Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет78/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
4-жаттығу. 
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тыныс белгілерімен бөліп жазып, бағыныңқы 
сөйлемдерінің баяндауыш формаларын көрсетіңіздер, қалай жасалып тұрғанын айтыңыздар.
 
Ат тұяғының тықыры естілгенде ғана артына жалт қарап қолына тас алды 
Олжабек (Ғ.Мұст.). Ұлжанның мол денесін қапсыра құшақтап қатты қысып 
бетінен, мұрнынан, көзінен қайта-қайта сүйді (М.Ә.). Ел әлі жалқаулықтан 
арыла алмай шын іске келгенде пысықтығын білдіре алмай жатыр. Жалма-жан 
тұра сала далаға шықсам сәске түс болып күн ыси бастаған екен (Б.М.). Бұл 
бұрын көпті жылатқан болса енді сол көп елден жиылған көптің өзі келіп 
мұның малын шұбыртып ауылын шулатып өзін жерге тыға қор етіп кек алып 
кетті (М.Ә.). 
Жас сәби жаны қиналып кеудесі сыр-сыр етіп алқынған сайын мұның да 
тынысы ауырлап ентіге түсті. Осы отырғанда балық бөлісіп жатқандай үйді 
бастарына көтере қауқылдасып бірнешеуі бірден жамырап жарыса қабаттасып 
сөйлеп кетті... Онда да тереңге бармай азғана ауын теңіздің тайыз басына 
салып үй ішінің кешке қазан қайнатқанын напақа көреді. Судыр Ахмет кімге 
ұрынарын білмей бойын ашу кернеп түйіліп келсе... үй іші көшуге әзір отыр 
екен. Көзіне құйылған жасты қарсы алдына анталап отырған әпербақан 
жігіттерге көрсеткісі келмей төмен қарап жер шұқылып қалды. Жасағанберген 
сыр бермей үй ішімен сыпайы қош айтысып жүріп кетті. Күн ұзын теңіз 


84 
үстінде боп үйге кейде ерте, кейде кеш келгенде есіктен кіре бере анасының 
қасы мен қабағына қарайтын. Енді тереңдеді-ау деп қауіптенгенде қақ суы 
кенет тайыздап тағы да ат шашасынан келіп шалпылдатып көшіп келе жатты.  
 
5-жаттығу
Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге 
айналдырыңыздар, тыныс белгілерімен ажыратып жазыңыздар. 
 
Батыраштың ол ойы болмай көңілсізденіп тұрған жайы бар; Назыкеш пен 
Сейіт Қарағандының қарасын көргенде күн де көтеріліп қалып еді; Ақмолада 
биыл ашылғалы тұрған мектеп әуелі шығыннан басталса да бара-бара үлкен 
іске айналатын бет алып еді; Ушаков Баяндыны көптен білсе де балға ұстап 
отырған жігітті бірінші рет көріп тұр еді; Алғашқы бір күн Чайкин тұтқынға 
алынбаса да декабристердің дарға тартылар күні кешке қарай көшеде 
ұсталады; Осы күні үйіне қонақ келгенде зырылдауықтың қақпағын ашып 
әлсін-әлсін зырылдатып алу балалардан бұрын Байжекеңнің өзінің бір 
мақтанышы болып алды; Осы молшылыққа мына келген орыс жұмыскерлері 
де сұғына кетсе кейін ол қолды қағу қиындай бермек; Басын көтеріп алғанын 
біреу көріп қалмады ма екен дегендей айналаға құлағын тосты; Дүние әрекетін 
түгел ұмытып ұрып жатсаң қозғалмайтындай мүлгіп отыр; Өзара орайласып 
қостасып келген жігіттер жұбын жаза алмай айырылыса беріп қайта қосылып 
кетеді; Жат-жарандар кетіп енді тек шаруасындағы адамдар ғана қалған соң 
бұйрықтарын қысқа-қысқа, ашық-ашық берді.  
Игілік бәрібір икем, ыңғай бермей қора-қопсының төбе ағаштарын 
әзірлеп жатқандарға қарай бұрылды; Көлік жетер жерді тұтас алып қараса 
бұдан бір қап көмір алатын өніріс жоқ екен; Алды-артын ойласа бұған болысар 
да бір жан жоқ екен; Бұланбайдың алдын кесіп өте алмай олар да тоқтады; 
Елизавета Быкова сөзін аяқтап болмаса да көлденең қыстырылған сөздердің 
бәрі де өз ойын толықтырып жатқандай болған соң ешкімді тоқтатпап еді
Шұбырған мен құлағанды күнде көріп көздері үйренген әйелдер одан әрі қарап 
тұруды таң көрмей үйге қарай кетіп қалды; Өздері әр бұтаға ықтап әрең күнін 
көріп отырған кедей ел ықтасын бере қоймай қыс бойы алысып келе жатқан; 
Бұланбай Байжан үйіне жеткенде бұл үйдегілердің бәрі де аман далаға шыққан 
екен; Сөйлеп тұрған біреу болса да үлкен дәлел болатын. 
Бақас ауыл күйіп-пісіп отырған біреу барын сонадайдан танып мазақтап 
күлетін сияқты; Күреңкөз қожаны орталарына алып бір топ кәрі-құртаң 
жақындай бергенде Жұман тобының қатты дағдарып отырған кезі еді; Күндіз 
қанша шаршаса да осы жалғыз көріністей Ушаков қайта сергіп кетіп еді; 
Жұмыскерлерін осындай халде ұстап келе жатқан Рязанов оларды қайда 
жіберіп қандай жұмысқа салам десе де ерікті болатын; Бұлар Игіліктің 
ауылының тұсынан өте бергенде көлденең келіп жолдың жиегінде тұрған 
Тілеуке кездесіп еді; Жан-жағын қарасаң бәрі үлкен көше сияқты; Бұл 
шынында да өгей шешесінің отын-суына пысықтық жасай алмаған соң оңай 
ғана тентіретіп жіберген бала болу керек; Орыс жұмыскерлері аз сыйлыққа 
көп қуаныш көрсетіп бірақ оларын қалай айтарын біле алмай бастарын 
шұлғысады.  


85 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет