99
құбылыс. Қаһарлы суық Мұзды мұхит – үстінен құс ұшпаған қырқасын, жан
баспаған жапан түз. Жастар – біздің болашағымыз. Соңғы келген үшеудің
ортасындағы – Құнанбайдың тағы бір
тоқал шешесінен туған Жақып
(М.Әуезов). Бүгін – сапарға аттанатын күн (Бүгінгі күн – сапарға аттанатын
күн). «Ойпырмай» – өкінуді білдіретін одағай. «Кейін» – демеулік шылау.
«Тарақ» деген сөздегі «рақ» – бітеу буын. «А» – ашық дауысты дыбыс. Атау
тұлғадағы
бастауыш не баяндауыш, не екеуі де тәуелдік,
көптік жалғаулы
болуы мүмкін. Ол күнде де бастауыштан кейін сызықша қойылады: Монолог –
бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі. Әкесінің баласы – адамның дұшпаны,
адамның баласы – бауырың (Абай). Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз
(С.Мұқанов). Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы
мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы –
бар жазадан ауыр жаза (М.Әуезов). Ғашықтың тілі – тілсіз тіл (Абай).
Әлі де
беделі – бедел (Ғ.Мұстафин). Күлкі – қыздың күлкісі (С.Ерубаев).
Баяндауыштың алдында не артында ғана, ғой т.б. сияқты шылаулар тұрса,
сызықша қойыла береді: Қаланың қасында көз толатын табиғат –
шалқар көл
ғана (С.Мұқанов). Даланы билеп алған жалғыз үн – күн сайын қатая түскен
күзгі желдің уілі ғана (М.Әуезов). Адамды бақытты ететін – тек қана азат еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: