Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері


XX ғасыр басындағы ұлт зиялылырының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс- әрекетері



бет2/6
Дата12.04.2023
өлшемі47.45 Kb.
#472128
1   2   3   4   5   6
тарих срсп 9

XX ғасыр басындағы ұлт зиялылырының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс- әрекетері


Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарлығы халықтың шыдамын жұқартып, оларды отарлау езгісі мен еңбектегі қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың жасы туралы құжаттардың көбінесе болмауын пайдаланып, болыс билеушлері мен ауыл ағамандары тұрғындардың жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал байлар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, майдан қызметіне жібермеудің амалын жасап бақты. Майдан жұмысына қазақ жастарының ішіндегі кедей балаларының алынуы қалың халық арасында зор наразылық туғызып қазақ өңірі тұрғындарының үкіметке қарсы көтерілісіне жол ашты. Соның нәтижесінде елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз билеушілерді өлтіру, қожайындардың шаруашылықтарына шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу – ыза әрекеттері кең қанат жайды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған қазақтар байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкету әрекеттері сипат алды. Халықтың үкіметке және оның жергілікті өкілдеріне ереуілдері мен қарулы көтерілістері жиналып келіп, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске ұласты [1;121]. Бұл көтеріліс жеңіліске ұшыраған соң, ұлт ағартушылары елдің санасын ояту үшін бөлек сала ашты. Ол Ә. Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық көзқарас болатын. Қазақ интеллигенциясы өкілдері ұлттық партия құру мәселесі бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Олар қазақ халқын тап пен жікке бөлмей бүкіл халықтың мүддесін ойлады, буржуазиялық – демократиялық бостандық атауын пайдалануға күш салды. Уақытша үкімет те , кадеттер партиясы да қазақтардың автономиялы ел болуына қарсы болды . Бұл Ә.Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығатыны туралы «Қазақ» газетінде ашықтан- ашық мәлімдеуіне себеп болды. Осындай жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенция өкілдері жағдайдың және саяси күштердің жедел өзгеруін есепке ала отырып, жалпықазақ сьезін тездетіп откізу керек деген шешім қабылдады. Қазақстанның барлық облыстарының өкілдері қатысқан 1-ші жалпықазақ сьезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. М.Құлмұхаммедтің айтуы бойынша: сьезде екі ұстаным басымдыққа ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет