83
Үйректің маңайындағы су бұрқ ете түсті бірақ оқ үйрекке тимеген боп
шықты. Тоқтар мылтығын екінші рет атты үйректің аунап түскенін
бәрі де
анық көрген еді бірақ үйрек өлмеді су бетін сызып жүзіп жүр. Тоқтар
мылтықты үшінші рет атты сонда да үйрек өлмеді балалар Тоқтарды мазақтап
жатыр. Тоқтар мән-жайға енді толық түсінді күні бойы атқаны көгілдір үйрек
емес қуыршақ үйрек болып шықты (С. Бақб.).
3-жаттығу.
Салалас сөйлемдердің жалғаулықтысын бір бөлек, жалғаулықсызын бір бөлек
теріп жазыңыздар, тыныс белгілерінің ережелерін айтыңыздар.
Маржан біреулердің ісін біресе мұқатады,
біресе олардың тұрмысын
кемітеді (Н. Ғ.). Олар бұлақ жағасына қаздай тізілді де, беті-қолдарын жуды,
кейбіреулері киімін кеудесіне дейін шешіп тастады. Адам сараң, табиғат
мырза... Салқын су жуынған
жанның денесін сергітеді, жанын жадырата
түседі... Ол анадай жерде темекісін бұрқыратып тұр,
сол қолын мықынына
тірейді де, аздан соң торы бестінің үстіндегі Павелге қарап тұрған
Коротченкоға қарай жылжиды. Аттан түсті, торы бестіні ағашқа байлады. Сол
бетінде ат дүбірін естіді, артына жалт қарады да, күлімсірей қалды,
кейінгі
барлаушылар да штабқа жетіп үлгергенін көрді (Ә. Ш.). Ащылы шөптің
тұқымы да күшті, мал тез семіреді және ащыға семірген малдың еті де, сүті де
тұщыға семірген малдан күшті болады (С. М.). Сен жақсы жігітсің, бірақ кейде
оңай лыпылдайтының бар. Рахмет те қойшы болуы керек еді, бірақ ғасырлар
бойы қойшылықпен келе жатқан атаның заңын бірінші рет Рахмет бұзып-ақ
жіберді. Рахмет есіктен
шықты да, беті ауған жағына кетті (С.Е.).
Достарыңызбен бөлісу: