72
Бір сөз бірдей не әр түрлі тұлғада қайталап айтылса, араларына үтір
қойылады. Олар қатар да, араларына сөз салып та келе береді. Лаула, жан,
костёрден от, лаула, лаула! Келіңдер, кел, балалар, от жағуға! Жүйткиді поезд,
жүйткиді! (Н.Байғанин). Жантық-ай,
бері келші, бері (Ғ.Мүсірепов). Малға
апарып салсам, сиыр екеш, сиыр да мұрнын шүйіріп жемейтін (“Аяз би”
ертегісінен). Ол үйінде отырса, отырсын. Солай болса, болсыншы. Молдадан
оқымасаң,
оқымай-ақ қой, шырағым (С.Мұқанов). Бұларды дефиспен
жазылатын қос сөздермен шатастырмау керек.
Екі бірыңғай мүшенің арасында келетін бірақ, дегенмен, алайда, сонда да
деген жалғаулықтар мен сондай-ақ, сонымен бірге деген тіркестердің алдынан
үтір қойылады. Мысалы:
Абай өлеңдерінде, сондай-ақ публицистикалық
әңгімелерінде баланы тәрбиелеу деген мәселеге үлкен мән берді.
Бірыңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін сұраулық шылаулары, болсын
деген сияқты сөздер қайталап келе береді, мұндайда бірыңғай мүшелердің
араларына үтір қойылады:
Тал-терегі болсын, тау қайыңы – қисықша
қызылқайың болсын – барлығы да көктеп жайнап тұр (М.Әуезов). Желдің бе,
қасқырлардың ба – әлдененің ұлыған үні жер-көкке сыймай тұрған сияқтанады
(С.Мұқанов).
Үн жоқ, түн жоқ; ұзын арқан, кең тұсау; бір сырлы, сегіз қырлы; апы кіріп,
күпі шығып; алты аласы, бес бересі; күн демей, түн демей; о жак,
бұ жағы
сияқты күрделі қос сөздердің арасына, бірыңғай мүшелерге қойылғандай, үтір
қойылады. Мысалы: Ол бір сырлы, сегіз қырлы жігіт еді. Қос салт атты үн жоқ,
түн жоқ жүріп келеді. Ол әңгіменің о жақ, бұ жағынан бір шығып отыр.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден
кейін қос нүкте қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса,
бірыңғай мүшенің ең соңғысынан кейін сызықша қойылады: Үш-ақ нәрсе –
адамның қасиеті:
ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Бұл өлең
жолдарының қара сөзбен айтылатын құрылымы мынадай болар еді: Адамның
қасиеті – үш-ақ нәрсе: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Мұнда
жалпылауыш сөз – үш-ақ нәрсе (баяндауыш). Бұл сөйлем бірыңғай
баяндауыштармен аяқталып тұр. – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай сөз
бастау үшін. – Үшеу: Балтабек, қатыны,
қарындасы, – деді Бүркітбай
(С.Мұқанов). Бұл сөйлемнің толық түрі: Бұл үйдің жаны үшеу: Балтабек,
қатыны, қарындасы болар еді. Сөйледі Жамбыл бәріңе: Жасың менен кәріңе
(Жамбыл).
Достарыңызбен бөлісу: