Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері



бет3/6
Дата12.04.2023
өлшемі47.45 Kb.
#472128
1   2   3   4   5   6
тарих срсп 9

Сьездегі ұстаным

А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаевтың


«тәуелсіз автономия құру» ұстанымы «ұлттық-аймақтық автономия құру» д ұстанымы
Жасырын дауыс берудің нәтижесінде Ә.Бөкейхановтар жеңіп шықты. «Алаш» ұлттық – демократиялық партиясының қалың жұртшылық мойындаған көсемі, төрағасы – Ә.Бөкейханов болды. «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері «Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету» бағдарламасының төңірегіне топтасты[2].
1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциянын тарихында І жәнс II мемлекеттік Думаға сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты оқиғалар ерскшеленді. Бұл науқандарға ұлттық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде араласты.Бұл тақырып көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кіші еңбектер жазды. Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. 
І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан депутаттыққа түскен Ә.Бекейханов кептеген кедергілерді және отырып, депутат болып сайланды. II Мемлекеттік Думаның аз-ақ уақыт (1907 жылгы акпанның 20-сынан маусымның 2-сіне дейін) жұмыс істегеніне қарамастан, оның қазақ депутаттары Россия парламентін өлкедегі жағдайдың шындығын жеткізуде мүмкін болғанның бәрін істеді. Осыған орай Бақытжан Каратаевтың II Мемлекеттік Думаның 1907 жылы мамырдың 16-сында өткен мәжілісінде сөйлегсн сөзін ерекше атау керек. Өзіне берілген 10 минут ішінде столыпиндік аграрлық реформаны, оның негізгі бағыттарының бірі — Орталық Россиядан Қазақстанның далалық облыстарына орыс шаруаларын жаппай көшіру ісін әшкерелеп, мұны Қазақстан мен Орта Азияны отарлауды күшейтетін және жергілікті халықтарды тонауды шырқау шегіне жеткізетін мемлекеттік саясат ретінде айыптады [1;117].



І Мемлекеттік Думаға сайланған депутатар тізімі

ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар тізімі

Семей облысынан - Ә.Бөкейхан,


Торғай облысынан - А.Бірімжан,
Орал облысынан - А.Қалменұлы,
Ақмола облысынан - Ш.Қосшығұлұлы,
Жетісу облысынан - М.Тайынұлы,
Астрахан губерниясынан - Б.Құлманұлы мен ДәуітНоян-Тұндұт ,
Уфа губерниясынан - С.Жантөре


Ақмола облысынан - Ш.Қосшығұлұлы,


Торғай облысынан - А.Бірімжан,
Семей облысынан - Т.Нұрекенов,
Жетісу облысынан - М.Тынышбаев,
Сырдария облысынан - Т.Аллабергенұлы,
Орал облысынан - Б.Қаратаев,
Астрахан губерниясынан - Б.Құлманұлы





Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым - қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды:
- Верныйда – “Қара жұмысшылар одағы”;
- Сергиопольде (Аягөз) – “Солдаттардың орысмұсылман ұйымы”;
- Петропавлда – “Жас арбакештер одағы”.
Сонымен қатар, жастар ұйымдары құрылып,белсенді жұмыс жүргізді:
- Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы”;
- Ақмолада – “Жас қазақ” ұйымы;
- Петропавлда – “Талап” ұйымы;
- Омбыда – “Бірлік” ұйымы” құрылды.
Ақпан төңкерісінен кейін қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе қалыптасты. Билік жолында күрескен саяси партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан түрлі бағдарламаларын ұсынды.Сондай бағдарламалардың бірі Алаш партиясы еді. Бұл ұсыныс қабылданбай тұрып, елде жалпықазақтық сьездер өтті [1;129-130].


Жалпы қазақтық съездердегі қаралған мәселелер


Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар катысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы; тағы басқалары. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық – территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялык федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бұл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық региондары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Fаббасов, Ж.Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет