45
тарихи есімдер сол қалыптасқан түрінде жазылады: Шыңғыс хан, Жошы, Бати,
Үкетай, Қалдан-Церен, Қонтайшы т.б.
Әр алуан мифологиялық «иелердің», «құдайлардың», «әулиелердің»
аттары бас әріппен жазылады: Антей, Зевс, Геркулес, Иусус Христос,
Мұхамбет пайғамбар, Будда, Зеңгібаба, Ойсылқара, Қамбарата, Шопаната,
Бифатима, Әзіреті Әли, Бабатүкті Шашты Әзиз, Бабата.
Ру аттары кіші әріппен жазылады. Мысалы: Бұнда отырған ауылдар –
борсық, жексен аулы. Ол Жиренше бір Шыңғыс болысы емес, көршілес көкше,
мамайға да, керей, уаққа да білікті жігіт болған (М.Әуезов). Жұман –
алтай-
қарпыққа мәлім тапал адам. Е, сексен аулының жігіттері ме? (Ғ.Мүсірепов). Ру
аттарынан жасалған туынды сөздер де кіші әріппен жазылады: Өзінің
бөкеншілік, ағайындық сөзін қосып, Дәркембайды сәл кінәлағандай сөйлеген
еді (М.Әуезов). Жалқы есімдерден жасалған туынды тұлғалар да кіші әріппен
жазылады: қожанасырлық, қарабайлық, судырахметшілеу.
Халық, ұлт, тайпа аттары және адамның тұрған жеріне (қаласына,
өлкесіне) қарай -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы жалғанып жасалған
атауы кіші әріппен жазылады:
қазақ, орыс, румын, қытай, итальян; мәскеулік,
киевтік, семейлік, алтайлық.
Мал құс, ит т.б. қойылған аттар бас әріппен жазылады: Төрткөз,
Жолбарыс, Бөрібасар (иттер),
Қараторғай, Ұябасар (бүркіт аттары), Ақбоз,
Буданкөк, Көкжорға (жылқы аттары).
Географиялық атаулар (жалқы есімдер) бас әріппен жазылады:
Алматы,
Алатау, Іле, Балқаш, Сібір, Каспий теңізі, Тынық мұхит, Кеңқияқ, Нарын,
Қосшағыл, Өскемен. Орыс тілі арқылы енген географиялық атаулар (жалқы
есімдер) орыс тіліндегі түрінде жазылады:
Орехово-Зуево, Великие Луки, Лос-
Анжелос, Риоде-Жанейро, Бомбей, Куала-Лумпур. Аталуы бұрыннан қазақша
қалыптасқан
кейбір жер-су, мемлекет, қала т.б. аттары сол қазақша
қалыптасқан түрінде жазылады:
Қытай (Китай емес), Қырым (Крым емес),
Омбы (Омск емес), Шыңжаң (Синьцзянь емес).
Кейбір мемлекет одақтарының, халықаралық ұйымдардың аттарының
әрбір сөзі бас әріппен жазылады:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі.
Жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының
әрбір сөзі бас әріппен
жазылады:
Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан
Республикасы.
Достарыңызбен бөлісу: