Алдашева камар сагингалиевна


Зерттеу жҧмысының мақҧлданымы



Pdf көрінісі
бет14/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Зерттеу жҧмысының мақҧлданымы: Диссертацияның материалдары 
мен негізгі тұжырымдары 16 мақала түрінде мақұлданымнан өтті, оның ішінде 
5 мақала Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Білім жəне 
ғылым салаcындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, 1 мақала Scopus 
ақпараттар базасына енетін импакт-факторлы журналда жарияланды. 
Жұмыстың негізгі қорытындылары сондай-ақ ғылыми баяндамалар жəне 
хабарламалар түрінде халықаралық жəне республикалық ауқымдағы 10 
ғылыми-теориялық 
конференцияларда 
жəне 
ғылыми 
семинарларда 
талқыланды.
Зерттеудің қҧрылымы: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, 
қорытындыдан, пайдаланылған əдебиеттер тізімінен жəне 3 қосымшадан 
тұрады. 
 
 
 


18 
1 ЖАҢА СӚЗДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАНУЫ МЕН НОРМАЛАНУЫ – ТІЛ 
САЯСАТЫ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛТАНЫМЫНЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ 
 
1.1 Жаңа сӛздердің қалыптануы мен нормалануы: заңнамалық 
негіздер және тҥсініктер верификациясы 
 
Егемендік алған кезеңнен бастап (1991 жыл) Қазақстан Республикасында 
ішкі саясатының аса маңызды тармақтарының бірі ретінде тіл саясаты 
сындарлы, дəйекті түрде жүзеге асырыла бастады. Қазақстан Республикасында 
тіл саясатының құқықтық негіздері орнықтырылды.
Қазіргі жаһандану заманында ұлт тілдерінің дамуына қатысты тіл саясаты 
– аса маңызды бағыттардың бірі. Əлеуметтік лингвистика тұрғысынан 
қарағанда, тіл саясаты – «тілдің немесе тілдің ішкі жүйесінің барлық 
функционалдық таралуын өзгерту немесе сақтау үшін, жаңа норманы енгізу 
үшін немесе қолданыстағы тілдік норманы сақтау үшін мемлекет, партия, 
класс, қоғамдық топ тарапынан қабылданған шаралар жиынтығы» [14, 83].
Тіл саясатын айқындайтын осы анықтама көпұлтты Қазақстан 
Республикасының жағдайына қарай жаңа мазмұнмен толықтырыла түседі. 
Нақты айтқанда, Қазақстан үшін тіл саясаты ең алдымен көп ұлттар мекен 
ететін Қазақстан жағдайында ұлтаралық келісімді сақтауға ықпал етуі тиіс.
Біздің еліміздегі тіл саясаты – ұлтты ұйыстырушы, қоғам мүшелерін 
патриотизмге тəрбиелейтін фактор. Қазақстандағы тіл саясаты – мемлекеттік 
саясаттың бұлжымас бөлігі, тілдің қызметіне, тіл дамуының барысына тілді 
жоспарлау субъектілерінің саналы жəне нысаналы ықпалының теориясы мен 
практикасы [15, 253].
Біздің еліміздегі тіл саясатының басты мақсаты – тілдік жағдаяттың 
стратегиялық бағыттарын айқындау, тіл корпусын, тілдің таралуын, тілді 
меңгеруді жоспарлау жəне реттеу. Бұл ретте, демек, тіл саясаты – ұлт 
мəселесінің тілдік аспектісі.
Заңнамалық құжаттарда тіл саясатын жүзеге асыру үшін бірнеше басым 
бағыттар белгіленген, солардың қатарында қазақ тілінің ішкі ресурстары мен 
əлеуетін пайдалану жолымен ғылыми-техникалық терминдерді, бұрын өзге 
тілдерден қабылданған атаулары қолданылып келген термин сөздер мен 
атаулардың қазақша баламасын жасау, бұл үшін қазақ тілінің өз ішкі 
мүмкіндіктерін кеңейту маңызды тармақ ретінде көрсетілген. Басқаша 
айтқанда, бұл арада «ішкі мүмкіндік» жəне «өз əлеуеті / өз ресурсы» деген 
ұғымдар қазақ лексикасының құрамындағы ғылыми-техникалық терминдерді, 
зат, бұйым, құбылыс, абстракт түсініктер атауларының қазақ тілінің өз 
мүмкіндіктерімен жасалған баламаларын қалыптастыру деген тұжырымды 
білдіреді жəне мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметінің аясын кеңейту, 
өміршеңдігін сақтаудағы бірден-бір жол ретінде бағаланады (Қосымша А). 
Тіл саясатын сындарлы түрде жоспарлайтын заңнамалық құжаттарда қазақ 
ұлты өкілдерінің ана тілін сақтауы мəселесіне айрықша назар аударылған. 
Мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің қолданылу аяларын кеңейту, тілге деген 


