Алаш қозғалысы



бет2/26
Дата27.09.2022
өлшемі153.2 Kb.
#461493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
қазақ тілі реферат

Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электр, т. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.[1]
Дереккөздер

Ахмет Байтұрсынұлы


Арғын тайпасының Шақшақ[3] руынан[4]шыққан.
Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.
Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.[5]

Будан сөздер емлесі


Донор тілдердің бәрі дерлік экспансиялық тілдер, яғни халықаралық мәртебесі зор тілдер. Ондай тілдердің қатарына Қазақстанда барлық қоғамдық салада қызмет етіп отырған және қызмет аясы кеңи бастаған ағылшын және орыс тілдері де жатады. Бұл тілдердің тек қазақ елінде ғана емес, әлемдегі қолданыс аясы кең, өте белсенді, өзге тілдерге ықпалын еркін жүрізіп отырған тілдер, соған орай донор тілдер саналады. Ал олармен қатар өмір сүріп келе жатқан мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілі, негізінен, қабылдаушы яки реципиент тіл. Ал тіл мен әлеуметтік заңдылықтар бойынша реципиент-қабылдаушы тіл донор-тілдің ықпал-әсеріне тез ұшырайды.Тілдің тілге ықпал-әсері,әсердің тілдегі көріністеріәр түрлі және нәтижелерікөрер көзге байқалып тұрады: солардың бірі – тілдегі гибрид сөздердің пайда болуы, олардың көбеюі, соңында тілде орнығуы. Қазақ тіл білімінде гибрид сөздерді бірде «қоспа», бірде «будан» деген баламамен атап жүр. Біз «гибрид» сөзінің өзін әзірше қалдыра тұрамыз.
Гибридтену - қазіргі интеграция, яғни жақындасу, араласу барысындағы тіл атаулының бәрінде де көрініс тауып отырған құбылыс. Құбылыс ретінде үнемі күшейіп келе жатқаны да күмән келтірмейді. Интеграциялану процесінен ешқандай тысқары қалмай келе жатқан елдің тілі ретінде қазақ тілі де осы құбылыстың әсеріне шалдыққан. Оның бірнеше себептері бар:а) ғылым мен техникалық жаңалықтардың өзге елдерде ашылуы, көп болуы; ә) тілдері донорлық дәрежеге жеткен елдерде қоғамдық-саяси өзгерістердің болуы және қоғамдық-саяси жаңалықтардың сол елдердің үлгі-моделіне салынуы, үлгіге алынуы; б)сол елдердің экономикалық басымдығының болуы; в) жазудың және жазудың негізгі қаруы саналатын әдеби тілрөлінің артуы; г) жазудың көмегіне сүйенетін жазба коммуникацияның күшіне енуі.
Гибридтенужазба коммуникацияның тікелей туындысына жатады, тілдегі графоорфографиялық құрылымдардың көбеюі де, жандануы да жазба коммуникация қызметінің күшеюімен байланысты болып келеді. Ал жазу өркениет қанатын кеңге жайған сайын орны мен қызметі өлшеусіз құралдардың негізгісіне айнала береді. Гибридтенумен бірге гибрид сөздер тілдегі қабаты қалың, жасалу жолдары көңіл аударатын құбылысқа айнала бастады.Гибрид сөздердің түп негізі кірмелік, қазіргі тіл білімінде шеттілдік лексиканың ана тіл жүйесіне кірігіп, интеграциялануы ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі кезде тек қазақ тілі емес, басқа тілдерде де, оның ішінде орыс тілінде де шеттілдік элементтердің ішінде ағылшын тілінен енген сөздерге, ағылшын тілінің сөздік қорынан сөз алуға ерекше көңіл бөлінеді. Ерекше көңіл бөлудің өзіндік себебі жоқ емес. Тілші-ғалымдар ағылшын тілінің сөз қабылдаушы реципиент тілге әсері, олардың таралуы мен көлемінің өсуіне алаңдайды.Алаңдаудыңсебебі -кез келген ұлт үшін туған тілдің тазалығы, тілдің сақталуы, ұлт пен ұлыстың тілі ретінде әрі қарай өмір сүруі, өміршеңдігін жоғалтуы қаупінің күшеюі. Соған орай бұл проблемаға еріксіз көңіл бөлінеді. Ал екініші себебі ағылшын тілінен енген сөздер халықаралық (интернационал) сөздер мәртебесімен кең таралған сөздер. Оның ішінде ағылшын тілінен енген/енетін кірме сөздердің көбі кәсіби лексиканы байытатын салалық сөздер болып келеді. Салалық терминдер ғылым салаларымен байланысты, ал ғылымда шекара жоқ деген қағида қалыптасқан. Сондықтан бұл сөздер - халықаралық қатынастарда жиі қолданылатын, ғылым мен техникадағы креативті және трендтік, басым бағыттарды нақты әрі тура бегілейтін, сонымен қатар тілдегі бірліктерді ықшамдаудың талаптарына жауап беретін, сол ықшамдауды жүзеге асыруға қолайлы сөздер. Ағылшын тілі сөздерінің көп болуы мен тез таралуының ең басты себебі: жаңа (супер жаңа) ғылым салаларының осы тілді тұтынатын елдерде (көбінесе АҚШ-та, тіпті техника салалары мен жаратылыстану ғылымдарынан өзге лингвистикада да американдық фундаментализм кең таралған) пайда болуымен; осы ғылым салаларына байланысты жиындардағы жұмыс тілінің ағылшын тілі болуымен түсіндіріледі. Осылайша өзге елдердегі белгілі бір сала терминдері біртіндеп гибрид-терминдермен, гибрид сөздермен толыға береді. Кірме сөздер мен төл тілдік элементтердің араласуынан құрамы (композиттерінің бірі)ағылшын – орыс тілі элементтерінен, ағылшын – орыс – қазақ тілі немесеағылшын – қазақ тілі элементтерінен құралған гибрид сөздер дүниеге келді. Шеттен сөз қабылдаудың осы қыры қазіргі Қазақстандаүштілділікпен байланысты өткірлене түсуде. Жазу үлгі-модельдерінің негізгілері:
Біріккен сөздер,тіркесті сөздер емлесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет