Ақынова жібек мұхтарқызы


Болашақ педагогтерді ертегі терапиясы арқылы балалардың



Pdf көрінісі
бет30/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
19042023 disser

2.2 Болашақ педагогтерді ертегі терапиясы арқылы балалардың 
коммуникативті дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтауға 
даярлау 
Ертегілерден халқымыздың ертеңгі өміріне деген сенімділігі мен 
арманының тілегі мен қиялын және даналығы мен ғасырға толы өмірдің 
тәжірибесін де көреміз. Ертегілердің қандай түрін алсақ та, балалардың ой-
қиялдарын ұштайтыны сөзсіз. Мінез-құлқы мен ерік-жігерін және сөйлеудегі 
қабілеті мен сөздік қорын да қалыптастыра алады. Ертегілерді оқыту кезінде 
олардың жанрлы ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мақсатында 
айырықша назар аударған жөн. Әсіресе ертегілердің мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерін даярлау кезінде мектеп жасына дейінгі балаларға тигізетін әсері де 
мол. 
А.С.Макаренко баланы тәрбиелеу – оның келешекке тәрбиелеу дей 
келіп, ересек адамның ісі, жұмысы және қызметі сынды ойындар да баланың 
өмірінде ең маңызды болып саналатынын, бала ойын кезінде қандай болса, 
темпераменті де сондай болатындығын айтады [6,с. 217]. 
С.Қалиев «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» еңбегінде 
былай дейді: «Ертегі ойыны барысында неше түрлі себептермен байланысты 
әрекеттер 
араластырылып 
қолданылады 
[168-175]. 
Мазасыздануды 
диагностикалауда осы қайта құруды зерттеулінушінің жас ерекшелігімен 
салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ертегінің құрылымдық және 
функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер терапияға қатысушылардың келесі 


78 
көрсеткіштерін бағалауды ұсынады мәтіндерінің бағыттылығы, ой шабыты, 
айналасындағылармен байланысының тиімділігі, жасқаншақтықтық, қорқақтық 
пен именгіштігі және т.б. Бойында осындай оң көрсеткіштері бар балалар 
терапияға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын 
әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. 
Сондықтан ертегінің түзету-дамытушылық функциясы күшті деп айтуға 
болады». 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде балалар тұлғаларының 
интелектуалды және шығармашыл әрі креативтілік әлеуеттерін дамытушылық 
мәселелері ғаламдағы білім беру кеңістігінің басты міндетінің бірі ретінде 
қарастырылады. Қиял өмірдің белгілі бір қыры турасында көрінеді. Көз алдына 
елестетіп көрейік, адамдарда қиял жеткілікті дамымаса, ғажайып өнер 
туындылары мен ғылымда түрлі жаңалықтар тумаған болар еді. 
Баланың дамуы үшін де алдымен оларда қиялдай білетін қабілеттерді 
дамытуы керек. Ал ертегілер балаларды төзімді, шыдамды, тапқыр, еңбекқор 
болуға шақырып, сонымен қатар мақтаншақтық пен сараңдықтан арашалайды. 
Әділдікті қолдай түсіп, сезімтал әрі ұяң және мейірімді жанды алдап, арбаудан 
да сақтайды. 
Ертегі құрамы жағынан әр түрлі хайуанаттар, қиял-ғажайып, тұрмыс-
салттық ертегілері ретінде бөліп қарастырылады. Ертегілер түрлерінің әр 
түрлілігі әдіс-тәсілді қолданып отыра, балаларға жеткізуді көрсетеді. Ертегілерді 
баяндай келе, мұңға, шаттыққа үйрену, баланы қызықтыра отырып, ой-
қиялдарын дамытып, оларды баяндауларға жетелеп, арнайы жұмыстар арқылы 
сөздік қорын байытып, ертегілер кейіпкерін талдау кезінде жағымды және 
жағымсыздарды ажыратып, сонымен қатар кішіпейілділік пен адамгершілікке 
және қамқорлыққа тәрбиелейді. Жануарлар жайындағы ертегіні балаға үйрету 
мақсатында біз алдымызға мынадай міндет пен мақсаттарды қойдық: бізді 
қоршап тұран әлеммен таныстырып, зат пен құбылысты ажырат алу. 
Ертегі қоршаған орта жайлы, дүниенің тұтастай күштерін тани білумен 
қатар алуан түрлі заттар пен кұбылыстар туралы хабар береді. Бұл шығармалар 
ересектер мен баланың бірлесе жасаған әрекетінің мазмұнындарын барынша 
байыта түсіп, балаларды ертегілер оқу сәтінде таңғажайып бір әлемге, 
көшбасшысы ретінде жетелеулермен қатар, кітаптардағы мазмұндарды баяндау 
кезінде ертегі терапиясы баланы жалықтырмай, керісінше одан әрі қызықтырып, 
ой мен қиял әлемін және тілін ілгері дамытады. 
Соңғы уақыттары мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік 
дағдысын қалыптастыруларға даярлауда біршама күрделірек екенін ойға ала 
отырып, соңғы шыққан конфигурация мен жұмыстық әдістерді табу, дамыту, 
оқыту және тәрбиелеу кезеңінде инновациялы технологияны қолданысқа енгізу 
мәселелері туындағаны аян. Бұл жағдайды қарастыра келіп, ертегі терапиясының 
әдістері анықталды, баланың коммуникативтік дағдысының қалыптасуына 
бағытталып жасалған кешенді жүйе ретінде анықталады. Сонымен қатар 
ертегілер мазмұнында оқыту мен түзету, білім берудің міндеттерін де шешу 
жұмыстарына мүмкіндігін береді. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі баланың 


79 
ертегіге деген қызығушылықтарын арттыратыны белгілі. Мектеп жасына дейінгі 
балаларға арналып жазылған ертегілер – жарқын сәттерге, шытырман оқиғаға 
толған шап-шағын өмірді бейнелейді. Ертегілерді тыңдап отырып, бала бейнелі 
әлемдер арқылы да шындықтарды зерттеп, тани алады. Ертегілер терапиясы ол 
тұлғалардың бірігіп, шығармашыл мүмкіндігін қалыптастырып, сөйлеу тілін 
дамытып, сана мен сезім деңгейін кеңейтіп, сыртқы қоршаған ортамен қарым-
қатынастарды дамытуға арналып жасалған ертегілер формасында қолданылатын 
әдіс. 
Ертегі терапия – тұлғаны өз әлемімен біріктіру, шығармашылықтағы 
қабілетін дамытып, сана мен сезіміндегі әлемін кеңейту түрі. 
Бұл жанр халықтық шығармашылықтардан бастау алып дамыған әдеби 
стильдегі жанр түрі және былайша сипатталады: оқиғаның ішіндегі нақты 
кейіпкер, оқиға мен жағдай (кеңістік пен уақыт), белгісіз нышандағы символды 
бейне мен метафораның болуы және сюжетті сценарийлердің қатаң түрдегі 
нақтылығы, сонымен қатар ертегілер кейіпкердің еркін дәрежелерін анықтайтын 
тағдырлар жайындағы ойлардай, архетип турасында белгілі түрдегі 
кейіпкерлерге немесе құбылыстарға қатынасы болады. 
Педагог-тәрбиешілер тәжірибелеріндегі ертегі терапиясы қолданылуында 
жүйелеу сәтінің бұл тәсілдері, біздің ойымызша қисынды бір ойларға 
негізделген. Бұл терапия түрі белгілі мақсаттарда қолданылады. Мектепке 
дейінгі ұйым педагогінің балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруы да мақсатты деңгейде жүзеге асары белгілі, сонымен қатар 
біржақты ғана емес екі жақты шешімдерге тікелей байланысты болатын 
педагогикалық үдеріс екендігін атап өтеміз.
Бұл үдеріс тұлғаланың қандай да бір 
факторлының әсерлерінен қалыптасатынын да байқаймыз. Болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтеріне балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыру кезеңінде ертегі терапияларын қолдану арқылы дамытуға көмегін 
тигізетін тиісті жағдай жасау мәселелері туындайды. 
Ертегілерді айта отырып я көргізіп қана қоя салмай, олардың оқудағы 
қызметтерін басқада салалармен, мысалы әдебиеттер мен суреттер салу сынды 
істермен 
байланыстыру 
тәсілін 
қолданады. 
Соған 
сай 
балалар 
«шығармашылығын» білім беруде өз салалары легінде ұнатқан кейіпкерінің 
суреттерін өздік қиялдарымен қағазға бастырады. Осы тұрғыда педагог балалрға 
қағазға түсірудің амалдарын үйретеді. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде балалар ертегілерді 
тыңдау сәтінде, ол жердегі жағымсыз рөлдегі кейіпкерден әрқилы әдіс пен 
тәсілдер көмегімен жағымды тұстарын табуға тырысады. Болашақ педагог 
ертегіні оқу амалдарын меңгереді, мысалы ертегіні оқу кезінде кейіпкерлердің 
ерекшеліктеріне байланысты педагог дауыс ырғағын, қимыл-әрекетін, жуан-
жіңшке дауыспен, сөзерді созып, үзіп айту немесе ақырын, қатты сыбырлап айту 
секілді эменттерді қолдануға үйренеді. Бұл балалардың қиялдарын дамытып, 
сөздік қорларын көбейте түсіп, жаңаша сөздер мен сөйлемдерді ойлап табуына 
септігін тигізеді. Келесі ұйымдастырған оқу қызметтерінде бұл суреттер желісі 
арқылы дидактикалық ойындарды ұйымдастырамыз. Мәселен: «Менің ең сүйікті 


80 
кейіпкерлерім» «Қай ертегілерден алынды», «Қандай кейіпкерлерге ұқсағың 
келді?» т.с.с. Ал, «мүсіндеу» атты білім берудің саласында саусақ қимылдарын 
жаттықтырып қана қоймай, бала өзінің қиялы арқылы қазіргі заманға сай жаңа 
тұрпаттағы кейіпкерлер түрін ойлап табуын және оны мүсіндеуіне педагог 
көмектеседі. Мәселен: сиқырлы әспеттегі құс пен өрмекші келбетті адам т.с.с. 
Бұл әрекеттердің әсері арқылы балалардың ертегілерге қызығушылықтары арта 
түсіп, ойлау қабілеттері дамиды, шығармашылығы ашылады. 
Балалар ертегілерді тыңдап, түсінгеннен соң қайталап айтуы кезінде 
үнтаспаларға жазып алып, оларды өздеріне тыңдатады. Болашақ педагог 
баланың ойлауы, жаңаша сөздерді үйренуге, дыбысты дұрыс айтуға бейімдейді. 
Сол сияқты сурет бойынша ертегілерді құрастырып айта алу баланың ақылы мен 
ойына, қиялының даму ісіне әсері өте мол болуы себепті педагог жұмыс 
барысында осы тәсілдерді барлық балалардың бірдей меңгеруіне шарт түзе 
алады. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда тәрбиеленуші суреттерді 
көрсетулерде ертегілері дәл жеткізеді. Есте сақтау қабілетін дамыта отырып, 
көптеген ертегіге байланысты ойындарды қолдану, ойнату амалдарын педагог 
пайдаланады. Мысалы, «Ертегілері баста» осы тұста педагог баланы сөз бастауға 
түрткі береді,
«ерте, ерте...» деп педагог баланың аузына сөз салады. Балалардың 
осы кезде үйренген ертегі бастау сөздері мәңгі есте сақталады. «Ертегілері 
аяқта», «Ертегілері есіңе түсіріп көр» т.с.с. Ертегілерді тек балаға үйрете салмай, 
баланың ата-аналарына да мағлұматтар беріледі. Ол үшін сауалнама мен 
ертегінің суреттері және мазмұндары таратылып, ертегілер желісінде түрліше 
кейіпкерді дайындау міндеті тапсырылып, дөңгелек үстелдер мен ойындар реті 
ұйымдастырылады. Тапқырлық мен төзімділікке тәрбиелейтін ертегіні тыңдап, 
есітіп өскен балалар мейірімді әрі үлкендерді сыйлайтын және өз елі мен Отанын 
қорғай алатын ер-азамат болып өседі. Ата -аналар баламен бірге осындай ертегіні 
оқып, кейіпкердің төзім және тапқырлық арқылы жеңіске жеткенін көрсету бала 
санасы мен сезіміне ұрымтал із қалдырады. 
Болашақ педагог ертегі терапиясын қолдану барысында жаңа 
технологияның мүмкіндіктерін жете меңгеруі тиіс. Бұл жаңа технологияны және 
замана талабына сай келетін шығармашылық мәнедегі өз жұмысымызды зерттеу 
мазмұна ендірдік. Осыған орай, педагогтер қолданатын «Magic book» атты 
әдістемелік құрал әзірленді. Бұл құралда ертегі терапиясын қолдануда 
пайдаланатын қазақ ертегілері негізінде түзілген әр-түрлі тапсырмалар, әдістер 
жасалды. Сондай-ақ, қосымша ретінде қазақ ертегілері кейіпкерлерін табу 
арқылы жабысырмаларды қолдану (липчука) және кітаптың шетінде берілген 
кюар код арқылы бала ертегіні тыңдап, көре алады. Осы тәсілдерді 
қызығушылықпен меңгеріп өз тұсынан осындай тәсілдерді ойлап табуға 
ұмтылады (Қосымша К).
Сөйтіп болашақ педагог ұйымдастырған оқудағы қызметтерде аудио мен 
видео құралдар мен компьютерлер, интернет пен электронды оқулықты 
пайдаланғану мүмкіндіктеріне ие болады. Осылайша қызықты ұйымдастырған 
оқу қызметтерінде бала қызығушылық танытып, көргенін, естігенін, білгенін 


81 
шыңдай түсетіні анық. Мәселен, «Дәрумендердің пайдасы қандай?» ойыны мен 
«Ертегілерді есіңе түсір» атты интелектуалдық ойындарды пайдалануда 
студенттер балалардың зияткерлігін дамыту, қабілеттерін айқындау, 
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу ерекшеліктерді балалардың меңгеруіне жол 
ашу мүмкіндіктерін үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар оқуды білмесе де, үлкеннің оқығандарын 
түсіне алатын жақсы тыңдаушылар ретінде саналады. Алайда олар тыңдағылары 
келгенді ғана таңдайтыны анық және оны қабыл алып, қызғылықты болғандығын 
қалайды. Ертегілер балалардың ақылы мен ойларын жетілдіреді және қарым-
қатынас құру дағдыларын қалыптастырады.
Баланың ертелерге деген қызығушылықтарын арттыру кезінде «Ертегілерде 
қонақта» жобасын да ойластырдық. Бұл жобаның негізінде білім салаларының 
бөлімдік міндеті қарастырылады. Балалар ертегілері оларды қоршап тұрған 
ортаны тани білудегі ең бірінші және де маңызды бір сатылары болып табылады. 
Халықтың ертегісіндегі көркемді сөздер кейіпкері мен тілдері кішкентай 
жастағы баладарға түсінікті әрі қарапайым. Ертегілер балалардың қиялдарын 
дамытады, өздерінің қиялы арқылы ойша әрекет жасауға үйретеді, мұндай сәттер 
олардың болашақтағы шығармашылықтарына жол ашады.
Болашақ педагог балалар өздерін ертегідегі жағымды кейіпкер ретінде 
сезініп, ертегілерде батырлар секілді мадақтақталғанын көріп, баладардың өздері 
де сондай кейіпкерге ұқсап мадақталғанын, қалау сезімдерін туындату 
жауыздардың сазайын тартатыны көз алдына елсететіп жақсыға ұқсап, жаманан 
жирену үшін ертегіні жеткізу жолдарын меңгеру керек. Атап айтқанда, құм 
терапия, арт терапия, музыка терапия, сахналау, ойын т.б. ертегі терапиясы 
арқылы ұштастыру.
Ертегілер балалардың көңілі мен адамгершілік қасиетін дамытуға әсер 
етеді, ертегілерден балалар пайдалы нәрсені алу үшін болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагоготерді олардың таңдану, қуану, еліктеу т.б. сеізмдерінің оянуына 
әсер ететін сөз өнерінің қасеттерін меңгеруге ынтландыру маңызды. Педагог 
балаға ең алғашқы ертегісін әдемі түрлі-түсті, реңкі қанық суреттермен берілгені 
дұрыс, ол балалардың ертегілерді жағымды қабылдауына әсерін тигізеді, 
ертегілерге деген қызығушылықтарын арттырады. 
Жаңа қоғам ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың 
нәрестелік шақтарынан басталып, үзіліссіз дамуы барыстарында қалыптасады. 
Білім берудің жүйесінде барша буындарға іргелі міндет жүктеледі. Егемен 
еліміздегі білім берудің жүйелерінде әлемдік деңгейлерге жету жолында 
жасалып жатқан барша талпыныс оқытудың әртүрлі келетін әдіс-тәсілін 
қолданып, терең білім мен оқудың барысындағы танымды әрекетті бағыт ретінде 
ұстанатын және ол тұрғыдан өздерінің болмыстарын танытатын тұлғаларды 
қалыптастырудың істеріне мән берілуде. Бұл ретте ертегі арқылы мектеп жасына 
дейінгі 
баланың 
коммуникативтік 
және 
тілдік 
құзіреттіліктерін 
қалыптастырулардың білім мен біліктерін жетілдірулердің әлеуметтік мәні де 
зор. 


82 
Мектепке дейінгі баланы ана тілінде сөйлесуге үйретіп, тәрбие, білім 
берудің жұмыстарын ұйымдастыруда оның сөйлеу әрекетін дамытуға, сөйлем 
құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының көбеюіне көңіл аударған жөн, бұл ретте 
педагог-тәрбеші сөйлеу мен сөздер балаларға арналған қарым-қатынастың 
маңызды құралы екендігін теориялық-практикалық тұрғыда меңгереді, олай 
болса, олардың ойлау қабілеттерін және мінез-құлқын реттеу кезінде 
қолданатын сөздерді ертегілердің мазмұнынан «көмектес, жәрдемдес, айқайлама 
т.б. » сөздерді пайдаланса ұтымды болады. Сөйлеу қатынасы балалардың 
білімді меңгеруіне және қажетті болатын білік, дағдыны қалыптастыру сәтіне 
мүмкіндіктер береді. Балаланың ақыл-ойы мен мінез-құлқының дамуына тіл 
қабілеттер өте маңызды келеді. Тіл мен сөйлеудің, сөздің әсерінен балалардың 
қабылдау сипаттары да өзгереді. Сөздің ауызша тілде көрсетілуі, мәні-
мағыналарын түсінеді, яғни, сөздер арқылы қабылдаулардың сенсорлы типі 
мәні-мағыналық және затты типтерге ауысады. 
Балалардың мектепке тілдік қатынастарының жақсы дамып, арнайы 
дайындықтармен барғаны дұрыс. Осы бағытадағы жұмысты жетілдіру үшін 
тәрбиешілер қауымы ертегі терапиясының тиісті әдіс-тәсілдерін қолданып, 
балаланың тілдік дамушылық деңгейін жүйелі бақылап, тексеруді жүргізгені 
қажет. Тілдік дамыту жұмысын тиімді ұйымдастыру жолында топтың барша 
балаларының тілдік даму деңгейлерін қаншалықты дәрежеде дамығандығын 
жақсы білуі қажет. Кей балаға ішінара бақылау мен тексерулер жүргізумен 
бағдарламалық материалдың қандай дәрежеде меңгерілгендігін, сабақтың 
барысында 
қолданып 
жүрген 
әдіс-тәсілінің, 
дидактикалық 
ойын-
жаттығуларының тиімді әрі тиімсіз болатынын анықтайды. 
Ертегі арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда 
баланың сөздерді байланыстыра сөйлеу қабілеттерін тексеруде ақыл-ой мен 
эмоционалды дамудың деңгейлерін байқатады. Оларды мынадай тәсілдермен 
жүргізеді: 
- әңгімелеп беру (балаладың өздері білетін ертегілерді немесе әңгімелер
мазмұндарын айтуын сұрау); 
- өздерінің қалауымен әңгімелеуі; 
- жетекшінің сұрағысыз әңгімелей алуы; 
- ересектеу адамдардың көмегін керек етуі; 
- мәтіннің мазмұнын толыққанды жеткізуі; 
- оқиғаларды баяндау кезінде бірізділіктерді сақтайды; 
- кей бөліктердің орындар ауыстырады; 
- мәнерлеу құралдарын пайдаланудағы іскерлігі; 
- мәнерлеудегі құралдарды дұрыс пайдаланады; 
- мәнерлеу құралдарын сирек түрде қолданады, 
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім берудің үнемі коммуникативті-тілдік 
бағыттарға негізделініп, оқудағы іс-әрекеттер қарым-қатынастар және 
мақсаттары тапсырмалар арқылы ұйымдастырылуы қажет. Бұл бағытта әртүрлі 
мониторинг жүргізсе болады. Болашақ педагог баланың коммуникативтік және 
тілдік құзыреттілігін жетілдіруді мынандай бағытта жүргізуді білуі тиіс: 


83 
- тәрбиешілер ұйымдастырған оқу іс-әрекетті барысында балалармен 
қарым-қатынас жасағанда олармен әсерлі сөйлесіп, тыңдаушыларын өздеріне 
қаратып алуы, демек тілдік мәдениетінің жоғары болғаны дұрыс; 
- балалар тілін дамытумен тиімді әдістерді пайдаланса; 
- өтетін мәтін мен тапсырмалар және көрнекі құралдардың қазақ балалар 
ұғымына таныс, жеңіл келуі; 
- тіл дамытуда ертегілер, көркем шығармалар мен мақал-мәтелдер және 
санамақтар мен жұмбақтар, өтірік өлеңдер, өлең, тақпақтар, қызықты әңгімелер, 
шешендік сөздер іріктеліп алынса; 
- сөздік жұмыстарын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде 
қолдану; 
- жеңіл сөйлемдер құрастыру, ауызекі сөздерді қолдана білу; 
- билингвал компоненті қолдану; 
- тіл жаттығуларын жүргізу; 
- тіл дамыту кезінде ойындар технологияларын қолдану; 

ата-анамен қарым-қатынас барысында тілдің мәдениеттілігін сақтау.
Жоғарыда аталған, тәсілдерді болашақ педагог-тәрбиеші өзінің жұмыс 
практикасында қолдану жолдарын жете меңгерген абзал. 
Әрбір тәрбиеленушінің 
сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, оқып үйренуге 
талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын 
алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытуды көптеген әдістердің көмегімен шешуге 
болады. Мысалы, ертегі арқылы, ертегі кезінде кез келген балалардың 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда, мектеп жасына дейінгі 
балалардың қабілеттері толығымен байқалады. Ертегі – ақыл күші мен ерекше 
ұйымдастырылған 
эмоционалды 
серпілісті 
талап 
ететін 
ерекше 
ұйымдастырылған тәсіл түрі. Ол қалай істеуі керек, нені айтуы керек, қандай 
жолмен жеңуі қажет сияқты шешімдерін қабылдауға көмектеседі. Осы 
сұрақтарды шешуге талпыну арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруда ақыл-ой әрекеттерін дамытады. Тәрбиеленушілер онымен қатар 
бір-бірімен сөйлесе келіп, ойын балалар үшін бай оқытудың мүмкіндігін ашады. 
Ертегі терапиясы түріндегі ойын балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруда ара-қатынас үлгісіне, шығармашылыққа, оқытуға үйретеді.
Ертегі тәрбиеленушінің коммуникативтік қабілетін дамытуда бала мен 
педагог-тәрбиелушінің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, сөйлеу 
мәнерін 
қалыптастыратын, 
балалардың 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыруда тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, қарым-қатынас құралы 
ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі негізге алынады. Сабақтарда бұл әдістің 
тиімді жақтары «жүйелік ұстанымдары». Біріншіден, коммуникативтік қарым-
қатынас жасауда баланың білімі мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады. Ал 
екіншіден, тілдік материал жүйелік ұстанымға негізделе құрылып, 
қарапайымдардан күрделігіне қарай күнделікті кездесетін қарым-қатынастар 
жасаудың мақсаттарында іріктелініп беріледі. 
Тәрбиеленушінің коммуникативтік қабілеттерін дамыту кезінде оқытуда: 
оқу мен сөйлеу, тыңдау мен жазбаша, ауызша қатынастар, жазбаша болатын 


84 
қатынастар бір уақыттарда дамып отырады. Өйткені оқытуда бұл төрт түрлері де 
сөйлесушінің бірін-бірі түсінушілігін қамтамасыздандырады. 
Оқу үдерісі негізінде ертегі арқылы баланың коммуникативтік қабілетін 
дамытуда ойын элементтерін пайдаланып, топпен және жеке немесе жұппен 
жұмыс істеу арқылы балалардың жеке тұлғалар ретінде ерекшелігін анықтап, 
зейінін қадағалап, өз білімі деңгейінде өзі баға берулеріне көмектеседі. Сондай-
ақ ойынның өмір тәжірибесінде жаңалық пен тұрақтылықты орнықтырады, 
мұның мәнісі білім алушының даму негізінде қалыпастыратын ойын ережелері, 
салт-дәстүрлер негізінде қалыптасқан ойын шарттарымен ережелерін көрсететін 
тұрақты іс-әрекет болып табылады. Әр түрлі ғылыми мектептер, педагогтар, 
психологтар ертегі арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыру түсінігінің мағынасын бірнеше түрге бөліп көрсетеді. Болашақ 
педагогтер келесілерді меңгереді:
- балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда балалардың 
даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі; 
- баланың өзін-өзі тануы белсенділігі мен жеке шығармашылық деңгейі 
үшін ауқымдырақ ашылатын әлемді таңдай алатын ең еркіндік түрі; 
- даму тәжірибесі; 
- ойлау, шығармашылықтағы түйсікпен өздерін дамыту және өздерін аша 
түсу еркіндіктері; 
- баланың қарым-қатынастар кезіндегі маңыздысы, өзара бір қарым-
қатынастар мәселесі шешіледі, адамның арасындағы қарым-қатынастар 
орнығады. 
Оқу 
ұйымдастыру 
іс-әрекетінде 
ертегі 
арқылы 
балалардың 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда ойынның элементтерін қолдануы 
негізгі алты түрлі мақсаттары бар, берілген мақсатты болашақ пеадгог-тәрбиеші 
тиімді пайдалануға үйренеді:
- белгілі дағдыны қалыптастырушылық; 
- белгілі тілдік білімдерді дамыту; 
- қарым-қатынастарды үйрету, 
- қажетті болатын психикалық типті қызмет пен қабілеттіліктерді дамыту 
түрі; 
- тіл материалдарын естерінде сақтау. 
Сондай-ақ 
ертегі 
балалардың 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыруда – жағымды эмоционалды құралы ретінде белгілі 
тапсырмаларды бірқалыпты орындауға қарағанда баламен педагог-тәрбиешінің 
қызығушылығын және еңбекке қабілеттілігін жоғартылады. 
Еліміздің білім саласында жүргізіліген стандарттардың негізгі мақсаты – 
жаңаша ойлайтын, шығармашыл деңгейі дамыған, жоғары қызметтерді 
атқаратын, дүниетанымдары кең, жан-жақты қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. 
Білім мен ғылымда инновациялық және педагогикалық технологиялар 
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы оқытып, 
тәрбиелеуде де педагогикалық технология ұғымдары кең түрде қолданылатын 
ұғымдардың бірегейіне айналды. Болашақ педагог мектеп жасына дейінгі баланы 


85 
дамыту мәселелерінің мемлекет саясатының ажырамас бөлігі екенін біле 
отырып, баланы оқыту мен тәрбиелеудің негізі мақсаты – балалардың тұлғалық 
ретінде қалыптасуы мен дамуы ұғынады, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыруға 
бейілді болады.
Жаңа заман педагогтері еліміздің ертеңгі болашағы, өсіп келе жатқан жас 
буын үшін жауапты. Жаңа заман педагогтері балаланың тұлғалық өсу жолын 
қалыптастыру, дамыту жолында, олардың ішкі дүниелерінің қыр-сырын 
анықтап, мүмкіншілігі мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды. Осы орайда 
мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балаланың жеке басының қалыптасып, 
дамуындағы 
педагогтың 
педагогикалық 
технологияны 
қолдану 
сауаттылықтарына да байланысты болады. 
Демек, ертегі терапиясы арқылы балалардың коммуникативті дағдыларын 
қалыптастырудың негізінде келер ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім 
алуына, белсенді, шығармашыл тұлға болуына жағдайлар жасау осы таңдағы әр 
бір педагогтың міндеттері екенін атап көрсеткен жөн. Қоғамдағы қазіргі даму 
кезеңінде ертегі терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыру басты мәселелерінің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекеменің 
тәжірибелерін оқытып, тәрбиелеуде әрқилы әдістер жасалынып, енгізілуде. 
Білімді беру жүйелерінде қолданылып келген әдістер қатары: ынтымақтастық, 
білім берушілікі ізгілендіру, ойындар арқылы оқыту мен проблемалы оқыту және 
модульдік оқытумен тірек сигналы арқылы оқытулар, дамыта оқытулар, 
бағдарламалап оқытулар, деңгейлеп оқытулар т.б. 
Білім беруде алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Мақсаты – 
мектептерге дейінгі білімді балалардың білімді алуына ең бастапқы мүмкіндікті 
қамтамасыздандыру. Ертегілер арқылы балаланың коммуникативтік дағдысын 
қалыптастырып, тәрбиешіден тереңдей теориялық және психологиялық, 
педагогикалық, әдістемелік білімдерді, педагогикалы шеберлікті, баланың 
жандүниесіне тереңдеп үңіліп олары ұғына білушілікті талап еткізеді. Қазіргі 
таңда мектепке дейінгі білім беру ұймында қолдантын қарастырайық. Болашақ 
педагог-тәрбиеші ертегі терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік 
дағдыларын қалыптастырудағы келсідей қызметін өз жұмысында негізге алады, 
олар мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет