста қысқа уакыт үзіліс жасап отырудың қажетті екендігі есте болуы тиіс. Уақытты өзіңше жоспарлағанда (мәселен, үйде сабаққа әзірленгенде), әр сағат жұмыс Істеген сайын 5—7 минуттай үзіліс жасап отырған жөн. Жұмыс түрі ауысқанда үзақ үзіліс жасаған қолайлы.
Уақыт — кез келген режимнің негізі, бірақ режимнің өзі емес. Режим үғымына өзара байланысты және жеке адамньщ ерекшелігі ескерілген жұмыс күнінін. тәртібі, тамақтану, ұйықтау жатады. Әрине кез келген режим — өзіанің бос уақытыңды әдейі, саналы түрде шектеу, бос уақыт дегеннің өзІ де «саналы түрде шешім қабылдау»1 қажеттілігінен туындайтыны ақиқат. Жоғарыда айтылған жайттармен қоса адам өзін-өзі тану, өзіне-өзі бақылау жасау арқылы ғана режимнің керек, қажетті екендігін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, стихиялы өткізуден аулақ болады.
Уақытты ең қолайлы жоспарлаудың өзі жеке жұмыс техникасын, яғни стихиялы түрде (жақсы үлгіге еліктеу нәтижесінде) немесе сол еңбекке қатысты белгілі бір эрекетті, біздің жағдайымызда — оқу енбегін мақсаттытүрде атқара бІлуге қалыптаскан жағдайды алмастыра алмайды. Жаппай жүргізілген экспериментте, арнайы үйрену (ез бетінше үйрену де) арқылы оқу жылдамдығын 3—15 есе арттыруға болатындығы аңғарылды. Соңғы цифр таңқаларлық болып көрІнуІ мүмкін, алайда мұнын, өзІ әбден мүмкін екендігі айқын.
Кітап әлеміндегі негізгі информация көздерін меңгеруде өзіңдІ сенімді сезінумен қоса, библиографиялық жазбаларды дәл жүргізудің де зор манызы бар. Кейде студенттер уақыт үнемдеу үшін, әдебиет деректерін шамалап жазып, кейін кітапханаға тағыда келіп анықтап алармын дел ойлайды. Бұлай істеу, әрине, мүмкін болғанымен, оның өзі шындығын айтқанда уакьітты тиімсІз пайдалану болып саналады. ӘдебиеттердІ тиісті ережеге сәйкес өте дәл жазу қажет.
Конспект, яғни әдеби түпнұсқаны ықшамдап көшіру немесе ауызша лекцияны жазу; әдетте қағаз шетіне немесе арнайы белінген орынға өз ойың тіркелуі мүмкін. Бұл нағыз «студенттік» жазба түрі, ол кейіннен емтихан немесе зачет тапсыру үшін қажет, онда материалдар ойылуға тиісті сұрақтар ретімен орналасқан. Конспектінің алдағы творчестволық жұмысқа және қайталап қарауға қажеті шамалы. Сілтеме карточкалар, мазмұндамалар т. б. бұл материалды толықтыра түседІ.Реферат әдетте конспектіден гөрі ыкшамдау және онда ең негізгілері ғана қамтылады. Әдетте жазылған рефератты немесе дәптерді нөмірлеп, оларды жүйелік белгілері бойынша картотекаларға орналастырылған карточкаға тіркеген жөн.Қарапайым және күрделі жоспарлар бір-бірінен толықтығымен ерекшеленеді. Олар нақтылы бір түпнұсқада не туралы әңгіме болғандығын еске тусіруге мүмкіндік бергенімен, фактілерді дәл алуға жеткілікті көмектесе алмайды. Дәлірек айтқанда қарапайым жоспардың бір түрі — кітапты сипаттап жазатын карточка, онда осы кітаптың мазмұны да келтІрІледі.Жазба түрінің еқ ыңғайлысы, бірақ оған дағдылануды қажет ететіні — каталогтық карточкаға жазу. Ондағы өз сөзі толықтығы әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін, әрі картотекаға орналастырылып, курстық, дипломдық жұмыстар үшін, лекция немесе баяндама үшін кез келген уақытта алуға болады. Мұндай карточкалар лекция немесе баяндама жасаушылар үшін да өте қолайлы. Онда материалдардың қысқаша тұжырымдалуының Іске ешқандай бөгеттігі жоқ. ТІптІ ықшамдалған жазбаның өзі есте сақтауға өте сенімді, әрі сол арқылы басқаларын да еске түсіруге болады.
Жас ерекшелігіне қарай жүргізілген зерттеулердіц көрсеткеніндей, адамның жиырма жастар шамасындағы таза механикалық есІ тез әлсірейді, кейде мұның өзі одан да ертерек байқалады екен.Алайда, логикалық есті, әсіресе кәсіби іске байланыстысын, үнемі жетілдіруге болады. Ес жұмысының техникасы, есте қалдыру амалдары — арнайы, әрі үлкен мәселе. Біріншіден, мынаны білген жөн: бұрын жадыңда қалғанның барлығы естің кейІнгі жүмысының негІзІ бо-лады — адам неғұрлым көп білсе, онын алдағы уақытта есте сақтауы да оңай болады. Адамның есте сақтау көлемін іс жүзінде шексіз деуге болады. Сондықтанда, мәселені, «артық материалдарды өз жадында тықпалама»делінетін жиі айтылатын ұсыныстьщ мәні сол, есте сақтау үшін арнайы жұмыс, уақыт қажет.ЕкІншіден, адамнық есте сақтауы каншалықты жақсы болғанымен, бәрібір ұмытатындығы, сондықтан қайталауға тура келетінін ескеру қажет. Ұмытудын, да бұрыныан белгілІ заңдылығы бар, оның өзі материалды қабыддаудьщ алғашқы уақытында (әсіресе алғашкы сағатында, сонан соң күнінде) күштірек болып, кейіннен ұмыту қарқыны бәсеңдейді. Демек, ұзақ уақыт ұмытпау үшін материалды қайталау қажет. Адамның басқа қасиеттерІ секілді есі де біржола маңдайына жазылмайды, ол дамып, өрістей алады. Ол үшін материалды ұдайы жаттау, қайталау, ұмытылған-дарын еске түсірумен ұдайы шұғылданып отыру кажет. ӘрбІр студент өзіне аудиториямен тығыз байланыс жасаудың және өз бетінше жұмыс істеудің дұрыс формасын ойластыра білуі тиіс. Мұдайда екі түрлі жағдайдың ерекше маңызы бар. БіріншІсі, осының алдында ғана айтылған — ұмыту заңдылығын ескеру, материалды қайталауға уақыт бөлу. ЕкІншІсІ—аудиторнялық және өз бетІнше жұмыс істеудің уақытша ара қатынасы.Студент өміріндегі ең қауырт кезең — зачеттық-емтихандық сессиялар. Мұндайда ең алдымен режимдІ қатайту қажет. Бұл кезде күнделіктІ ұйқыны 1 —1,5 сағатқа ұзартқан, егер мүмкіндік болса күндіз кез шырымын алған жөн. Әдетте, систематикалық курсты қайталаудың қолайлы негізі конспект болып саналады, сондықтан қайталауды да содан бастау кажет. Әдетте билеттерде бір-екі сұрақ теориялық материалдардан, ал соңғысы — есептер, мысалдар шешуге т. б. арналады, бірақта пән ерекшелігіне қарай өзгерістер болатыны, әрине сөзсіз. Ерекше есте болатын жайт, теорияны оқып-үйренудің өзі тек есептерді шешуге ғана әзірлейді. Білім (теория) мен дағды (есептерді шешу) арасында тікелей байланыс жоқ, олардың қайсысына болсын мақсатты тұрде әзірлену қажет. Сырттай бақылаудың ешқайсысы өзін-өзі жақсылап тексерудІ алмастыра алмайды, солай болғанның өзінде көпшілік студенттерге жолдастарымен бірге даярлану көмектеседІ. Оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру барлық студент-терге, олардың оқитын саласына қарамастан маңызы бірдей. Мұның әсіресе болашақ мұғалімдерге ерекше қажет екендігі сөзсіз.
В. А. Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді.« Балаларға іскерлікпен, табанды түрде айтылған жақсы сөздің — деп жазды А. С. Макаренко,—орасан зор маңызы болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формалармызда әліде көптеген- қателіктердің болуы, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің ерік жігеріңіздің, сіздің мәдениетіңіздің, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет» .Балалармен қарым-қатынас жасау — бұл толассыз творчество.
Бір сабақтың өзінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемалар туындайды. Осының барлығы қасқағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне сондықтанда педагогикалык, қарым-қатынас — әрине, творчество. Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрен — оның жеке басының жай-күйін, жалпы психологиялық жағдайын, ең ақырында, өзіңнің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігінді ескер.
Мұғалімнің қарым-қатынас жасау творчествосындағы тағы бір жағдай — бұл творчествоның өздігінен реттелетін процесі өзіңнің психологиялық күйіңді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзіңнің творчестволық сезіміңді шабыттандыру, әр қашан шат көңілді, әрі оптимист бола білу. Алғаш рет педагогикалық практикаға келгенде педагогтар, балалармен творчестволық қарым-қатынасты қалай ұйымдастыратынына назар аудару керек. Оны мынадай программа бойынша қолға алуға болады:


  1. Бірнеше мұғалімнің сабағына қатысып, қарым-қатынас үндестігіне,балалардық көңіл-күйіне, сабақтың жалпы ахуалына және мұғалімнің мінез-құлқына қарап, онық балалармен өзара әрекетін анықта. Алған әсерің жайлы практикант жолдастарыңмен пікірлес және осыңдай өзара әрекеттің, тұтас көрінісін жасауға тырыс.


  2. Сабақты талдай отырып, мұғалімнің балалармен қалай қарым-қатынас жасайтьшдығын, қандай амалдарды пайдаланатындығын, олардың оқу-тәрбие міндеттерін шешуге қаншалықты көмектесетіндігін білуге тырыс.


  3. Әр түрлі мұғалімнің оқушылармен қарын-қатынас мәнерін өзіңе «лайықтап» кер, соның ішінде өзіңнің жеке басыңа сәйкес келетін осындай қарым-қатынас «технологиясын» анықта жәнеде қайсысы келмейтіндігін біл.


  4. Тәжірибелі педагогтардың тәлім-тәрбие шараларына қатысып, олар балалардың көңіл-күйін, дербес ерекшеліктерін т. б. қалай ескеретіндігіне, осының барлығы қарым-қатынасқа қалай ықпал ететініне назар аудар.


  5. Бірнеше мұғалімнің сабағына қатысып, олардағы жалпы ахуалды салыстырып, бұлардық бір-бірінен өзгешелігін, бұл өзгешеліктің себептерін білуге тырыс.


  6. Педагогикалық практикада сіздерге педагогикалық сыр-сипатын, толып жатқан сүрлеусіз жолдары үнемі кездесіп отырады. Осындайда балалармен қарым-қатынас жасаудың творчестволық «қадамдарын» талмастан іздестір.


Педагогикалық қарым-қатынас қандай функцияларды жүзеге асырады? Қарым-қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын информация беруге, қарым-қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басьш тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.

Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:


  • мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;


  • мұғалімпің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;


  • оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;


  • коллективтік танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың «психологиялық жағдайының пайда болуы;


  • жеке адамның тұтастай танымдық бағытталушылығын қалыптастыру;


  • оқу әрекеті процесінде (танымдык, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық т. б.) психологиялық кедергілерді жеңу;


  • оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудыд мүмкіндігі;


  • окушылар коллективіндегі өзара қарым-қатынасты ойдағыдай қальштастыру.


Қарым-қатынасты оқытудың дамуы функциясының жүзеге асырылуы:




  • оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік психологиялық негізін орнату;


  • жеке адамның дамуының қозғаушы күш ретінде көрінетін қарама-қайшылыктық диалектикалық жүйесін орнату;


  • жеке адамнын, өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;


Сабаққа әзірленген кезде және оның нақты міндеттерін, жұмыс түрлерін тұжырымдағанда, сабақ конспектісін жасағанда ойластырылып, онда эмоциялық нұсқа да, жалпы психологиялық жағдай да т. б. көрсетілуі тиіс. Бірте-бірте бұл күрделі процесс өздігінен жүзеге асырылатын болады.


Қарым-қатынас инициативасында табысқа жетуде тұрақты және тексерілген әдістер:

  • класпен бастапқы байланысты жедел ұйымдастыру;


  • ұйымдық шаралардан (амандасу, отырғызу т. б.) нақ-ты іс пен жекелей қарым-қатынасқа дереу ауысу;


  • бастапқы өзара қатынастағы ұйымдық және мазмұнды аспектілердің арасында ешқандай іркілістің болмауы;


  • кластағы әлеуметтік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, «біз» деген ортақ сезімді қальштастыру;


  • балалармен бірлескен әрекеттегі жеке аспектілерді енгізу;


  • жекелеген оқушылардағы жаттанды және келеңсіз құбылыстарды жою;


  • класпен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;


  • өзара қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде коллективті жұмылдыруға ықпал ететін міндеттер мен мәселелерді қою;


  • педагогикалық талаптарға қолайлы келетін жайттар-ды болдырмау және жөн-жоба беретін педагогикалық талаптарды ұлғайту;


  • сыртқы коммуникативтік түрлерді: ұқыптылықты, жинақылықты, белсенділікті тілектестікті жарқын жүзділікті т. б. қамтамасыз ету;


  • өзара әрекеттін, сөздік және жазбаша құралдарын жүзеге асыру, мимиканы, микромимиканы, көзқарас байланысын т. б. барынша енгізу;


  • балаларға деген оң көзқарасыңды, тілектестІгіңді көрсете білу;


  • айқын, тартымды іс-әрекет мақсаттарын қою және оған жету жолдарын көрсету;


  • оқушылармен шат көңілді, қуанышты жағдайда өзара түсінісе білу;


  • оқушыларда өзара түсінісушілікті, мұғаліммен жалпылама пікір алысуды қалыптастыру.


Оқушылармен қарым-қатынас процесі неғұрлым тиімді болуы және балалардық психикалық күйінде ұдайы болып тұратын өзгерістерге сәйкес келуі үшін, мынадай жайттар үсынылады:




  • қарым-катынас жасайтын балаларға ілтипатты бол;


  • коммуникативтік есті дамыт;


  • балалармен қарым-қатынас жасағанда өз бақылауыңды дамыт;


  • әңгімелесушінің жауабын! әрқашан алдын ала біліп отыруға тырыс;


  • оқушылардьщ сырт мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, қимыл әрекетін, мимикасын, сөйлеу мәнерін талдай біл;


  • балалардың, «психикалық сигналдарын» мінез-құлқының сырт керіністері бойынша қабылдауды және дұрыс түсіндіріп беруді үйрен;


  • қарым-қатынас процесінде кіммен қарым-қатынас жасап отырғаныңды үнемі ойлағаның жөн;



Адамдармен қарым-қатынас жасаудың екі әдісі немесе ұйымдастыру типі болады: өзіңнен және өзгеден. Біз көбінесе қарым-қатынасты өзіміз ұйымдастыруға тыры-самыз — мұның өзі ыңғайлы, әрі бізге жеңіл сияқты болып көрінеді. Ал шындығына келгенде қарым-қатынастың мұндай тіпті көпшіліктен қолдау таба қоймайды.
Белгілі совет психотерапевті В. Леви адамдармен байланыс жасауды бастаған кезде білуге тиісті мынадай есепттерді тұжырымдайды:

  • аз уақытқа болса да өзіқ туралы, өз мұқтажың туралы ойлағанды қоя тұрып басқалар туралы, соның мұқтажы жайлы ойлағаның жөн;


  • сенің басқалар туралы нақты ойың, сенің олармен қарым-қатынасың қате болуы мүмкін екендігі есіңде болсын, басқалар туралы білмейтініңді білуге тырыс;


  • әрбір ойластырған нәрсең ұнамды, тартымды немесе жұрт таңырқайтынд



  • ай болсын, бақылағыштықты және жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыруға тырыс.

Педагогикалық қарым-қатынасты Іс жүзінде ұйымдастыру үшін тікелей әрекеттің жалпы логикасы мен «технологиясы» қандай екендігін білудің ерекше маңызы бар. Бұл туралы неғұрлым толығырақ айтқан жөн, өйткені коммуникация «технологиясын» жете түсінуді қажет ететін толып жатқан компоненттерден тұрады.
Міне, сон-дықтанда педагогикалық қарым-қатынастық жалпы творчестволық кезеңдерінде керсетілген секілді, бірлескен әрекеттің — қарым-қатынастың біртұтас процесін бірнеше сатыға бөлген қолайлы. Мұның өзі практика кезінде оларды бірте-бірте меңгеруге көмектеседі.Кәсіптік-педагогикалық қарым-катынаста оқушының толғаныс процесі мен сезімін жаңғырту күрделене түседі, себебі мұғалім оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, ал ұжымның эмоциалық толғаныс моделін жаңғырту әрқашанда қиынға түседі. Өйткені әрбір оқушының жекелей және ұжымның тұтастай сезім ерешелігін білуге тура келеді.
Алайда бұл кезең өте маңызды, өйткені оның өзі қарым-қатынасты меңгеруге мүмкіндік береді. Педагогикалық практика мынаны көрсетті: жекелеген окушылардьщ хал-ахуалын бағдарлай білетін мұғалім, тұтастай кластағы эмоциалық көріністі де ойдағыдай жаңғырта алады.Педагогикалық қарым-қатынастың келесі сатысы — ауызша қарым-қатынас — мұғалімнің оқу материалын баяндауы. Бұл процесс өте күрделі: педагог, мәселен, жаңа материалды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселе туралы бейнелі «көрініс» жүйесін қоса баяндайды.
Мәнерлі айқын сөз, анықтаманың дәлдігі және сонымен қоса әсерлілігі, баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу— осының барлығы кез келген мамандықтағы педагог үшін өте қажетті. Бейнені елестете білу В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық қарым-қатынас жүйесіне тән. Ол «құлакпен қаншалық естісең, көзбен де соншалық көре білу керек» деген болатын. Балалармен педагогикалық қарым-қатынастың тағы бір кезеңІ — кері байланыс, оның өзі мазмұндық, сондай-ақ эмоциалық тұрғыда жүзеге асырылады. Кері байланыс — қарым-қатынастың кез-келген процесінің қажетті компоненті, ал педагоғикалық қызметте оның принциптік, кәсіптік сипаты бар. Қарым-қатынастағы тұрақты әсер ететін кері байланыс оқу материалын менгеру денгейін айқындауға, сабақтағы жалпы жағдайды, ондағы психологиялық ахуалды, балалардың көңіл-күйін, олардың өзара әрекетке әзірлігін т. б. білуге жәрдемдеседі.
Өйткені кейде балаларға көз жүгіртіп шыққанның өзінде ғана, олардың жаңа материалды қабылдауға қаншалықты әзір екендігін, жұмысқа бірден кірісе алатын-алмайтындығын, оларды материал қаншалықты қызыктыратындығын т. б. сезуге болады. Қарым-қатынаста тұрақты әрекет ететін кері байланыс балалармен тиімді өзара әрекетті дұрыстап ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
Педагогикалык практика кезінде балалармен жұмыс істегенде өзіңе мынадай бақылаулар жүргіз:
  • өзіннің оқушылармен қарым-қатынасыңда кері байланыс барма, ол қалай байқалады;


  • оқушылармен қарым-қатынас барысында сіз олардын, көңіл-күйін, ықыласын, жұмысқа әзірлігін т. б. сезіне аласың ба;


  • класқа кірген кезде сырттай шолу арқылы ондағы ахуалды байқа;


  • балаларға бір нәрсе жайлы әңгіме айтқанда, сөзге зейін қоймайтындарды аңғаруға тырыс.


Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:


а) мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері; б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі; в) педагогтың твочестволық дербестілігі; г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері. Мұндағы атап көрсететін жайт, педагогтың балалармен қарым-қатынас стилі — бұл маңызды әлеуметтік және өнегелік категорыя
. Мұның өзі қоғамның және онын, өкілі ретінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік-этикалық мақсаттарын көрсетеді.Достық ықылас негізіне құрылған педагогикалық қарым-қатынас стилі де едәуір табысты болып, оның өзі бірлескен оқу-тәрбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді.
Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасындағы осындай стилдің тиімділігін атап көрсете келіп айтарымыз, қарым-қатынас процесіндегі достық ықыластың да, сондай-ақ кез-келген эмоциалық көңіл-күй мен педагогикалық нұсқаудын, да белгілі бір шегі болуы тиіс. Ең кең тараған қарым-катынас стиліне дистанциялық қарым-қатынас жатады. Мұны тәжірибелі педагогтар да, жас педагогтар да жиі пайдаланады. Бүл стилдің мәнісі мынада: педагог пен оқушылардың өзара қатынас жүйесінде маңызды көрсеткіш ретінде дистанция көрініс тауып қарым-қатынастың барлық саласына енеді: оқытуда —«сіз білмейсіз — мен білемін », тәрбиелеуде —«мені тыңдаңдар — мен үлкенмін, тәжірибем бар, біздің позициямыз бөлекше» т. б. Педагог пен тәрбиеленушілердің өзара қатынас жүйесіндегі мұндай қалыптан тыс дистанцияның болуы мұғалім мен оқушылардьщ әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі бүкіл жүйені формализмге ұшыратып, нағыз творчестволык. жағдайға ықпал етпейді .
Мұндай қарым - қатынас өте қажет, алайда оның өзі қарым-қатынастың басты критериі ретінде мұғалімнің әкімшілік жолмен мәжбүр етуі бойын-ша мақұлданбауы, қайта оқушылар мен педагогтың жалпы қатынас жүйесіндегі бірлескен творчестволық процесінде оқушылардың өздері жете түсінетіндей дәрежеде болуы тиіс.Қорқыту арқылы қарым-қатынас жасау шын мәнінде творчестволық қызметті қамтамасыз ететін коммуникативтік жағдай туғызбақ түгіл, керісІнше, оны шектейді.
Оның өзі көп жағдайда істеу керек екендігін емес, не істемеу керек екендігі жайлы нұсқау береді де, балалардың творчестволық ізденісін де, олардың ұсынылған оқыту методикалары бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін де, әсіресе мұғалім мен оқушылардың бірлескен ізденісін де шектейді. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас жасаудын да көптеген қолайсыз жақтары бар.
Мұндай қарым-катынас жасау тағы да жас мұғалімдерге тән және де онын өзі педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыра білмеуден болады. Шын мәнінде қарым-қатынастың бұл түрі балалар алдында жалған арзан бедел алуға тырысудан болады да, педагогикалық этикаға қайшы келеді.Біздің байқауларымыздың көрсеткеніндей, әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас мынадай себептердің нәтижесінде пайда болады: а) педагогтың өзінің алдында тұрған жауапты педгогикалык міндетті түсінбеуінен, б) қарым-қатынас дағдысының жоқтығынан; в) класпен қарым-қатынас жасаудағы «қорқақтык» және сонымен қоса олармен байланыс орнатуға тырысушылық.
Бұдан байқап отырғанымыздай, мұндайда педагогтық қажетті қарым-катынас амалдарын білмеуінен болатын өз технологиялық себептер жетекші роль атқаратынын көреміз.Педагогикалық жұмысты тастаған мұғалімдерден сұрау салғанда, олардың көпшілігі өздерінің коммуникабельділігі жоқ немесе шамалы коммуникабельді екеңдігін мойындаған. Басқа адамдармен қарым-қатынас фактісінің өзінен-ақ, оның жеке адам табиғатына үйлесе бермейтіндігін, демек, кәсіптік-дербес сапаға ауыса ал-майтындыгын аңғарамыз
. Тұрақты, ұзақ қарым-қатынас — педагогикалық кызметті біз осылай түсінеміз — коммуникативтігі жоқ адамдарды қалжыратып, тітіркендіредІ, демек олардың мектептегі жұмысын қиындатады.Сабақ процесінде студент тобы өзінше «оқушылар класы», ал оның әр мүшесІ кезегімен мұғалім ролін атқарады. Шамамен алғанда мынадай жаттығу тақырыпта-рын қолдануға болады: аудиторияға кіріп, терезені ашыңыз да, тақтаға бүгінгі ай мен күнді жазыңыз, осыдан кейін материалды сәл ой елегінең өткізіп, столға отырыңыз; кітапты немесе класс журналын ашыңыз; есікті ашыңыз; аудиториядан шығыңыз; осы әрекеттерді жылдам ырғақпен қайталаңыз.
Кездейсок тапсырмаларды енгізе отырып сол қарапайым педагогикалық жаттығуларды орындау. Столға отырып, кітапты ашыңыз (кенеттен есік тықыл-дады)—көңіл аударыңыз және әрекет етіңіз; сіз тақтаға жазып тұрсыз (кенеттен терезе ашылды)—әрекететіңіз т. б.Аудиторияда жүрген кезде ішкі ырғакты іздестіру: бірі қозғалыс ырғағы, екіншісі, ырғақты тез ауыстыру т. б.; педагогикалық әрекет мазмұнына сәйкес алдыңғы немесе кейінгі ырғақтың себебін түсіндіру қажет.
ӨзгермелІ жағдайлардағы әрекеттің бірізділігі мен мақсатқа сәйкестігіне арналган жаттығулар. Аудиторияға кіріңіз (әрі қарай барлық тапсырманы жетекші береді): іске кірісе бастаңыз, кіріспе тапсырма (аудиторияның шетінде шуыл естіледі)—көңіл аударыңыз; сіз тақтаға жазьш тұрсыз — есік тықылдады, сіз есікке беттедіңіз — осы кезде аудиторияда шуыл естілді — көңіл аударыңыз т. б.; тапсырманы орындағаннан кейін студенттің бөгеуілді қалай бағалағанын, олар ойластырған бөгеуілде өз әрекетіңнін, қаншалықты дәлдігін және бара-барлығын түсіндіру қажет.
Бүкіл бұлшық етіңді босату және бірте-бірте қатайту жаттығуы. Онға дейін санай отырып бүкіл бұлшық етіңді босат, содан кейін беске дейін санай отырып қатайт, бү-кіл бұлшық етіңді босат (басыңнан бастап аяқ саусақтарыңа дейін), содан кейін оларды кер (есептеу шартты түрде болуы, әрі өзгеріп тұруы мүмкін). Аяқ бұлшық етіңді әрі қарай басыңа дейін босат, содан кейін бүкіл денеңді кер және қайтадан босаңсы (әуелі еркіқше, содан соң есептеу арқылы); сол аяғыңды кер — бұлшық ет энергиясы қалай таралғанын, оң аяғыңның керілген - керілмегенін тексер, барлық денеңдегі керілуді босат, сіздің бұлшық ет «бақылаушыңыз»— арқаңызда және баска да дене мүшелеріңізде керілудің баржоғын тексерсін. Әр түрлі есептеулерде (25, 15, 10, 5) жаттығулар жаса.
Қатайту объектісін тез ауыстыру жаттығуы — дененің бір бөлігін тез арада қатайтуға негізделген; осы секілді жаттығуларды жайлап жүріп, тез жүріп жаса.
Ықтиярлы зейінділік, байқағыштық және жинақылык; дағдыларды дамыту жөніндегі жаттығулар. Естілген дыбыстарға кезегімен құлақ тік: аудиториядағы, аудитория есігінің ар жағындағы, терезе сыртындағы — оларды ата; бөлмедегі және терезе сыртындағы дыбыска құлақ тік — оларды ата; коридордағы, аудиториядағы және терезе сыртындағы дыбыстарға бір мезетте құлақ тік — оларды түсіндір т. б.
Қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын дамыту. Аудиторияға кіріп, ондағылармен амандас; класқа кіріп, ешбір сөзсіз-ақ — мимика, пантомимика, көзқарас арқылы өзіңе зейін аударт. «Оқушыларға» өтініш, талап, ескерту, мадақтау, күлдіргі, әзіл, ишара бұйрық, тілек т. б. түрде сауал қой; қажетті дауыс ырғағын табумен қоса, мимикалық-пантомимикалық мәнерді де дұрыс келтіре білу қажет; еркіндігіне назар аудар жәнеде бұлшық еттегі артык ширығуды кетір.
Дауыс ырғағын келтіре сөйлеу жөніндегі жаттығулар. Әр түрлі сөйлем беріп, студенттер ойластырған педагогикалық жағдайларға байланысты түрліше мәнермен айтып шығу тапсырмасы қойылады. Мысалы, «мұнда кел», «тапсырманы орындадың ба?», «зейін аударуыңызды сұраймын», «иә», «рахмет жаусын» т. б.; сөйлемді сту-денттердің өздері де ойластырады.Студенттерге кез келген проблема бойынша тосыннан қойылған сұраққа тез жауап беру ұсынылады, мұндайда ойлануға уақыт берілмейді (спонтандық коммуникация дағдысы дамытылады).
Қарым-қатынас жүйесін анықтау және нақтылау жөніндегі жаттығулар. Кеше дау-дамай болған аудиторияға кіріңіз де, дұрыс қарым-катынас жүйесін табыңыз; осы жаттығудың екінші варианты — әуелі этюд орындалады, содан кейін оны психологиялық-педа-гогикалық тұрғыда түсіндіреді; жазықты болғанмен сөйлес. Сөзбен қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру жөніндегі жаттығулар, Класқа кіріңіз де, ондағы коммуникативтік жағдайды бағдарлаңыз; осыдан бұрынғы қарым-қатынас ахуалын еске түсіруге тырысыңыз, аудитория назарын өзіңізге аударыңыз, әрбір адаммен қарым-қатынас жасауға іштей әзірлене отырып, аудиторияға мұқият көңіл бөліңіз, осыдан кейін тікелей сезбен ықпал етуге кірісіңіз
Сөз техникасы мен логикасы, оның мәнерлілігі мен эмоциалдығы жөніндегі жаттығулар. Бұл жаттығуларды арнайы шығарылған қолайлы құралдарда көрсетілгендей жолмен жасауға болады .
Қысқа диалог бойынша жаттығулар. Оқушылар жүпқа бөлінеді, оның біреуі — педагог, екіншісі — тәрбиеленуші. Оларға диалог үшін 5 минутқа тақырып беріледі, содан кейін олар ролін ауыстырады. Күрделенген варианты —диалогқа оқушы -педагогтардың импровизациялық комупикативтік ықпалына есептелген кіріспе тапсырма енгізіледі.
Кәсіптік-педагогикалық қарым - қатынас негіздерін қалыптастыру жөніндегі жаттығулар. Студенттер мектептегі, клубтағы бір-бірінің лекциясына қатысады да, сабақта оларды талдайды; студеттер оқытушымен бірге әр турлі шараларға, педагогтардың сабақтарына қатысып, жаттығу сұрақтары ретінде оларды талдайды.
Мектепте студенттер сабақтың барлық турлеріне қатысып, тәжірибелі педагогтармен кездеседі.
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық кызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы — педагогикалық практика. Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық практиканық ролін бір жақты қарастыруға болмайды. Теория мен практиканың байланысы педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытудық басты принципі ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың күрделі диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді.
Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері — оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Студенттердің педагогикалық практика алдында ерекше толқынудың басты себептерінің бірі— олардың өз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі кейбір практиканттардың оқушылармен дербес тәрбие жұмысына тез, белсенді, әрі ынталана кірісуіне бөгет жасайды. Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана алмай, өзін педагогикалык, қызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен тайсақтай бастайды. Мұндай құбылыс жиі байқалады. Тіпті ұзақ жыл ойдағыдай жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімнің өзі де жаңа класпен кездесер алдында әрдайым толғаңады. Кейде талантты мұғалімнің өзі нағыз дұрыс шешім таба алмайтын кездері болады. Ал, кейбір мұғалімдердің бір-екі жыл жұмыс істегенімен оқушылармен ортақ тіл таба алмайтыны, олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білмейтіндігі де жиі ұшырасады. Мұндай жағдайдың жиі болатын себебі, олар сүренсіз бір амалды ғана қолданады: тым қаталдығымен оқушыларға жек көрінішті болады, олардан оқшауланып қалады немесе керісінше, оқушылардың айтқанын мақұлдаймын деп олардың жетегінде кетеді.Педагогикалық практика процесінде болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қальштастыру міндеттері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет