Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет79/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
6-жаттығу. 
Текстегі сөйлемдерді талдап, салаластың қай түрі екенін ажыратып, тыныс 
белгілерін қойып жазыңыздар.
 
 
Құстар керісі 
 
Бір құс аулаушы адамның орман ішінде құрып қойған торына қарғалар 
торғайлар көгершіндер келіп түсті олар тордаң босаудың жолын іздейді әрі бір 
– бірімен ақылдаса бастайды. 
- Бәріміз қанатымыздың бірден қағайық та ұшып кетейік мүмкін торды 
көтеріп кетерміз – десті. Шынында да олар торды алып ұшты да кетті. Қайран 
қалған құс аулаушы «Торға әр түрлі құс түсті олар өзара керіседі де жылдам 
ұша алмайды және тор жерге қарай тартады» деп ойлайды. Расында да солай 
болады. Қарғалар: - Біз аянбай күш жұмсап келеміз басқа құстар сендер сендер 
сияқты жалқау болсақ тормен бірге баяғыда жерге түскен болар еді, - дейді. 
Бұл сөзді естіген көгершіндер: 
- Біз сендерден кем сүйреп келе жатқанымыз жоқ, - дейді. Алауыздық 
кірген жерде жерде береке бола ма және басқа құстар да керісті. Барлығын 
қанаттарын ақырын қақты тор жерге салбырап түсе бастады. Құс аулашы 
олардың бәрін шап беріп ұстап үйіне апарды да торға қамап қойды. 
 
Болаттың белгісі 
 
Болат тау беткейінен қол қорабын толтыра қарақ теріп қайтып келе 
жатыр. тас төбеден аумай шақшиып тұрған күн таңдайды кептіреді. Жолда сұп 
– суық сарқырама өзен бар -ды. сол жаққа қарап еді бір топ бала шомылып 
асыр салып ойнап жүр еді. соларға барып қосылса салқын суға сүңгіп – сүңгіп 
алса қандай рахат! Бірақ «балалар қарақатымды талап жеп қояды – ау» деп 
ойлады Болат. Апам одан қақ қайнатам демеп пе еді? Қарақатын балалардан 
қызғанған Болат қорабын оң жақ қапталдағы қалың егін арасына тығып кетіп 
қайтарда алмақшы болды. Мұндайда бір белгі қою керек. Бірақ біркелкі егін 
арасынан ондай оқшау белгі табылар болмады. Сөйтіп аңырап тұрғанда 
аспандағы күннің бетін тоқымдай бұлт көлегейлерді де көлеңкесі Болаттың 
аяғының астына келіп түсті. Болат қуанып кетті. Әлгі көлеңкені белгі етіп 
ыдысын қойып бетін шөппен бүркеді.Сөйтті де өзенге қарай жөнелді. 
Біраздан кейін Болат суға шомылып салқындап қайтып келе жатты. Бірақ 
ол қанша іздесе де ыдысын да, белгілеп кеткен көлеңкені де күн бетін бүркеген
бағанағы ақша бұлтты да таппады. Көз тұндырған жалпақ егіннің ішінен кіп – 
кішкентай қорапты табу оңай ма ? Әбден шарасы таусылған Болат өзен 
жағасындағы балаларға қайта келіп жыламсырап тұрып бәрін де амалсыз 
айтып берді. 
Болаттың қызғаншақтығы мен аңқаулығы көпке дейін жолдастарының 
арасында әзіл болып жүрді. \ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет