Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет74/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85
дулат исабеков

Сақалын сипау. Сақалын сипап біраз отырды да, сөз таппаған соң 
балаға дүрсе қоя берді («Ақырамаштан наурызға дейін»). Ер адамдарға тән бұл 
кинема олардың терең ойға берілгендігін, мәселенің шешімін іздеп 
отырғандығын білдіреді.
Санын соғуӘлден соң санын сарт еткізіп: 

 «Өйбұй!» 

 деді оқыстан. 
Кемпірі аузына апара жатқан шайын шашып алды. Бұл кинема өкінудің
әттеген-айдың, бармағын шайнап қалудың белгісі.
Ала көзімен ата қарау. 

Сайрай бермей баршы орныңа, 

деді кемпірі 
шалына ала көзімен ата қарап («Қарғын»).  

Оу, әділқазылар-ау, менің әлгі... пәселкемді не істейсіңдер? 

деп еді, 
екеуі де бұған ала көзімен ата қарап

Өй, поселкеңізді... аларсыз бір кезде

деді мынадай сәтте басты 
қатырмашы дегендей теріс айналып («Ақырамаштан наурызға дейін»). 
Көз соматизмі арқылы орындалатын бұл кинема – жақтырмау, жаратпау 
мағынасын білдіреді. Жалпы көркем шығарма тілінде көз, қас, бас, қол 
соматизмдеріне байланысты кинемалар өте өнімді қолданылады, бұл адамның 
айтайын деген ойын жеткізуде дәл осы дене мүшелерінің басты рөл 
атқаратындығын білдіреді. Д. Исабеков шығармаларында көзге қатысты көзін 


125 
сығырайта қарау, бақырайып қарау, тесірейіп қарау, аларып қарау, ежірейе 
қарау, қадала қарау сияқты түрлері кездеседі.
Қол алысу. Сәргел орнынан тұрып онымен қол алысып қоштасты.-
Бәлкім, сіз аттанғанша кездесерміз, қарсы болмасаңыз аэропортқа шығарып 
салайын («Қарғын»). Қол алысу – екі адамның оң қолының алақандарын өзара 
қысудан тұратын қимыл, сәлемдесу немесе қоштасу рәсімі. Бұл әмбебеп кинема 
адамдар арсындағы сыйластықты, мәдениеттілікті, ресми қарым-қатынасты 
білдіреді. Көбінесе қол алысу сәлемдесу, қоштасу, құттықтау кезінде, мақұлдау, 
белгілі бір келісім жасасу немесе татуласу белгісі ретінде пайдаланылады. Қол 
алысудың мақсаты – адалдық пен ізгі ниет көрсету. Қол алысу – сенім 
білдірудің белгісі, ол серіктеске деген жақсы ниеттің кепілі ретінде, сондай-ақ 
бір-біріне құрмет көрсету үшін қолданылады. Қол ұстасудан бас тарту 
дұшпандық немесе ынтымақтастыққа келмеудің көрінісі болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет