78
Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді
байланыстырып тұратын бірақ, сонда
да, алайда,
сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалып айтылғанда,
олардың орнына үтір мен сызықша қойылады: Үйде шешен, – дауда жоқ
(Мақал). Тұрайын деп еді, – тұра алмады. Есіктің киізін олай итерем, бұлай
итерем, – ашылмайды (С.Мұқанов). Аяп келдім, – айта алмадым (Ғ.Мүсірепов).
Елге мойнымды созам, – көрінбейді. Манайға мойнымды созам, – дәнеңе жоқ
(С.Мұқанов). Біз Алатаудай ел едік, – теңемек болды ойға жау (Жамбыл). Аяғы
жоқ, – жүреді, аузы жок, – сөйлейді (Жұмбақ).
Өйткені, себебі сияқты жалғаулықтар түсіп
қалып жасалған салаластарда
жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Мен жиналып
үлгеретін болдым: пойыз кешке жүреді екен. Салған әні жан-дүниемізді
балқытты: даусы аса әсем екен.
Салаласқа енген жай сөйлемдегі іс шұғыл болса, немесе біріндегі іске
екіншісіндегі қарама-қарсы қойылып айтылса, араларына сызықша қойылады.
Мысалы: Тептім – терекке шықтым (Жұмбақ). Толқып теңіз бір уақытта
Сарқырап кеп шайқалды ол Қалып қойды жағада сол Отыз үш ер кіл каһарман
(А.С.Пушкин). Ти десем – тимейді, тиме десем – тиеді (Жұмбақ). Айтты –
көндім, алды – бердім, енді өкіндім, өзіме аз (Абай).
Да (де, та, те), әрі, не, немесе, яки, біресе, бірде жалғаулықтары салаласқа
енген жай сөйлемдердің әрқайсысында қайталап келсе де, қайталамай келсе де,
жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы:
Біз Балқашқа баратын
поезды күттік те, ол Петропавл поезымен со күні кешке Алматыға аттанды
(М.Иманжанов). Күн де шықты, біз де тұрдық. Біресе себелеп жаңбыр жауады,
біресе қиыршақтап қар жауады.
Салаласқа енген жай сөйлемдердің арасында және жалғаулығы тұрса, үтір
қойылмайды. Мысалы: Үйге берілетін тапсырмаларды оқушылар өз беттерімен
орындай алатын болсын және ол жаттығулар үлкен болмасын. Бұл биенің
құлыны да өзіне тартқан бурыл болады және бұл бие ерте құлындайды
(С.Мұқанов).
Салаласқа енген жай сөйлемдер бірақ, өйткені, сондықтан, дегендей,
алайда, әйтсе де, ал деген жалғаулықтармен байланысса, үтір олардан бұрын
қойылады: Жарты сағаттан кейін атқа қондым, ал Савельич қала адамдарының
бірі тегін берген көтерем ақсағына мінді (А.С.Пушкин). Жұрт Павелді қоршап
тоқтай қалды, бірақ ол алға жарып шықты (М. Горький). Күн бұлттанып-ақ тұр
еді, алайда жауа қоймады. Бірақ, өйткені, сондықтан,
дегенмен, алайда, әйтсе
де, ал деген жалғаулықтар жеке сөйлемнің басында келсе, олардан соң үтір
қойылмайды. Кейде бірақ, дегенмен, алайда жалғаулықтары жеке жай
сөйлемнің ортасында келулері мүмкін. Онда да алды-артынан үтір
қойылмайды. Мысалы:Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады.
Бірақ жатқан
қалпынан тырп етіп қозғалған жоқ (С.Мұқанов). Сондықтан да соңғы бір-екі
күн бойында Татьянаны ақын өз елінің тілімен сөйлете бастап еді (М.Әуезов).
Анық-ақ көрген кісім. Ал сонда қайда көрдім. Сүйген қызымды қолтықтап, мен
өз елімнің кең көшесінде аяғымды алшақ басамын. Алайда айналамда не болып
жатқанына көзімді жұма қарайтын парықсыз, тоғышар жан мен емес
(М.Иманжанов).