19 
сұранысты жоғарылату, қазақ тілін осы заманның талаптарына сай тіл 
дəрежесіне көтеру мəселелері нұсқалған. Бұл бағыттарды іске асыру жолында 
қазақ тілінің өз байлығын жан-жақты, толыққанды пайдалану арқылы бұрын 
шет тілдік атаулары норма саналған ұғым-түсінік, құбылыс, зат атауларын жəне 
ғылыми-техникалық аталымдарды қазақыландыру бағыты белсенді іске 
асырылуда.
Көп ұлттар мен ұлыстар мекен ететін қоғамда Қазақстандағы тіл саясаты 
абсолютті монотілді ортаның шапшаң қалыптасуын мақсат етпейді, керісінше 
біздің еліміздегі тіл саясатының сындарлы болуы мен дəйектілігі қазіргі 
жаһандану заманында осындай біртілді ортаның болуы мүмкін еместігін 
айқындайды. Бірақ мемлекеттік тілдің мəртебесін нақты белгілеу – 
мемлекеттіліктің басты белгісі. Сондықтан тəуелсіз елдің юрисдикциялық 
күшін сақтап қалу үшін тіл саясаты арқылы төмендегі іс-шаралар іске 
асырылған жəне іске асырылуы жоспарланған:
– көпұлтты жəне көптілді қоғамда мемлекеттік тілдің заң күшіндегі 
шынайы мəртебесі бекітілген;
– қоғамдағы əртүрлі тілдерді қолданатын этникалық топтардың 
этникалық санасы мен тілдік санасына, ойсанасына қазақ тілінің қажеттілігін 
сыналап түсіндіру; 
– бұл үшін жəне тілдік қақтығыстарды болдырмау мүддесінде тілдік 
жоспарлаудың мəнін анықтау;
– тілдік жоспарлауға қатысты іс-шаралардың тиімділігін арттыратын 
əдістерді негіздеу;
– оның ішінде тілдік үдерістерде байқалатын диагностикалық белгілерді, 
межелерді дер кезінде байқап, ғылыми-практикалық тұрғыдан талдау жасауды 
үзбей жалғастыру;
– ең бастысы – қазақ тілінің ғылым мен техника ұғым-түсініктерін 
жеткізуге əлеуеті толық екендігін, функционалдық қолданыс аясының кеңдігі 
жағынан қабілетті екендігін дəлелдей отырып, қазақ тілінің өміршеңдігін 
сақтап қалу жолындағы іс-шараларды жолға қою жəне оларды дəйекті түрде 
жүзеге асыру. 
Көрсетілген тармақтар бойынша заңнамалық түйіндерді қысқаша 
тұжырымдайтын болсақ, ең алдымен Атазаңға негізделетін тіл саясатын жүзеге 
асырудың жауапкершілігі аса жоғары бағыт жəне бұның қоғам мүшелерінің 
саяси-əлеуметтік көзқарастарын ұйыстыратын басты фактор екендігін атап өту 
керек.
Екіншіден, нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіл жөніндегі 
сындарлылықтың нəтижесінде жəне осының негізінде заңды субъектілердің 
тарапынан нақты жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне байланысты əртүрлі 
этникалық топтардың қазақ тілінің қажеттілігіне деген саналы көзқарасы мен 
сұранысы қалыптасқан. 
Заңнамалық құжаттар арқылы тіл саясатының қалайша іске асырылып 
жатқанына, қазіргі ахуалға талдау жасалады. 2011-2020 жылдарға арналған 
тілдерді дамыту бағдарламасында қазақ тілінің əлеуметтік-коммуникативтік 


20 
кеңістігін нығайту жолында атқарылған істерге қатысты қорытындылар 
жасалған. Бағдарламада 2011 жылға дейінгі орындалған іс-шаралардың тиімді 
орындалуының нəтижесінде қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының 
үлесі (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 
100% болуы тиіс екендігі дəлелденген [1].
Сонымен қатар əлі де болса кейбір аспектілер бар екендігі көрсетілген; 
олардың легінде қоғам мүшелерінің қазақ тілін білуінің əркелкі деңгейі; қазақ 
тілі қолданылуға тиісті əлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі бəсең көрінісі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет