Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет72/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
 
Ұлт ойындары 
Ауыз әдебиетінің қысқа түрлері бесік жыры ана сөзі ертегі жаңылтпаш 
жұмбақ тақпақ ойындар ел арасында көп жайылған ойындар асық ойынының 
неше түрі отырып ойнатып тұрып атып ойнайтын лекек доп ақсүйек қарабие 
тоқтышақ қарақұлақ айгөлек ойындары дене шынықтыруға жүйріктікке 
шыдамдылыққа тапқырлыққа жаттықтырмай ма есепке үйрететін ойындар 
мыналар тоғыз құмалақ дойбы ойындары. 
Бірақ тұрмыс жаңаланған сайын халық мәдениеті өскен сайын ұлт 
ойындарының біразы өзінен өзі ескіріп ұмытылады мысалы бүгінгі мектеп 
оқушылары мен пионерлерге тоқтышақ қарабие қарақұлақ ойындарының бәрі 
ерсі ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін. 
Колхоз совхоз орталықтарында клуб қызыл мүйіс бәрі ұйымдасқан 
жастардың ойын орны стадиондар доп каток мұз сырғанағы бәрі тәртіпті 
қалыптасқан бейнеде ұйымдастырылады қазақ халқының ертеден әдетіне 
сіңген ұлттық қалпына жарасымды кейбір спорттық мәні бар ойындарды 
«алтыбақан» «әйгөлек» «ағаш аяқ» «құр - құр» «серке тарту» «салма алу» 
«теңге алу» «сайыс» тағы басқа әлденеше ойындарды жастар ойнады. 
 
5-жаттығу. Мына сөйлемдердегі бірыңғай мүшелердің бір-бірімен 
мағыналық қатынастарда, қандай тәсілдер арқылы байланысып жұмсалғанын 
түсіндіріңіздер; бірыңғай мүшелері әрі дауыс ырғағы арқылы байланысқан 


76 
сөйлемдер мен бірқатары дауыс ырғағы арқылы, бірқатары жалғаулық арқылы 
байланысқан сөйлемдерді көрсетіңіздер. 
 
Абай мен Ұлжан сескенді де, Зеренің қасын күзетті. (М.Ә.) 2.Дарвиннің
еңбектерінен асығып-саспайтын сабырлық пен адалдық та, іс жүзінде әбден 
тергелген ақиқат та, кішіпейілділік те ап-айқын көрініп тұрады. (К.Т.) 3.Айнала 
бірде аққұтанның әдемі сапарларында желбіреген ақ селеулі дала, бірде қызыл 
бұйра тобылғылы, жасыл қоңыр қарағанды адырлар, шоқылар, таулар, бірде 
көк ала қамысты көлдер, бірде сары ала жон белестер кездесіп қалып жатыр. 
(С.С.) 4. Жылтыр, қою қара қасы бар, ажарлы, үлкен қара көзді, қырлы кесек 
мұрынды және әдемі қиылған, қысқа мұрты бар қара сұр жүзді Дәрмен 
Долговқа анық кавказ типінің бірін елестетеді. (М. Ә.) 5. Ендеше, мен ғана 
емес, сен де оқы...(С.М.) 6. ...Манас тағы да ақырын дауыспен, бірақ зілді, 
ызғарлы үнмен бұйрық етті. (М.Ә.) 7. Тоқабай есікті сыртынан мықтап тіреді 
де, атына мінді. (Ғ. Мұст.) 8. Осы үйге Құнанбай балалалары ... тай, жабағы 
әкеліп немесе ту бие әкеліп сойғызып тастайды. (М.Ә.) 9. Дауысы ащы да қатал, 
зілді де кекті шығады...(Ғ.М.) 10. Биылғы қыстың басы адамға да, малға да әзір 
аса жайлы боп тұр. (М.Ә.) 11. Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде 
жұмсақ. (Ғ. Мұст.)12. Бірнеше күннен кейін мен, әжем және апам – бәріміз 
кемеде, кішкене каютада, келе жаттық. (М.Г.) 13. Ол сасқанынан арбаға бір 
мінді, бір түсті. (С.М.) 14. Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде де, 
ертеңінде де түсіне алмай кетті. (М. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет