Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
XX ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов, өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттың тең құықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көтерді. Бұған Ахмет Байтұрсынұлыньщ «Масасы» (1911 ж.), Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» (1909 ж.) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ коғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді. Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті «халықтьң көзі, құлағы һәм тілі» деп анықтай келіп, оның «жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды [6;24]. Сонымен қатар, танылған ұлт зиялыларынан бөлек азаматтарда бар. Солардың бірі Мәрсеков Райымжан.
Мәрсеков Райымжан - Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Семей облыстық Земство басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Ол қазақ соттарын ұйымдастыру, Алаш әскерін жасақтау, жер дауын қазақтардың пайдасына шешу, қазақ жастарын оқыту сияқты маңызды мәселелерді ел мүддесіне сай шешуге қажыр-қайратын жұмсаған. 1918ж. көктемде Семейде Кеңес билігін құлату мақсатында құрылған жасырын ұйымның әскери бөліміне Р.Мәрсеков (Х.Тоқтамышевпен бірге) енгізіледі, 1918ж. 26-мамырда Алашорда үкіметінің атынан A.Байтұрсынов, М.Дулатов, C.Аманжоловтармен бірге Шәуешек қаласындағы Ресей консулы арқылы большевиктерге қарсы күрес жүргізу үшін Қытай үкіметінен қару-жарақ алу туралы келіссөз жүргізуге қатысқан. 1920ж. Алашорда үкіметі таратылып, Кеңестік үлгіде Қазақ автономиясы жарияланған соң Р.Мәрсеков 1922ж. маусым айына дейін Семей губерниялық атқару комитетінде қызмет атқарған. Бірақ осы кезден бастап кеңес өкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңес өкіметін мүлде мойындамаған Р.Мәрсеков 1922ж. жазда Қытайға көшуге мәжбүр болған [7;58].
Достарыңызбен бөлісу: |