57
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы салдарынан руханият құндылығының
тоқырап, материалды құндылықтар легінің алға жылжуы болашақ ұрпақ
тәрбиесіне де әсерін тигізері сөзсіз. Сол себептен де жаңа кезеңде балалар
тәрбиесі руханият тұрғысында дамуы өзекті бір мәселелерге айналуда. Жас
ұрпақтың тәрбиесін жаңаша бағытта жүргізу мен рухани адамгершілігін
жетілдірудің барысында көп шаралар жосапарға алынып, кең түрде зерттелуде.
Ал қазіргі баланың болмыс-бітімі мүлде
басқаша дамып барады, себебі
әлеуметтік желіге тәуелділік басым. Ертегілер – бұл өміріміздің поэзиясы және
болашақтың да фантастикасы деуге болады. Ертегі терапиясы – психологиялық
және педагогикалық бағыттарда жүргізіліп отыратын шығармашыл үрдіс.
Ұлтымыздың тәрбиесі негізідеріне бағытталып жасалған дүниелерді мейлінше
көбірек қолданыстарға енгізуіміз – болашақ ұрпақты тәрбиелеуде игі әсері мен
пайдасын тигізері сөзсіз. Бұл зерттеуде ертегі терапиясы дамытушылық
педагогика және этнопедагогика, психологияның әдіс-тәсілі ретінде
қарастырылып, ойшыл ағартушы-ғалымдардың еңбектері мен психологтардың
зерттеулерінде талданып, зерттелу аясы дамып, рухани бір дамытушылық әдіс
сипатында көрсетіледі. Ертегі терапиясы – адамдардың ақыл-ойы мен рухани
байлығының ерекше ғажайыптарын жүзеге
асырудағы тәсілдері болып
анықталады [163].
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде балалардың ой-өрісі
мен қиялын, адамдар мен қарым-қатынас үлгілерін қалыптастыру кезінде
ертегінің атқарар рөлі зор. Балалар естігенін немесе оқып алған ертегілерінің
мазмұнына аса зор мән береді және оны өздерінің ойларымен қабыстырып, одан
әрі жеткізуге де тырысады. Кейіпкердің әрқилы істері мен таңғажайып бір
көріністер және теңеулер, оқиғаның қызықты бейнелеуі балаларды қызықтырып
әкетіп қана қоймайды, олардың ойлауының, қиялдауының дамыуына әсер етеді.
Мысалы, ертегілермен жұмысты жасаудың формасы сан алуан, ертегі
терапиясының мынадай мақсатты мен мәні бар:
-
ертегілердегі қиял, өміріміздегі қиялға толы сәттерді ұштастыру;
- қоршаған орта мен адамдар арасындағы қатынасты барынша ұғыну;
- өткен заман мен бүгінгі күн арасындағы сабақтастықты ұлттың танымы
мен құндылықтарын зерделеуге жетелейді;
- адамдар болмысын барынша тануға;
- ертегілер арқылы білім беру және тәрбиелеу.
Ертегілер – сиқырлы бір сөз. Ал сиқырлы сөздер – өзгерістердің басы. Ертегі
терапиясының мәні– адамдардың табиғат пен қоршаған ортадағы жаратылысты
танып, ізгілендіре алу, иманға үндеп, жылы-жылы сөздер мен мейірімділіктер
арқылы балалар жанын тыныштандыра алу, сөздер арқылы ем көрсету болып
анықталады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау
кезінде ертегі терапиясы
сабақтарының барысында баланың уақыт мен кеңістік жайлы, сонымен қатар
табиғат, адам байланысы турасында да алғаш түсініктер қалыптасады.
Ертегілердегі оқиға балалар санасына көше алады. Қиял-ғажайыпқа толы оқиға
я мейірімділіктер мен қатыгездіктер және жақсылықтар мен жамандықтар
58
туралы сөздер қозғалғанда, ең алдымен балалардың жүрегінен орын алады.
Балалар қоршаған айналаны өз ақылдарымен емес, жүректерімен таниды. Жақсы
және жаман бір кейіпкерлердің арақатынастары арқылы да балалардың өздік
көзқарастары қалыптасатыны анық. Ертегілер балаларға батырлықпен бірге
күш-қуатты береді. Жақсылық, мейірімділік туралы ертегілер баланың жүрегіне
жылулық сыйласа, қаталдық пен жауыздықты
бейнелейтін жағымсыз
кейіпкерлер баланы жігерлендіріп, өзін-өзі қорғау туралы сенім пайда болады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде қолданылып жүрген
ертегі терапиясы бұл тұлғалар дамуындағы экликалы әдіс, сонымен қатар
психология мен педагогиканың, психотерапия мен мәдениеттанудың,
философия мен әдебиеттің, логиканың жинақты синтезі болады. Ертегі
терапиясы – халық ауыз әдебиетінің үлгісімен үндесе келіп, фантазиямен
байытылатын шығармашыл әдіс деуге болады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау
кезінде баланың ертегілерге
деген қызығушылығын оңай аңғаруға да болады. Ертегі ол көркем әдебиеттерге
баулуға және балаларды тәрбиелеуге арналса, ал ертегі терапиясы тәрбиелеу
арқылы балаларды жөнге салып отыру, олардың көзқарастарын бағдарлап және
де ішкі бір әлемдерімен хабардар болып отыру және рухани әлемдерін байыту,
сонымен қатар баланың ішкі әлемін емдеу тәсілі болып саналады. Балалар
ертегілерді тыңдап және әсерленуі арқылы өзіндік ойларын қорытады. Түрлі
шығармашылық қабілеттерінің ашылуына да мүмкіндіктер алады. Ертегідегі бас
кейіпкердің барша кедергіден өтіп, ең соңында мұраттарына жетуі де
балалардың ертегіге деген, өздеріне деген сенімдерін арттырып, өмірінің нұрлы
әрі жақсылықты жақтарын да көруіне де табиғаттың да сыры мен ғажайыбына
қызығушылығын оятып алып, айналасын тануына да жол ашатыны сөзсіз.
Ертегі жалпы бұқараның көзқарасына негізделеді. Сондықтан оны бала да,
қарт та сүйіп тыңдайды. Ертегі тыңдап өскен бала өзінің алдағы өміріне дұрыс
бағдарлама қалыптастырып үйренеді. Ертегі кейіпкерлері батырлардың
болмысына қарап, ондағы оқиға желісін ой елегінен өткізіп, өз бойын түзейді.
Мектеп жасына дейінгі балаға
ертегіні тыңдатып қана қоймай, сол ертегідегі
кейіпкерлердің рөліне енгізіп ойнатуда өте маңызды. Себебі баланы ертегі
кейіпкерлері рөлінде ойната отырып, баланың жеке тұлғасы жан жақты дамиды.
Сонымен қатар бала ертегіні айту, қайталау, драматизациялау кезінде
монологтық және диалогтық сөйлеуі,
шығармашылық әлеуеті, қиялы,
коммуникативтік дағдылары, қабілеттері дамиды.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда шетелдік және отандық
ғылым тұрғысында мифологиялық және фольклорлық құбылыстарды зерттеуге
мен талдап сипатама беруге, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
сараптауына, қажеттісін таңдауға үйренуіне ықпал ету жолдары қарастырылады
Сонымен қатар фольклорлық материалды зерттеудің қажетті бірнеше әдістері
бар екені болашақ педагогтерге көрсетіледі:
- тарихи-географиялық әдіс;
- құрылымдық әдіс;
-
құндылық әдісі,