Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


-тақырып. Түбір сөздер мен қосымшалардың жазылуы



Pdf көрінісі
бет16/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

3-тақырып. Түбір сөздер мен қосымшалардың жазылуы 
 
Жоспары: 
1 Түбір сөздердің жазылуы 
2 Қосымшалардың жазылуы 
Түбір сөздердің жазылуы. Көп буынды түбір сөздер көбінесе бірыңғай жуан 
не жіңішке болып келеді: дала, балалар, ана, жұмысшы, өмір, өнер, бөлме, 
көрермен. Мұндайда сөз бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке дауысты дыбыс 
әріптерімен жазылады. 
Көп буынды түбір сөздер аралас буынды болып та келеді, мұдайда бір сөз 
ішінде жуан-жіңішке дыбыс әріптері жазыла береді: мұғалім, кітап, қызмет, 
қадір, емхана, сәнқой. Бұндай мысалдар араб-парсы тілдерінен енген сөздер 
болып табылады. 
Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген және көбінесе термин болып 
келетін сөздердің басым көпшілігі орыс орфографиясы бойынша жазылады: 
антоним, биология, повесть, гарнизон, гастроль, генерал, геофизика, конгресс
медицина, термометр, хром, химия т.б. 
Орыс тілінен енген сөздердің ішінде дыбысталуы өзгеріп қалыптасқан 
бірқатар сөздер сол өзгерген күйінде жазылады. Олардың дені қазақ тіліне 
ертеректе ауызща сөйлеу тілі арқылы енген сөздер. Бұл сөздер, негізінен
тұрмыстық зат, бұйым атаулары мен әкімшілік, сот, сауда, шаруашылық 
салаларына қатысты атаулар болып келеді: барқыт, бәтеңке, бәтес, божы 
(вожжи), бөкебай (пуховый), бөрене (бревно), шөген (чугун), ауылнай, болыс, 
сот, шіркеу (церковь), тауар, зауыт, кір (гиря). 
Орыс тілінен енген кірме сөздердің бірқатары соңғы дауысты а дыбысын 
түсіріп қалыптасқандықтан, сол ықшамдалған түрінде жазылады: газет (газета 


19 
емес), минут (минута емес), пар (пара емес), секунд (секунда емес), координат 
(координата емес), цифр (цифра емес).
Араб, парсы тілдерінен, сондай-ақ туыстас татар, өзбек тілдерінен енген 
сөздер қазақша айтылуынша жазылады: бұқара (фуқара), пікір (фикр), әкім 
(хақим), әзір (хазир), пайда (файда), наурыз (ноуруз), қате (қата), мақта 
(пақта), жүзім (йүзүм) т.б. 
Жазу тәжірибесінде кейбір түбір сөздер екі түрлі дыбысталуына 
(айтылуына) қарай екі нұсқада беріліп жүр. Бірқатар түбір сөздердің екі, кейде 
үш нұсқада да жазылуы заңды түрде орын алады. Мысалы, айғай-айқай, 
бұндай-мұндай, балуан-палуан, ертегі-ертек, пәле-бәле, гауһар-жауһар, заңғар-
зеңгір, байымдау-пайымдау-бағамдау, айдаһар-аждаһа, сықылды-секілді, өзге-
өңге, уәде-уағда, жәбір-зәбір, жаһан-жиһан, айуан-хайуан т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет