74
Он мың метр теңіз түбіндегі тіршілік жуырда осыдан бірнеше ай бұрын
шетел баспасөздерінде Данияның «Галатия» дейтін
кемемен сапарға шыққан
океанографиялық экспедициясының теңіз түбін зерттеуде жүргізген
жұмыстарының қорытындысы жарияланды.
Экспедиция тамаша жаңалықтар ашқан экспедиция негізінен зерттеу
жүргізген Филиппин құламасының тереңдігі
соншалық оған Эверест тауы
түгел бойлап кетерлік екен ғалымдар болат сымға байланған қажет еткен
тереңдікте ашылып – жабылатын сүзекі торды 10190
метр теңіз тереңдігіне
түсіріп көрді бұл тор 7 текшеметрлік алаңдағы жәндіктерді бірден сүзіп алады
бас – аяғы екі сағаттың ішінде зерттеушілер теңіз тұңғиығынан адам айтқысыз
көп тастар мен ірі жәндіктер ұстап сыртқа шығарды.
Экспедицияның хабарына қарағанда 7 мың метр тереңдіктен әрі қарай
суда балық болмайды екен одан әрі тұңғиықта жабайы жәндіктер –
бактериялар ұлу құрттар шаяндар – өседі.
Өмір бойы сонда қараңғы түн түнегіндей теңіз түбінде өзінің жемін ұстау
үшін «шам жағып» жүзіп жүретін құбыжық балықтар
көзі жоқ бірақ оның
есесіне тұңғиықта өмір сүру үшін лайықталғандай ұзын қанаттары бар
балықтар да кездеседі.
2- жаттығу.
Біріңғай мүшелері бар жеке сөйлемдерді
текістен көшіріп жазып, ережесін
еске түсіріңіз.
Шынының жаңа қасиеті
Адамның шыны өндіре бастағанына 5 мың жылдан аса уақыт өтті.
Шыныдан жасалған бұйымдар күнделікті тұрмыста кең таралған.
Олардың
құрамына кремний, кальций, натрий, калий, алюминий, магний, қорғасын және
оттегі элементтері кіреді. Шыны заттардың бәріне тән қасиет – сынғыштығы.
Химияның соңғы табыстарды шынының жаңа қасиетін ашты. Соңғы жылдарда
шынының құрамына жоғарыда аталған элементтерден басқа цезий, титан,
вольфрам тағы басқа сирек кездесетін элементтерді
қосу арқылы, оның жаңа
сорты алынды. Бұл болаттан қатты, алюминийден жеңіл, тотықпайтын шыны.
35000 градустан
аса температураға төзімді, соққыға шыдамды болып келеді.
Шынының бұл сорттары өнеркәсіпте көп қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: