Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет6/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Тарихи-дәстүрлік принцип. Тарихи-дәстүрлік принципке орыс тілінен және 
орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздердің қазақша айтылуынша емес, 
орыс орфографиясы бойынша жазылуы жатады: спорт, стадион, алгебра, 
физика, химия, геометрия, банк, биржа, съезд, фестиваль, кандидат, доктор, 
капитал, кальций, авиация, акционер. Бірақ бұларға қазақ тілі қосымшалары 
фонетикалық-морфологиялық принциппен жалғанады, яғни сөздің соңғы 
буынының жуан-жіңішкелігі, сөз соңындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдығы 
(бұл сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған күнде), дәнекер 
ы, і дыбыстарына иек артуы сияқты құбылыстар орын алады: акционер+лік, 
кон+церн+дер, репор+таж+ы дегендерде кірме сөздің соңғы буындарына қарай 
бірде жуан, бірде жіңішке қосымшалар жалғанған, ал банк, фонд сияқты
сөздерге қазақ қосымшалары ы, і дәнекерлері арқылы қосылады: банк +і+ге, 
банк+і+ден, фонд+ы+сы. 
Араб пен парсы тілдерінен енген бірқатар сөздерді қ, һ әріптері арқылы 
жазу да дәстүрлік принципке сүйенеді: хат, халық, хабар, хал, хан, -хана, 
гауһар, жаһан, қаһарман. Бұлайша таңбалау 1940 жылы қазақ тілінің 
кириллицаға негізделген жаңа жазуы мен жаңа емле ережелері қабылданған 
кезде көрсетілді де, содан бергі мерзім ішінде осылайша таңбалау дәстүрге 
айналды. 
Орфографиялық сөздіктің құрылысы. Сөздікке қазақ тілі сөздік 
құрамындағы сөздердің бәрі түгел енген жоқ, жазылуы бірқыдыру қиын деген 
сөздер енді. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген сөздердің де барлығы бірдей 
енбей, олардың ішінде жазылуы күрделілеу ең жиі қолданылатындары және 
қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда, жазылуы қиын соғатындары берілді. 
Мысалы: абстракт (абстрактіге, абстрактісі), альманах (альманахы), 
принцип (принципі), калий (калийге, калийі), полюс (полюске) т.б.  
Идиома, фраза тәрізді тұрақты сөз тіркестерін кейде бөлек, кейде қосып
кейде дефис арқылы жазу қаупінен сақтандыру үшін, көбінесе, екі сөзден 
құралғандары реестр етіп сөздікке енгізілді: боз өкпе, жез таңдай, нар тәуекел, 
ақ ниетті, қара ниетті т.б. Қос сөздер сөзтізбеде (реестрде) берілді. Жазылуы 
қиындау сирек қолданылатын кейбір көне сөздер сөздіктен орын алды. Оларға 
жақша ішіне «көне» деген белгі қойылып, кейбіреулеріне түсініктеме берілді: 
ағасұлтан (көне; термин), айдауыл (көне; конвой), басқақ (көне); бірауыз 
(көне; мылтық), қаратаяқ (көне; интеллигент), сияз (көне) т.б. Авиа, авто, 
кино, аэро... сияқты сөздермен келетін күрделі тұлғалардың көбінесе қазақ 
сөздерімен келетіндері берілді де, жақша ішінде орыс немесе қазақ сөздерінің 
осы компоненттер қосылуы арқылы жасалатын өзге түрлерінің де бірігіп 
жазылатындығы ескертілді. Бір өсімдіктің, аңның, жәндіктің, аурудың екі-үш 
түрлі атауы бары белгілі. Әр түрлі мақсатпен олардың барлығының да жазба 
әдебиетте қолданылатындығынан бұл жарыспа сөздердің көпшілігі сөздіктен 



орын алды. Мысалы, тышқан тұқымдас бір ғана аңның үш аты бар: 
аламан//атжалман//алақоржын. Бұл үш сөздің үшеуі де өз орындарында 
берілді. 
Екі түбірден құралған термин сөздердің басым көпшілігінің бірігіп 
жазылатындығын ескеру үшін бірқатар сөздердің тұсына жақша ішіне сол 
терминнің «иесі» болып тұрған ғылым саласының аты немесе «термин» деген 
белгі көрсетілді: қуысмүйізділер (термин), алауыздық (термин), алғышарт 
(термин), атсайыс (спорт термині) т.б.
Әр түрлі айтылып және түрліше жазылып жүрген сөздердің дұрыс емес 
түрі жақша ішіне алынып, «емес» деген сөзбен берілді: маңдай (маңлай емес), 
айнала (айлана емес). Мұндай ескертулер өткен басылымдарға қарағанда, 
едәуір азайды, өйткені көптеген сөздердің жарыспалы тұлғалары екшеліп, 
олардың бір вариантының жазылуы соңғы ширек ғасыр ішінде орнықты деуге 
болады.
Реестрдегі сөзбен көбінесе тіркесе айтылатын екінші сөз жақша ішінде 
берілді: ат шаптырым (жер), әбілет (басқыр), әлден (бастап), дақ (түсу), 
далап (жағу) т.б.
Бұлар реестр сөздің жалғасы іспетті сол шрифтімен терілді.
Мағынасы түсініксіздеу деген сөздің тұсына жақша ішіне әр түрлі жолмен 
түсіндірмесі берілді. Ол түсіндірмелер:
1) сол заттың жалпы атын көрсету арқылы берілді. Мысалы: ақиық (құс), 
ақшелек (індет), бұзаубас (құрт), аюқұлақ (өсім.) т.т.;
2) кейбір сөздер синонимі арқылы түсіндірілді: қайтіп (қалай), әнтек (сәл), 
әсел (бал);
3) бірен-саран сөздердің түсіндірмесі орыс тіліндегі баламасы немесе 
ғылыми термині арқылы берілді: Ақшақар (Снегурочка), қылтүтік (капилляр), 
көлтабан (лиман);
4) бірқатар сөздердің бөлек не бірге жазылу себебін таныту үшін немесе 
мағыналарын ажырату үшін, оның қай сөз табына жататындығы жақша ішінде 
көрсетідді: ауру (зат е.), ауыру (етістік), дағы (шылау), гөрі (шылау), моһ-моһ 
(одағай) т.т. Сөз таптарының аталуы қысқартылып берілді. Ол қысқартулардың 
тізімі кітап соңында.
Сөзді тәуелдегенде соңғы буынындағы ы, і әріптерінің түсіріліп немесе 
түсірілмей жазылатындығы сол сөздердің ІІІ жақта тәуелдеулі түрін 
жалғастыра беру арқылы көрсетілді: ауыл, аулы; ауыз, аузы; орын, орны; 
халық, халқы; көрік, көркі («ажар» мағынасында), парық, парқы. Бұл сөздерде, 
демек, тәуелдегенде ы, і әріптері жазылмайды, ал бауыр, бауыры; дәуір, дәуірі; 
иық, иығы; иін, иіні; көрік, көрігі (ұстаның көрігі) деп көрсету бойынша бұл 
әріптер түсірілмейді.
Ы, і, й дыбыстарына аяқталатын етістіктердің реестр сөз ретінде берілген 
тұйық түрінің (-у жұрнақты түрінің) қасына үтірден кейін оның II жақ бұйрық 
райдағы, III жақ ауыспалы шақтағы түрлері және үш дауысты дыбыс әрпі қатар 
келетіндерінің III жақ тәуелдеулі тұлғалары берілді: азаю, азай, азаяды, азаюы; 
бүрку, бүрік, бүркеді; қабу, қап, қабады (ит қабады), қабу, қабы, қабиды 
(көрпені қабиды); ою, ой, ояды, оюы; құю, құй, құяды, құюы. Тұйық етістік 



түрінде қос уу әріптеріне аяқталатын сөздердің III жақтағы тәуелдеулі түрі де 
көрсетілді: ауу, аууы; қуу, қууы. 
Орыс тілінен енген сөздерге қосымшаның жуан не жіңішке 
жалғанатындығын көрсету үшін сол сөздің барыс септіктегі түрі мен 
тәуелдіктің III жағындағы тұлғасы берілді. Етістікке бұл жалғаулар жуан 
жалғанып тұрса, сол сөзге қалған жалғаулардың және жұрнақтардың барлығы 
да жуан жалғанады деп білу керек және керісінше: педагог, педагогке, педагогі; 
парк, паркке, паркі; блок, блокқа, блогі; поляр, полярға, поляры; полюс, полюске, 
полюсі; ансамбль, ансамбльге, ансамблі; цех, цехқа, цехы. Жіңішке ль 
дыбысына аяқталатын сөздерге тәуелдік жалғаулары тек қана жіңішке 
жалғанатындығы да (басқа қосымшалар жуан жалғанғанмен) көрсетілді: 
магистраль, магистральға, магистралі; фестиваль, фестивальға, фестивалі.
Бірдей екі дыбысқа (сс, лл, тт сияқты) және ст, зд, сть дыбыстарына 
аяқталатын сөздерге қосымша жалғанғанда соңғы әріптерінің түсіп қалатын-
қалмайтындығы сол сөздердің барыс жалғаулы және III жақтағы тәуелдік 
тұлғасының қатар берілуі арқылы көрсетілді: металл, металға, металы; класс, 
класқа, класы; грамм, грамға, грамы; съезд, съезге, съезі; ведомость, 
ведомосқа, ведомосы.
Орыс тілінен енген, дауыссыздар тіркесіне аяқталатын кейбір сөздерге 
қазақ тілі қосымшалары дәнекер ы, і әріптері арқылы жалғанып 
жазылатындығы қатарында көрсетілді, ол үшін сөздің барыс жалғаулы және III 
жақтағы тәуелдік жалғаулы тұлғасы берілді: фонд, фондыға, фондысы; ромб, 
ромбыға, ромбысы; лифт, лифтіге, лифтісі. Сөз соңындағы п, х 
дыбыстарының 
дауыстыдан 
басталған 
қосымша 
жалғанғанда 
ұяңдамайтындығы ғана III жақтағы тәуелдеулі түрін беру арқылы көрсетілді: 
принцип, принципі; тип, типі; альманах, альманахы; цех, цехы; тарих, тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет