55
- сосын балалардың өздерінің өмірлерімен ұқсастықтарын табатындай
қылып, ертегілер еліндегі кейіпкерлердің өмірін суреттеу.
- ары қарай кейіпкерлерді балалардың нақты жағдайларына ұқсас келетін
проблемалы жағдаятқа қойып көріп, кейіпкерлерге балалардың барша уайымын
телу.
- ертегі кейіпкерлерінің басына түскен жағдайлардан шығу жолын
іздеттіру. Бұл үшін жағдайларды
барынша шиеленістіріп бастап, логикалық
жүйелілікпен аяғына қарай жеткізе отырып, кейіпкерлерді өзгеріске әкелулері
керек. Бала сол жағдайларды бастарынан кешкендермен ойша кездесіп, бұлар
осы жағдайдан қалай шығатындығын қарастырады; «психотерапевттің
фигураларымен» кезігеді.
- ертегі кейіпкерінің дұрыс емес мінез-құлықты түсінуі және оң өзгерістер
жолына бұрылуы. Психокоррекциялық ертегілерді құру кезінде балалардың
«жаман» мінез-құлқының жасырын себебін білу маңызды.
Психотерапевтикалық
ертегілер.
Психотерапевтикалық
ертегілер
проблемалы жағдаят пен болып жатқан окиғалардың мағынасын іздеу үдерісінде
кұрылады. Психотерапевтикалық ертегілерді кұру үдерісінде басты кейіпкердің
бейнесі өте маңызды.
Бұл бейне баланың өте маңызды, жасырын «Мені»
бейнелейді. Баламен бастапқы әңгімеден кейін, бір жағдайда, ертегі кейіпкердің
мінсіз «Мені» болады. Ертегі кейіпкері спонтанды түрде таңдалмайды. Басқа
нұсқада, басты кейіпкер бейнесінің негізіне психологтың, педагогтың жеке
қауымдастығы жатуы мүмкін, егер балаға мұқият қарасақ, онда бала мен ертегі
кейіпкерінің арасындағы ұқсастықты табуға болады [161]. Психологтардың,
педагогтардың өздері құрған, психотерапевтикалық ертегілер, балаларға
бағытталған болуы, психоэмоционалды
жарақат жағдайында, ата-ананың
ажырасуы және т.б. яғни болып жатқанның жағдайдың мағынасын түсіндіреді.
Медитативті ертегілер – жағымды, оң бейнелі тәжірибенің жинақталуы,
психоэмоционалды күйзелістен арылуы, өзара қарым-катынастың ең жақсы
үлгісін құруы, тұлғалық әлеуметті дамыту мақсатында құрылады. Медитация
қандай да бір үдеріске толықтай бату дегенді білдіреді. Сурет салумен, ойынмен,
жабыстыру ісімен шұғылданып отырған бала кандай да бір мөлшерде
медитативті күйде болады. Бір нәрсеге катты күйзелу бала жанының даму негізі
болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы балалардың
коммунативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлау кезінде медитативті
ертегілер, тұлға әлеуетін қолдауға, өзін-өзі жетілдіру мен қарым-қатынас
философиясын ашуға бағытталған. Ертегінің аталмыш түрі
адамның мінсіз
«Меніне» арналған. Олар болып жатқан окиғаның жарқын жағын бейнелейді.
Мұндай ергегілерді құра отырып, біз, егер адам өзінің ішкі ырғағы мен кейпіне
құлақ койғанда қалай өмір сүретінін, оның қарым-қатынасы қоршаған ортамен
қандай болатыиын, кандай сезімді бастан кешіретінін қиялдаймыз.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы балалардың
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлау үшін медитативті ертегі
курсы 10 немeсе одан да көп сабақ аралығында жалғасуы мүмкін. Релаксация
56
күйінде ертегіні тыңдап болғанан кейін балалармен олардың сезімін талқылауға,
ертегі бейнелерін салуға тұлғалық ресурс – біздің ішкі дүниеміздегі туындылар
жайында әңгімелесуге болады [162].
Сонымен бүгінгі күні психологиялық кеңес беруде «ертегі терапиясы»
немесе арт-терапия бағыттарының бірін қолданады. Білім беру мен тәрбиелеу
жағдайында ертегі терапиясы күн сайын сұранысқа ие болып, қолдану аясы
кеңейіп келеді. Бұл ертегі сезімі бірден екі деңгейде, саналы және бейсаналық
деңгейлерінде түсінілетіндігімен байланысты.
Қазақстандық зерттеуші Э.В.Исхакова «Жеткіншектер және жасөспірімдер
мен психологиялық жұмыстын әдісті ретіндегі ертегі терапиясы» еңбегінде:
«Ертегі терапиясы әдістің түрлі тәсілдерін қолданады, құрастыру, рөлдерде
ойнау, тыңдау, түрлі психологиялық механизмдерді
қалыптастыратын
балалардың өз ойлары мен сезімдерінің оянуын зерттеуге түрткі болатын
ертегілерді баяндап беру, эмоциялық жағдайларының мәселен ренжулері мен
қызығушылықтарының мәнін түсіну. Мысалы, баланың, жасөспірімнің өзін
белгілі немесе ойдан құрастырылған ертегі кейіпкерімен сәйкестендіруі екі есе
әсер алуға мүмкіндік береді» [73,б. 124].
Қ.Б.Жарықбаев «Қазақ тәлім-тәрбиесі» еңбегінде: «Ертегі терапиясы –
психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі,
кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда
болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады.
Практикалық психологияның ертегі терапия бағыты-баланың жақсылық пен
жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді
тануына көмектесіп,
адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе
аларына деген сенімін нығайтады» [7,с. 348]. Қ.Б.Жарықбаев «ертегі терапиясы»
ұғымына мынадай анықтама береді: «ертегі терапиясы – адамды біріктіру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту, сана-сезімін кеңейту, сыртқы әлеммен
қарым-қатынасын жақсарту мақсатында ертегілік форманы қолданатын әдіс»
[7,с. 348].
Айтылған мәселеге мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы
арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлау
кезінде теориялық талдау «ертегі терапиясы» ұғымының көптеген анықтамалары
бар екенін көрсетті. Ертегі терапиясы ұғымына жоғарыда берілген
анықтамаларды
талдай келе, өз тарапымыздан төмендегідей анықтама беруді
ұйғардық: «Ертегі терапиясы – тәрбие үдерісінде баланың жағымды мінез-
құлқын жетілдіріп, өзіндік көзқарасы мен өзінің жан дүниесін тануына ықпал
ету, сондай-ақ тұлғааралық қатынаста баланың коммникативті дағдыларын
қалыптастыруға ықпал ететін түзету әдісі».
Достарыңызбен бөлісу: