Ақыл –ой тәрбиесі


Ақыл ой-тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің маңызы



бет4/8
Дата13.06.2022
өлшемі362.5 Kb.
#459201
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақыл ой тәрбиесі

1.3 Ақыл ой-тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің маңызы


"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене енбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның үштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық — ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну — біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»— деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: «Фактілер — ғылымның ауасы» десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: «Тәрбие негізі — ғылым, даналық негізі — білім» деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Ж.астардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адаэддықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді»; «Құдай деген құр қалмайды» деген кағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, кылығы түзде», «Қысыла, қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе — елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді мензейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі — қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек — адамның екінші анасы», «Еңбек түбі — бере-ке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір — сөнген көмір», «Еңбегі қаттының ембегі тәтті» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық — кісінің соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің, «Керқұла атты Кендебай» ертегісіңдегі Кендебайдың, «Күн астындағы Күнікей кыз» өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық «еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді» деп, жастарға үлгі-өнеге-етіп ұсынады.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Қорыта айтқанда халықтық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізде, алдымен дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар. Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы іспеттес.
 Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны мен міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алуы және оқуы әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой тәрбиесінен басталады.
Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады. (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).
Білім мен ақыл егіз. Білім – ақылдың ажары-көркі. Оны халқымыздың: «Ақыл азбайды, білім тозбайды» — деген мақалынан көруге болады. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет», — десе, «Білімді болу деген сөз, — ол белгісіз нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады»- деп түсіндірген.
С.Торайғыров, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» — дегеніндей қазақ халқының біртуар ұлдары, ағартушы-педагогтары да өз халқының сауатты, білімді және мәдениетті болуын аңсаған.
«Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп» (халықтікі).
«Білім мақсат емес, қару» — деп орыс жазушысы Л.Толстой айтқандай ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет екенін ұмытпауымыз керек.
Көне грек философы Сократ: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұятсыздық», — десе, оның шәкірті Платон: «Ештемені білмейтін және бірдемені білейінші деп талпынбайтын адам — өте жаман адам, оның бойына екі кесел бірден ұялаған»-дейді.
Ендігі жерде «Ой», «Ойлау» ұғымына келсек бұл өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы ұғым. Филисофиялық еңбектерде бұған анықтама әртүрлі пікірде, қарама-қайшылықта берілген.
«Бой жетпеген жерге ой жетеді,
қыран жетпеген жерге қиял жетеді» — деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, жастарды ойлай білуге, дұрыс ойлауға ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, баланың ой-өрісін дамытуда, ең алдымен айналадағы қоршаған дүниені-табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастағаны жөн». Бұл үрдіс бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Бұл бағытта отбасы, бала-бақша, мектеп, тіпті жоғары оқу орындарының атқаратын қызметі ерекше. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады.
Оқытудағы негізгі міндеттің бірі – адамзат ғасырлар бойы жасап келен ұшаң-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ол диалектикалық ойлау негізінде жүзеге асырылады.
Ал психология саласындағы еңбектерге келсек, «Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелейді – ретін және олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әртүрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс» — деген анықтама беріледі.
Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі. Ойдың ерекшеліктері оны қабылдауымен салыстырғанда айқын көрінеді. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.
«Ойлау дегеніміз белгілі бір дәрежедегі мидың дамуының нәтижесі».
«Ойлау – мидың желісі».
Ми жануарларда да бар. Одан адам миынан ерекшелігі, өмір сүрген ортасы, онымен қарым-қатынасы бар. Яғни, ойлау – қарым-қатынас нәтижесі. Ол үшін, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ойлау білуге ұйрету, дағдыландырулары қажет.
Ой-танымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерленумен және практикамен ажырамастай байланысқа түседі. Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісімен өзара байланысы танып біледі.
Ойлау – дүние құбылыстары мен заттарын олардың әртүрлі байланысы мен қатынастарында танып білу. Шындықта болатын байланыстардың себептік, мақсаттық, жағдайлық, қатынастың т.б. тәрізді категориясы адам тәрбиесінде танылып, белгілі тілдік формалар мен аталып отырады».
Қорыта айтқанда «ақыл-ой дегеніміз адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімімен бірге оның адамдық қасиеті».
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты қандай?
1. Жеке тұлғаның сана-сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту.
2. Адамзат жасаған заттық және рухани байлықтарды меңгеру. Оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру.
3. Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету. Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы: «Әртүрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себебтерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек»,- дейді.
«Ақыл енбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз…
Ақыл – мизам, өлшеу қыл», — дейді.
Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет деп сипаттайды Абай. [1]
Сонымен, ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы – тілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі.
Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны – оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдың даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық біліктілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
— ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
— ақыл-ой түрлерін дамыту;
— негізгі ойлау тәсілдерін меңгерту;
— зиялылық біліктерді қалыптастыру;
— дүниетанымды қалыптастыру;
Оқушы нақты оқу материалын – фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық сапасының тереңінен әрдацым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесідеп біледі. Тек ақылды адам ған терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ал алмайсың», «Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі.Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі естеған жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін мгеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Ақыл-ой психологиялық негіздері
Ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан оны жеке-жеке қарастырған жөн.
Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстард және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным – бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миының бейнелеуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой –түсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау – барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесіне тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер теу тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік. Нақыт және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойнау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту.
Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді баяндауда ойың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты………


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет