Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет14/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

4-жаттығу. Текстерден мысал келтіре отырып: а) ж, ғ, ң әріптерінің 
қолданылуын; ә) ф, ц, ч, щ әріптерінің қолданылуын түсіндіріңіздер. 
 
1-нұсқа. 1. Таң білініп, төңірек бозамықтана бастады (Ә.Н.). 2. Кешке 
қарай Әлиза қалжырады; тамағы қарлығып, даусы тарғылданып жыртылып 
шықты (Ә.Н.). 3. Әлиза күн ұясына қонғасын ғана басын көтерді. Кеудесін 
кернеген іштегі ащы күйікті сыртқа шығарып, сарқып алғаннан кейін, бойы 
біраз жеңілденді (Ә.Н.). 4. Станцияның басы олай-былай жүгірген адамдарға 
толған (С.Е.). 5. Бір уақытта чертеждеріне үңіліп, тағы блокнотына жазды 
(С.Е.). 6. – Бір техникалық формула есіме түсіп кеткені, блокнотым машинада 
қалып кеткен екен ғой (С.Е.). 7. Сәрсен физматқа түссем деп жазыпты, ал 
Жабай химфакты қалайды екен, - деді ол әңгімесін жалғастыра түсіп (Ә.Әлім.).
2-нұсқа. 1. Мен тарихшымын, сондықтан бұл даудан шеткері тұра 
алмаймын. Хиросима трагедиясы сияқты, Отрар алапаты да жер үстіндегі ауыр 
трагедиялардың бірі болған (Ә.Әлім.). 2. Осы қалалар құлағаннан кейін 


17 
Шыңғысхан ордасы сол кезге дейін «қаңлылар» (каналдар елі) атанған біздің 
даламыздан еш кедергісіз алға жылжыған. Соның ізінше біздің жерімізді 
жоңғарлықтар мен ирандық Нәдір шахтың аттарының тұяғы айғыздады 
(Ә.Әлім.). 3. Сондықтан оны «Ақ лоцман» деп атайды. Бір елде сондай 
дельфинге орнатылған ескерткіш бір деген сөзді де естідім (Ә.Әлім.). 4. 
Ыстықкөл түбінде шөгіп жатқан Чигучен қаласының тарихына қатысты 
деректерді көбірек білгісі келеді (Ә.Әлім.).
5-жаттығу. Текстерден мысал келтіре отырып, б, в, г, д әріптерінің 
қолданылуындағы ерекшеліктерді көрсетіңіздер. 
1-нұсқа. 1. Бірақ бұл кісі қанша талпынса да, өсе келе педагог бола алмады 
(Ж.Ж.). 2. Міне сол тау ішінің тастар әлеміне, тау жыныстарына құмар геолог, 
минеролог не петрограф деп аталатын жандарға тигізетін әсері қандай 
десеңізші (Т.Әбдісадықов). 3. Өйткені ұзақ саяхатқа шыққан кезде космонавтар 
планетааралық корабльдің ішінде овощ өсіруге мәжбүр болады (сонда). 4. Өзің-
ақ айтшы, экскурсовод болып істеу шынымен ұнағаны ма саған (Ә.Әлім.). 5. 
Египеттің мәдени қазыналарымен таныстырып, арабтардың ғана емес-ау, жер 
үстіндегі мәдениет атаулыны қадірлейтіндердің құрметіне бөленген (Ә.Әлім.). 
6. Екі палуан ортада, кілем үстінде. Арбитрдің үскірік шалуы-ақ мұң екен, екеуі 
ұстаса кетті (А.Х.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет