36
Қазақ тілтанымының теориялық мəселелерінің қалыптасуы көрнекті
ғалымдар – А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтың есімдерімен қатар
аталатындығы мəлім. А. Байтұрсынұлы жəне Қ. Жұбанов өткен ғасырдың бас
кезінің өзінде-ақ қазақ тіл білімінің
негізгі бағыттарын бағдарлама, тезистер
түрінде анықтап берген еді. Объективті түрде қарағанда, қазақ тіліндегі жаңа
сөздерді тану мен талдау, ажырату мен сұрыптау қазақ тіл танымының
хронологиялық басталған кезеңдеріне – өткен ғасырдың 20-жылдарына тікелей
қатысты.
А. Байтұрсынұлы ұлттық философияның бір тармағы тілді сақтап қалу
мүддесінде тіл мен əдебиеттің ұғымдық
категорияларының қазақша
баламаларының жүйеленуі мен сұрыпталуының негізін қалады. Қазақ
тілтанымының көрнекті өкілдері академиктер Р. Сыздық, Ə. Қайдар жəне ғалым
Р. Нұрғалиев А. Байтұрсынұлының «термин жасаудағы «қазақшылығының»
ұлттық негіздері бар екендігін атап өтеді [41, 15; 28, 13; 42, 8].
Қазақ лингвистикасының теориялық негіздерінің іргетасын қалаушы
ғалым Қ. Жұбанов жаңа сөздерді қазақ терминологиясының қалыптасуымен
біртұтастықта қараған. Шын мəнінде, жаңадан пайда болған белгілі бір сөздің,
ұғым мен түсініктің ішкі мазмұнының сыртқы формамен сəйкес келуі туралы
алғашқы пікірлерді Қ. Жұбанов айтқан болатын. Бұл ретте көрнекті ғалымның
атом, психология, геометрия сияқты халықаралық
терминдердің ішкі
семантикасын анықтай отырып, оларға берілген кейбір қазақша баламалардың
сəйкес келмейтіндігін (мысалы,
психология – жан жүйесі, геометрия –
пішіндеме) ғылыми тұрғыдан дəлелдегенін жаңа сөздер туралы ғылымның –
неологияның алғашқы тұжырымдары деп бағалауға болады. Академик
І. Кеңесбаевтың пікірінше, ғалым Қ. Жұбанов қазақ терминологиясы мен
емлесін үйлестірудің көшбасында болды [43, 29].
А. Байтұрсынұлы
мен
Қ. Жұбановтың
теориялық-практикалық
ұсыныстары мен тұжырымдары сол кезеңде жаңа сөздерді жүйелеу бағытының
біршама қолға алына бастағандығын көрсетеді.
ХХ ғасырдың І жартысында қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздердің зерттелуі
терминтану / терминтаным мəселелеріне тікелей байланысты болды. Бұл жайт
сол кезеңде туындаған объективті факторларға – білім беру жүйесіне дендеп
енгізіле бастаған халықаралық терминдерді жеделдете меңгерту үшін
мағынасын анықтау, жұртшылықты сауаттандыру факторларына байланысты
еді. Тағы да бір аса маңызды фактор байқалған еді: тілдің тазалығын,
өміршеңдігін сақтау жиырмасыншы ғасырдағы
қазақ зиялыларының негізгі
ұлттық ұстанымына айналып, ғылыми сипат алған болатын. Сол тұстың зиялы
қауымы ұлттық-мəдени мазмұндағы қазақтың сөз байлығын ғылым мен
техниканың тіліне айналдыруға ұмтылыс жасады. Қазақ тілінің ішкі мүмкіндігі,
сөздік қорға енетін жаңа атаулардың ұлттық сипаты туралы Х. Досмұхамедұлы
былай деп жазады: «Қазақ тілі тексеріліп болған жоқ. Біз жат тілдерге
қызығуды қойып, əуелі өз тілімізді дұрыстап тексеруіміз керек. Шындап
тексерсек, қазақ тілінің өзінен пəнге жарайтын көп сөздер табылады» [44, 168-
174].
37
«Бұл кезең өзінің күрделілігімен қазақ тарихының, оның ішінде мəдениет
дамуы тарихының ішінде сипатталады. Осы күрделі кезеңде өмір сүргендігіне,
саяси идеологиялар соққысына қарамастан, ұлт мүддесі мақсатында тілдік
мəселелердің шешілуі – осы кезеңге тəн басты ерекшелік. Ал бұл ерекшелік сол
тұстағы ғылыми ойлар мен шешімдердің құндылығын арттыра түсетін
ерекшелік бола алатындығы дау тудырмайды» [45].
Өткен ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ тілінің төл əлеуеті арқылы
жасалған жаңа сөздердің бір легін төмендегі кестеден көруге болады (Кесте 2):
Кесте 2 – ХХ ғасырдың І жартысында Алаш зиялылары
ұсынған жаңа сөздер
мен қазақша терминдік атаулар
Достарыңызбен бөлісу: