5
1- тақырып. Қазақ орфографиясы пәні
Жоспары:
1 Орфографияның мақсат-міндеттері
2 Морфологиялық-фонематикалық принцип
3 Фонетикалық принцип
4
Тарихи-дәстүрлік принцип
5 Орфографиялық сөздік
Орфографияның мақсат-міндеттері.
Орфография (грек. оrthographia, orthos
– дұрыс, grapho – жазу, жазамын) – жазудың біркелкілігі үшін ережелер
жүйесін жасайтын тіл білімінің саласы. Орфография және пунктуация пәнінің
мақсат-міндеттері - қазіргі қазақ жазуы емле ережелерінің қалыптасу негіздерін
көрсету, студенттерге сөздерді ережеге
сай дұрыс жазуды меңгерту, қазақ
орфографиясының негізгі принциптерінің сипатын анықтау, емле ережелерін
тәжірибе жүзінде меңгерту мәселелерін зерделеу. Орфографияда сөздерді
ережеге сай дұрыс жазу, соның ішінде түбір сөздердің
және қосымшалардың
жазылуы, сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы, шылаулар мен
одағайлардың және бас әріптердің қолданылуы мәселелері қамтылады.
Орфография дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің
құралы.
Морфологиялық-фонематикалық принцип. Көптеген
тілдердің емле
заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық,
фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік принциптер.
Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары
сақталып жазылады. Фонематикалық принцитпке дыбыстардың бір сөз ішіндегі
немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмей, негізгі
фонемалық түрі сақталып жазылуы жатады. Фонетикалық принцип бойынша
сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар
айтылуынша жазылады. Тарихи-дәстүрлік
принцип бойынша жазу сөз
бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне
де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып
кеткен жазылу түрі сақталады.
Қазақ орфографиясының негізгі морфологиялық-фонематикалық және
фонетикалық принциптерге сүйенеді.
Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз бөлшектерінің (түбір, жалғау,
жұрнақтарының) басым көппшілігінің түпкі тұлғасы сақталып жазылады.
Мысалы, жұмыс, іс, аш деген түбірлерге –шы, -шен,
- са қосымшалары
жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы) жұмұшшы, ішшен, ашша болады.
Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан түбір тұлғасы сақталып,
жұмысшы, ісшен, ашса түрінде жазылады. Сондай-ақ, қашанғы, түнгі, күнге
деген сөздердің естілуі қашанғы, түнгү, күнгө болады. Бірақ бұлардың айтыл
6
уындағы фонемалардың қосалқы реңкі есепке алынбай, сөз бөлшектерінің түпкі
тұлғалары сақталып, фонмалардың негізгі реңкі таңбаланады да, қашанғы,
түнгі, күнге болып жазылады. Бұл ереже емленің фонематикалық принципінің
қолданылуын танытады. Қазақ орфографиясында фонематикалық принцип пен
морфологиялық принциптердің тоғысып кететін сәттері жиі кездеседі. Мысалы,
біріккен сөздер мен қос сөздер де,
негізінен, әр компонентінің жеке тұлғасын
сақтап жазылады, олардың арасындағы дыбыстардың айтылуыда бір-біріне
ететін әсері ескерілмейді. Айталық,
қара-құйрық (жануар), жар-қабақ, орын-
басар, алма-кезек, көзбе-көз, қиян-кескі деген сөздер біріккенде не
қосаранғанда, айтылуы (естілуі)
қарағұйрұқ, жарғабақ, орұмбасар, алмагезек,
көзбөгөз, қиянгескі болады, бірақ әр сөздің түбір тұлғасы сақталып,
қарақұйрық, жарқабақ, орынбасар, алма-кезек, көзбе-көз, қиян-кескі түрінде
жазылады. Бұл әрі фонематикалық, әрі морфологиялық принциптердің
қабаттаса қолданылуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: