Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері


жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында ІІ жалпықазақ съезі



бет4/6
Дата12.04.2023
өлшемі47.45 Kb.
#472128
1   2   3   4   5   6
тарих срсп 9

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында ІІ жалпықазақ съезі өтті. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер:

  • Қазақ-қырғыз автономиясы;

  • Милиция құру;

  • Ұлт кеңесі;

  • Оқу мәселесі.

Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасының ІІ съезінде Орынбор қаласының революционер жұмысшылары атынан Н. Мутнов сөз сөйледі. Никита Мутнов – 1907 жылдан Коммунистік партия мүшесі, Орынбор мен Оңтүстік Оралда Кеңес өкіметін орнатуға және азамат соғысына белсенді қатысушы. Съезде орыс халқының отаршылдық дертін жұқтырғаны айтылды. Бұл ескі патша үкіметінің мұрасы, ұлтшылдық сияқты оны да осы съезд құртуы керек, орындарына кеткен депутаттар бұдан қайтып «ұлтшыл», «отарлаушы» деген сөздерді естімеуі керек. Орынбор жұмысшыларының атынан съезд депутаттарын осындай аса маңызды мәселелерді шешуге шақырып, съезд жұмысына табыс тіледі.
Съезде мынадай шешім қабылдады:

  1. Алашорданың Жалпықазақтық халық кеңесі өзі құрылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Түркістан өлкесінің барлық қазақтарын Алаш автономиясына қосу мүмкіндігін анықтауға міндеттенеді.

  2. Егер Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімде қосылмаса, Алашорданың халық кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан ресми түрде автономия жариялауға міндеттенеді.

  3. Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімінде қосылмай, Алашорда автономия жарияламаған жағдайда әрбір облыстың халқына өз калауы бойынша әрекет етуге рұқсат етіледі.

  4. Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай ішінде қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын жариялауға құқық беріледі [3;109-111].


Алашорда үкіметінің құрылуы
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда 2 – ші Бүкілқазақ сьезі өтеді. Оған Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Ферғана, Сырдария, Каспий бойы, Бөкей Ордасынан 80 делегат қатысты. Құлманов – төраға, Бөкейханов, Досмұхамедов, Кенесарин, Қарашев – орынбасар, Дулатов, Қадырбаев – хатшы. Сьезд Қазақ автономиясын құру туралы шешім шығарды.Оны Алашорда деп атауды ұсынды. Алашорда 25 адамнан тұру керек болды. Сьезде үкіметтің 15 мүшесі сайланды, 10 орын орыстар мен басқа ұлттарға берілді. Съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13/18-26/ желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы - Алашорда Үкіметі - Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар:
1) Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы;
2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
5) Елдегі билік және сот туралы;
6) Елді қорғау, әскер жөне халықтық милиция құру;
7) Халықтың табысына қарай салық салу;
8) Жұмысшылар туралы;
9) Ғылым және білім туралы;
10) Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы қозғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіп-жетілген наразылығының айқын көрінісі болды [4;282].
Алашорда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш автономиясының «халықтық милиция» атанған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді. Милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатан болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “… осы күнде мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін … ешбір тоқтаусыз милиция түзуге кірісуі тиіс…” [5].
Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды. «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық-аймақтық –федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы, көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелері қаралып бекітілді. Алаш партиясы ұлттық саяси күш ретінде Алашорда үкіметін құрып және Алаш автономиясын жариялап, тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды көкседі. Тағдырлары қайғылы аяқталғанына қарамастан, Алаш қайраткерлері елі мен жерінің, қазақ ұлтының қамын жеп, оның жарқын болашағы үшін күресті. Олардың идеялық мұрасы саяси санасы толыққан, тәуелсіздік идеясын ту еткен бүгінгі ұрпаққа аманат, атқарған ерен істері өнегелі өсиет, ал ардақты Алаш азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады [6;13].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет