4
Кіріспе
Жазу мәдениетінің өркендеген, жетілген заманында айтылмақ ойды жазба
түрде дәл, айқын жеткізе білу әрбір адамнан сауаттылықты талап етеді. Ал
филология факультетін бітірген
мамандардың сауатты жазып, мәдениетті
сөйлеулеріне қойылар талап өте жоғары. Әдетте жазу жалпыға ортақ
болғандықтан, оның ережелері де
көпшілікке бірдей болып, қалың жұрттың
пайдалануына арналады. Сондықтан емле ережелері әрі ортақ,
әрі тұрақты
болуға тиіс.
Емле ережелерінің тиянақсыздығы жазатын адамға үлкен қиындық
келтіреді. Белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы бір ізге түспеген
болса, ең сауатты адамның өзі толқып, қиналады. Бұл сауатты жазудың басты
шарты. Жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта
естен шығармаған жөн.
Ал тыныс белгілерін дұрыс қоя білу сауаттылықты арттырады, әрі
синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі. Тіліміздегі
сөздер синтаксистік
қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды
мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері,
тыныс
белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Кейде сөйлемді дәл
ұғуға тек тыныс белгісі ғана көмектесетін контекстер де кездесіп қалады.
Сондай-ақ сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс
бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі.
Міне осындай жағдайлар
мен тыныс белгілерін қарастыру пунктуацияның үлесінде.
«Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы» оқу құралының негізгі
мақсаты – болашақ ұзтаздың тіл ғылымының салаларымен байланысты сауатты
жазу ережелерінің бағдарламалық материалдарын студенттерге тиянақты да
жүйелі үйрететін іскерліктерін шыңдау. Сауатты жаза білетін ұрпақ тәрбиелеу
үшін білімді ұзтаз тәрбиелеу.
Осы еңбекті игеру жолында
студент өзінің білімін шыңдау, дағдылық,
іскерлік қабілетін дамытып, ана тілінің
қасиетін тереңінен танып, оның қыр-
сырын меңгеріп, өз бойына ана тіліне деген сүйіспеншілігін дарытып, тіл
мәдениетін өркендетуге үлес қосады деген ойдамын.
Оқу құралының
мәселелері бойынша сын айтып, пікірлерін ортаға
салушылар болса, алдын ала шын жүректен рахметімді айтамын. Болашақта
сіздердің көмектеріңізбен оқу
құралын ары қарай толықтырып, сапасының
жақсаруына еңбек ете бермекпін.
Достарыңызбен бөлісу: