74
құрастыру барысында бала досының әңгімесіндегі дәлсіздіктерді (сөйлеу,
логикалық қателерді) байқайды, ол құрастыру кезінде мұқият болуға тырысады
(суреттер 7,8).
Сурет 7 – Пропптың «сиқырлы карталары» арқылы өз бетінше ертегі
құрастыруға үйрету кезеңдері
«Пропптың сиқырлы карталарының» көмегімен өз бетінше ертегі
құрастыруға үйрету кезеңдерін өз алдына ерекше, тартымды етіп құруға
талпынғаны
байқалып, тәрбиеленушілер ертегінің қызметімен танысуға
тырысады. Мысалы, тапсырма «қоян туралы» ертегі құрастыру берілді дейік.
Балаға 5 карта ұсынылады: өмір сүру, тыйым салу, тыйым салуды бұзу, сиқырлы
құрал, бақытты аяқталу (сурет 8).
1. Өмір сүру
2. Тыйым салу
3. Тыйым салуды бұзуы
Сурет 8 – Пропп карталары, бет 1
«Пропптың сиқырлы
карталарының»
көмегімен өз бетінше
ертегі құрастыруға
үйрету кезеңдері
Ертегінің қызметімен
тікелей таныстыру
«Сиқырлы тірек
карталары» арқылы
балалар өз ертегілерін
жазу, құрастыру
75
4. Сиқырлы құрал
5. Бақыттың аяқталуы
Сурет 8 – Пропп карталары, бет 2
Суреттерде көрсетілген карталарды педагог-тәрбиеші ретімен бере алады
немесе оларды қалай орналастыру керектігі туралы ойлануды сұрайды. Немесе
Мыстан кемпір мен жезтырнақ туралы ертегі құрастыру беріледі. Шарты: олар
мейірімді, адамдарға көмектеседі. Қандай сиқырлы
карта негізгі болады
(«көмек»), қандай карталар ертегіні қызықтырақ, шытырман оқиғалар мен тосын
сыйларға толы ете алады (тыйым салу, тыйым салуды бұзу, қиын тапсырма,
бақытты аяқталу).
Педагог балаларға келесі ережелер ұсынылады: басты кейіпкер кім болады,
кейіпкерге кім кедергі жасайды, оған қиын тапсырманы шешуге кім көмектеседі
(сиқырлы көмекшілер, басқа кейіпкерлер), ертегінің атын ойлап табу, қалай
аяқталады, ертегі сөздері
мен сөз тіркестерін ойлап табу, басты және екінші
кейіпкерлердің болуы, кездесулер, кейіпкерлердің әрекеттері, олардың
моральдық сипаттамалары. Бұл әдіс арқылы балалардың сөздік қорын,
коммуникативтік дағдыларын есту, тыңдау, көмектесу, сұрақты дұрыс қоя білуін
және сұраққа жауап беруін қалыптастырады,
сонымен қатар, ертегі құрастыру
арқылы баланың қиялы, ойлау қабілеті дамиды.
«
Каталог» әдісі арқылы ертегі құрастыру технологиясы. Бұл
технологияны Берлин университетінің профессоры Э.Кунце 1932 жылы тапқан.
Әдістің мәні кездейсоқ таңдалған құралдарын (кейіпкерлер, заттар, әрекеттер
және т.б.) пайдалана отырып, ертегі мазмұнын байланыстыру негізінде ертегі
мәтінін құру. Әдіс ертегі кейіпкерлерін, олардың іс-әрекеттерін ойлап табуда
және болып жатқан оқиғаның орнын сипаттауда
психологиялық инерция мен
стереотиптерді жою үшін жасалған.
Мақсаты: балаларды кездейсоқ таңдалған
заттарды бір сюжеттік желіге біріктіруге үйрету, өзіндік мақсаты бар екі кейіпкер
(жағымды және жағымсыз) болатын үлгі бойынша ертегі мәтінін құрастыру
дағдысын қалыптастыру, осы мақсаттарға жетуге көмектесетін олардың
достарын таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: