Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері



бет6/6
Дата12.04.2023
өлшемі47.45 Kb.
#472128
1   2   3   4   5   6
тарих срсп 9

Қорытынды
 «Алаш идея­сы» – қа­зақ халқының дербес мемлекеттік, тәуелсіз ел болуға деген ХХ ғасыр басындағы алаш қайраткерлерінің ұлт­тық идеясы. Бұл жерде осыған дейін қазақ халқының тәуелсіз ел болуға ниеті болмады ма деп қате түсінбеу қажет. Өйткені бұл ғасыр қарумен емес – білім мен ғылым арқылы ұмтылған ағартушылық бағыттағы идея болды. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі, алты алаштың атауы болған еді. Сондықтан да ХХ ғасырда қазақ тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол - Алаш идеясы деп жауап беруге болады. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз - Алаш». Кереге - мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Алаш жаңа түрдегі еліміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді. Қазақ зиялылары халықтың ұлт ретінде өмір сүру қасиетін сақтап қалу үшін алға ұмтылды. Бұрынғыдай старшын, болыс болуға емес, Мемлекеттік Думадағы депутаттық мандатқа дейін үлкен аренадағы саяси істерге тартылып, жалпы ұлттық мәселелерді шешуге ұмтылды. Бұл кезеңдерде бақылаушы немесе бұйрықты бұлжытпай орындаудан, өз туған халықтарының мұң-мұқтажын айту, балаларының толыққанды білім алуын, мемлекеттік істерге белсене араласа бастады. Олар халықтың қамын тереңнен ойлап, елді өркениет көшінен қалдырмау жолын іздеді. Оның бірден бір дара жолы – білім-ғылым мен мәдениетті меңгеру екендігін айқындап айтты және осы жолда аянбай тер төкті. Ұлт зиялыларының ақындық сөздері қалың қазаққа арналды, халқын ұйқыдан оянуға, елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері ұмтылуға, азаттық, бостандық жолына үндеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Абдоллаев Н. Қазақстан тарихы. Оқу құралы - Ақтөбе, 2009.

  2. e - history.kz

  3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы: Оқулық / Қ.С.Қаражан, Ж.Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова, Т.Қ.Мекебаев, С.С.Саражанова, С.С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев; Ред.басқ. Қ.С.Қаражан. - Алматы: Қазақ университеті,2005.

  4. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Оқулық, 4-ші басылым. Алматы, ЖШС Издательство «Норма-К», 2008.

  5. alash.semeylib.kz

  6. Байділдин, Ш. Азаттық үшін алысқан Алаш партиясы [Мәтін] : [Алаш партиясы жайында] / Ш. Байділдин // Торғай. – 2017. – 13 қаңтар. – Б. 2.

  7. Шаяхметов.Н.У. ХХ - ғасырдағы Қазақстан тарихы. Оқу құралы. - Алматы: Эверо, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет