іккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;
ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.
Кейбір біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған.
Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні), білезік (білек+жүзік).
Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылуы. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:[1]
салалас тіркескен Біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде): біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т.б.);
сабақтаса тіркескен Біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады): алабұға,қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б.
Тіркесті сөздер
Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бөлек жазылады. Мысалы: боз торғай, сөз таптары, қара торы, уш жуз т. б.Тіркесті сөздерге күрделі зат есімдер (мәдениет сарайы, Алматы қаласы, ауыл шаруашылығы т. б.), күрделі сын есімдер (кара кер, бидай өңді, ат жақты, ұзын бойлы т. б.), күрделі сан есімдер (он үш, екі жүз сексен бес т. б.), күрделі үстеулер (күні бойы, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін т. б.) жатады.
Әлем таныған классик
Елімізде жазушы көп. Десек те драматургия саласының қашанда тапшылығы көрініп-ақ тұрады. Мәселен әңгіме, роман, эпопея саласына қалам тарпаған жазушы кемде кем. Өзіндік жазу стилімен ерекшеленетін кез-келген жазушыны жазбай тануға болады. Десек те жазушы, драматург дегенде көп кідіретініміз бар. Ондайда бірден еске оралатын шет ел жазушылары У. Шекспирден бастап қазақтың М. Әуезов, Т. Ахтанов, Д. Исабеков сынды бірнеше жазушы, драматургін еске түсіре аламыз. Сол бір ғажап туындыларымен бүгінде әлем танып-білген классик жазушы, драматург Д. Исабеков қазақ әдебиетінде ғана емес, шет ел әдебиетінде де ерекше орынға ие болуда.
Бұлай деуге үлкен себеп, күні кеше 11 шілде күні әлем танып, көз тіккен Халықаралық Астана ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесінде классик жазушының ағылшын тілінде жарыққа шыққан кітаптарының тұсаукесері болып өтті.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Қазақ мәдениеті мен ақыл ойының заңғар биігі

Итонация,Пауза
Достарыңызбен бөлісу: |