Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет17/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Қосымшалардың 
жазылуы. 
Қосымшалар, негізінен, сөздің 
соңғы 
буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, 
я 
жіңішке 
жалғанғанда 
да, естілуінше 
жазылады. Мысалы, 
ең-
бек+ші+лер+іміз+дің, жұ-мыс+шы+лар+ымыз+дың, кі-тап+тың, мұға-лім-
нің, кіттап-хана+ға, ға-лым+дар+дың, зерт-хана+шы+лар. 
Соңғы буынында у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі 
қосымшалары жуан жалғанады: курс+қа, автобус+ты, институт-қа, 
каникул+ға, тайфун+ның, шуруп+ты. Бұл ережеге г дыбысына аяқталатын 
сөздер мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздер және бль, ль 
дыбыстарына аяқталатын сөздер бағынбайды, оларға қосымша жіңішке 
жалғанады: округ+ке, руль+ге, патруль+ге, ансамбль+ді, ансамблі. 
Соңғы буынында и дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі 
қосымшалары жіңішке жалғанады: кассир+ге, синтаксис+тік, магнит+тік, 
кальций+дің магний+ге. 
Адамның тегін жасайтын –ев (ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары 
буын үндестігіне бағындайды: -ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының 
жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге 
жалғанады. Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп жазылады: 
Тәжібай+ев- Тәжібаев, Жабай+ев- Жабаев, Имашев, Мұқашев, Жақашева.
Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне 
аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады: паркке, 
парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге, киоскіні, фактіге, фактісі, танкіге, 
танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті.
Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі 
қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздіің соңғы буыны 
жуан болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс болса, 
қосымша да жіңішке жалғанады: лагерь+ге, лагер+і, фестиваль+ға, 
бандероль+ға. 
Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де қазақ 
тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады. Мысалы, вальс+қа, 
вальс+ты, вальс+ы, рельс+ке, рельс+і. 
Жабай+ев – Жабаев, Имашев, Рашев, Мұқашев, Мұқашева, Жақашева. 
Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі аттарына да -ев (-ева) қосымшасы 


20 
жалғануы мүмкін. Мұса+ев – Мұсаев, Абдолла + ев, Бөке + ев – Бөкеев. Түбір 
сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (-ева) қосымшасы жалғанғанда, ол 
дыбыстардың орнына и әрпі жазылады: Сары+ев – Сариев, Жұмалі+ев – 
Жұмалиев, Аққозы+ев – Аққозиев. Й мен ш дыбыстарынан басқа барлық 
дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы жалғанады, мұнда да сөздің соңғы 
буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Мұ-рат+ов, Ме-дет+ов, Сұл-
тан+ов, Жү-ніс+ов, Сейіт+ов. Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, 
әдетте фамилия -ин (-ина) қосымшасы арқылы жасалады, мұндайда соңғы 
дауыстылар түсіріліп, түбірге -ин (-ина) қосымшасы тікелей жалғанады және 
сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Нұралы+ин – 
Нұралин, Алтынсары+ин – Алтынсарин, Дербісалы+ин – Дербісалин, Ғайса+ин 
–Ғайсин. -ин (-ина) жұрнақтары жалғанғанда, кейде түбірдегі ұ, ү, о, о 
дыбыстары у болып өзгеріп айтылуы және солай жазылуы мүмкін (ал -ов,-ова 
жұрнақтарымен жасалғандарында түбір өзгермейді). Мысалы: Мұса+ин– Мусин 
(ал Мұса+ев – Мұсаев), Жұма+ин – Жумин (ал Жұма+ев – 
Жұмаев),(Абдолла+ин – Абдуллин) (ал Абдолла+ев), Бөке+ин – Бөкин (ал 
Бөке+ев –Бөкеев). Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін сақтап жазу да орын 
ала алады.жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы 
түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:Аймановқа, 
Тәжібаевқа дегенде Ай-ман, Тәжі-бай түбірлерінің соңғы буындары жуан 
болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр. Ал Жүнісовке, Әйтиевке 
дегендерде түбірдің соңғы буындарында жіңішкедауысты дыбыс болғандықтан 
(Жү-ніс, Әй-ти), қосымшаның да жіңішке варианты жалғанып тұр. 
 Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің 
қосымшалары буын үндестігіне қарай, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты 
дыбыстың әуеніне қарай жалғанады: фи-зик+тер, лак+тың, га-мак+тың, по-
ляк+тар, ма-як+қа, бам-бук+тың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет