Мазмұндау жоспары:
1.Соқыр мен ақсақтың тауға шығуы.
2.Қырғауылды атуы.
3.Бір-біріне таң қалуы
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп кетіп, ара және қоңызбен дос болыпты. Бір күні жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Содан соң көмек сұрау үшін жаңа достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға келіп:
Досым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті.
Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - деп көнбепті ара.
Құмырсқа, енді екінші досы қоңыздан көмек сұрапты.
Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, - деп жорғалап кете барадықоңыз.
Екі досынан да күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен кездесіп қалыпты. Олар мұның түрін көріп:
Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа басынан кешкен жайды айтады. Достары
көмектеседі де, дәнді бәрі бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа өз үйіріне қайта қосылады.
«Жаңа достың қадірі – ескі достай бола алмас» деген сөз осыдан қалыпты.
(«Ел аузынан», 90 сөз).
Сөздік: еңбегі еш болу, күдер үзу.
Мазмұндау жоспары:
1. Құмырсқаның жаңа достары.
2. Дән.
3. Көмек сұрау.
4. Жаңа достардың «көмегі».
Көкек
Көкек жұмыртқа баспайды. Бұта арасынан басқа құстардың ұясын тауып алса, жұмыртқасын соған туады. Басқа құс бұны байқамай қалады, өйткені көкек оның бір жұмыртқасын алып тастайды да, өз жұмыртқасын соның орнына салып қояды. Жұмыртқалардың түсі де бірдей болады.Ұяда сарғыш жұмыртқалар жатса, көкек сарғыш жұмыртқа, көк жұмыртқалар жатса, көк жұмыртқа, ақ жұмыртқалар жатса, ол ақ жұмыртқа туады. Содан күндердің бір күнінде өзге балапандармен қатар көкектің балапаны да дүниеге келеді. Жұмыртқаны басып шығарған құс өз балапандарын ұядан лақтырып тастайды да, тек көкектің балапанын азықтандырып, жетілдіреді.
Көкектің бұлай ететін себебі мынадан: ол бір жетіде бір ғана жұмыртқа туады. Ол әр жұмыртқасын өзі басып шығаратын болса, бірінші жұмыртқадан балапан шыққан кезде, екінші жұмыртқа дүниеге келер еді. Оны тағы да басып шығару керек. Бұл кезде алғашқы жұмыртқадан шыққан балапанды қалай асырамақшы?
Сондықтан да көкек жоғарыдағыдай қулық істейді.
(«Ұлан» газеті», 90сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |