Ақынова жібек мұхтарқызы


Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы



Pdf көрінісі
бет32/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
19042023 disser

2.3 Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлаудың 
моделі 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау үшін жасалатын модель 
педагогикалық жағдайлар жүйесін, оның барлық құрылымдық элементтерінің 
өзара байланысын көрсетеді. Педагогикалық зерттеуді тиісті ғылыми-теориялық 
деңгейде жүргізу теориялық модельдерді-идеяларды қамтиды.
Модель педагогикалық тұрғыда не істеу керектігін елестетуге, яғни 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы балалардың 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға кәсіби дайындауға мүмкіндік 
береді. «Ертегілер зaмaнaуи терaпиясы бaлaның дaмуынa ғaнa емес, сонымен 
қaтaр қиын өмірлік жaғдaйлaрғa дa көмектесуге бaғыттaлғaн. Ертегінің aдaм 
өміріне қaлaй әсер ететінін білу бaлaның психологиялық жaғдaйынa жaғымды 
әсер етеді» [176]. 
Сонымен модельде (сурет 11) болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін 
ертегі терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруға кәсіби дайындаудың тұтас педагогикалық процесін ұсындық. 
Педагогикалық 
қызметті 
ұйымдастырудың 
ұстанымдары, 
мазмұны, 
ұйымдастыру формалары, оқыту әдістері, оқыту құралдары
бағалау 
критерийлері, қызметтің болжамды нәтижесі қамтылды. Болашақ мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогтерін 
ертегі 
терапиясы 
арқылы 
балалардың 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
дайындықтың 
келесі 
құрылымдық элементтерін дамытуға бағытталған: мотвациялық, танымдық, іс-
әрекеттік компоненттерінен тұрады.
Міндеттері: болашақ педагогтерге ертегі терапиясының педагогикалық 
мүмкіндіктерін ашып, оларды балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруға 
ертегіні пайдаланудың 
заманауи білім 
мен және 
технологиялармен қаруландыру; болашақ педагогтерді мектеп жасына дейінгі 
баланың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда, белгілі бір 
қиыншылықтардың стратегияларын көре білуге үйрету;
мектеп жасына дейінгі 
балалармен оқу-тәрбие жұмысында ертегі терапиясын пайдалануды үйрету; 
студенттерді нақты педагогикалық құбылыстар мен теориялық әдебиеттерді 


88 
талдауға үйрету;
болашақ педагогтерді балалардың
ертегі терапиясы арқылы 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру үшін білім және практикалық 
дағдылар жүйесімен қаруландыру;
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезіндегі мақсатты 
компоненттерді қалыптастыру процесі айтарлықтай ұзақ. Бұл компонент 
«Мектеп 
жасына 
дейінгі 
балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруда ертегі терапиясын қолдану технологиялары» атты элективті 
курсын оқу процесінде қалыптасады. Оның мәні болашақт педагогтер мектеп 
жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптасу 
жұмыстарында стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтау 
қажеттілігіне қалыптасқан сенімі болып табылады. Педагогикалық процесте 
мақсат оның барлық компоненттерін анықтайды: кез келген педагогикалық 
процесті жүзеге асырудың міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері орын 
адады, болашақ педагогтер мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік 
дағдыларын қалыптасутыру іс-әрекетінде мақсатты нақты балаға бағытталған 
белгілі бір қалыптасутыру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігін анықтайтын 
диагностикалық мәліметтер негізінде анықталатынын түсінуі керек. 
Мақсатты таңдау тапсырманы қабылдаған сәттен бастап оған қол жеткізу 
тым алыс болмайтындай етіп жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің орындалу уақыты 
ұзақ болған жағдайда, бала үшін түпкі мақсатқа жақындау ретін нақты көрсететін 
ішкі мақсаттарды бөлу қажет. Мақсатты қабылдау оны бала үшін маңызды 
мотивтермен байланыстыру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен ертегі 
терапиясын меңгеру деңгейінің 1) танымдық; 2) мотивациялық; 3) іс-әрекеттік 
компоненттері бойынша үш деңгейін анықтауға болады: жоғары, орташа, төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет