Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасамның тәсілдері:[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;
Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не
Қазақстандағы әлеуметтік топтар
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құрдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, аумақтық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциациялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
Туынды сөз
Достарыңызбен бөлісу: |