Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет15/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

тіл мәдениетінің тӛмендеуі сияқты маңызды мəселелердің ғылыми-
практикалық тұрғыдан алдағы уақытта шешімін табуы аталған [1]. 
Тіл мəдениетінің төмендеуі қатарында қазақ əдеби тілінің лексикалық 
құрамын ұдайы жетілдіру, қазақ тіліндегі терминқорды қалыптастыру жайы 
баса көрсетіледі.
Шын мəнінде, Қазақстандағы тіл саясатының бағыттарында қазіргі 
қоғамдағы тілдік жағдаят үшін тілдің өміршеңдігін дəлелдеу жəне оны сақтап 
қалу жолындағы іс-шараларға айрықша мəн беріледі. Бұл бағыттағы 
міндеттердің қатарында:
– тілдің ішкі əлеуетін пайдалану арқылы оның мүмкіндіктерін кеңейту; 
– ұлттық терминологияны реттеу, жүйелеу мен дамыту;
– əлеуметтік-мəдени болмысты бейнелеуде тілдің ұлттық ерекшеліктерін 
сақтау; 
– ғылым-білім, оқу-тəрбие, əлеуметтік-саяси салалардағы ежелгі сөздерді 
жаңғырту; 
– бұл үшін тілдің ішкі мүмкіндіктерін сарқа пайдалану;
– мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мəңгілік 
ел құндылықтарын енгізу» факторларының кезек күттірмейтін маңыздылығы 
нақтыланған.
Аталған 
аспектілердің 
жүзеге 
асырылуы, 
тілді 
Мəңгілік 
ел 
құндылықтарының басымы деп тану, тілдің өміршеңдігін сақтау, қазіргі 
жағдайда қазақ тілінің əлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі бəсекеге 
қабілеттілігін арттыру ең алдымен тілдің өз мүмкіндіктерін жан-жақты 
пайдалану жолымен қазақ əдеби тілінің терминқорын, күнделікті-тұрмыстық, 
əлеуметтік-тұрмыстық атауларды қазақыландыруды сындарлы жəне дəйекті 
түрде жолға қоюмен жəне осы бағытта ғылыми-практикалық жұмыстарды 
үзбей жалғастырумен байланысты.
Тіл саясаты бойынша нормативтік-құқықтық актілерде «тілдің ішкі 
əлеуеті; тілдің ішкі мүмкіндіктерін сарқа пайдалану» деген ұғымдар аталады. 
Саяси жəне лингвистикалық мəнге ие аталған түсініктер бұрын өзге тілдік 
норма болған атауларды қазақыландыру деген терминмен тығыз байланысты.
Əлемдік тілдерде «руссификация», «испанизация», «украинизация» деп 
аталатын əлеуметтік лингвистикалық ұғымдар бар. Бұл терминдер бір 
мемлекетте, бір қоғамда тек бір тілді ғана қалыптастыруды мүдде етеді. Ал 
«қазақыландыру» 
термині 
абсолютті 
түрдегі 
монотілді 
ортаны 
қалыптастыруды мүлде көздемейді, бұл терминнің мəні – қазақ тілінің 


21 
өміршеңдігін сақтау, көптілді қоғамда қазақ тілінің бəсекеге қабілеттілігін 
арттыру, оның коммуникативтік кеңістігін кеңейту мақсаттарында жүзеге 
асырылатын іс-шара – мүмкіндігінше тілдік семантикалық ерекшеліктерді 
ескере отырып, ғылыми-техникалық, күнделікті тұрмыстық атаулардың 
қазақша баламасын – жаңа сөз жасау дегенді білдіреді. Қазақыландыру – 
əлеуметтік лингвистика саласында қалыптасқан ұғым.
Саяси лингвистикалық мəнге ие болып отырған «тілдің ішкі əлеуетін / 
мүмкіндіктерін сарқа пайдалану» деген ұғым: а) байырғы төл сөздердің 
семантикасын жаңғырту; ə) жергілікті тіл ерекшеліктері мен кəсіби 
лексиканың семантикалық мүмкіндіктерін ғылым тілінде игеру; б) сирек 
қолданылатын жəне көнерген сөздердің референциалды мағыналарын қайта 
жаңғырту; в) сөзжасам нысандарының ұлттық болмысты анық бейнелейтін 
түрлерін жаңа атаулар жасауда белсенді ету дегенді білдіреді.
Тілдің ішкі əлеуеті туралы нақтылай түссек, оны жаңа атауларды берудегі 
калька тəсілімен – мағыналық-құрылымдық сөзбе-сөз аудару арқылы жасау 
жолымен қатар қолдануға болмайды. Тілдің ішкі əлеуеті – ұлттық болмысты, 
ұлттық-мəдени ерекшелікті бейнелейтін лексикалық қор, ал сөзбе-сөз балама 
жасау кезінде қалай болғанда да басқа тілдің құрылымдық-типологиялық 
сипаты айқын байқалып тұрады.
Заңнамалық құжаттарда көрсетілген міндеттерге сəйкес қазақ əдеби тілінің 
терминқорын, 
күнделікті-тұрмыстық, 
əлеуметтік-тұрмыстық 
атауларды 
қазақыландыру барысында төл тілдің əлеуетін сарқа пайдалану жұмысын 
тиімді жəне оңтайлы түрде жүргізу қазақстандықтардың лингвистикалық 
капиталын дамыту мен жетілдіруге ықпал етеді. 
1991 жылдан бері қарай қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамында 
белсенді өзгерістер байқалды. 1970 жылдар тұсында қазақ тілінің лексикалық 
құрамында орыс тілі арқылы енген ғылыми аталымдар жалпы сөздік 
байлықтың 80%-ын құрайтындығы аталған болатын [16], міне осы пайыздық 
көлемдегі барлық аталымдарды қазақыландыру үдерісі ілгері шығарылды. 
Соның нəтижесінде ғылыми-техникалық аталымдармен қатар əлеуметтік-
тұрмыстық, 
күнделікті-тұрмыстық 
ұғым-түсініктердің, 
заттар 
мен 
құбылыстардың қазақша атаулары пайда болды. Төл тілдің ішкі 
мүмкіндіктеріне негізделген көптеген екітілді сөздіктер жарияланды, əртүрлі 
семантикалық мазмұндағы бірқолданыстық, кейде жасанды сипаттағы жаңа 
тілдік бірліктер ұсынылды. Нақты айтқанда қазақ əдеби тілінің лексикалық 
құрамында жаңа сөздер саны мен сапасы жағынан алдыңғы кезеңдерге (бұдан 
25 жыл бұрынғы мерзіммен салыстыра қарағанда) анағұрлым молайды. Алайда 
ғылым мен техника салаларына байланысты пайда болған жаңа аталымдар 
жазба нұсқаларда ғана көрініс береді. Əлеуметтік-мəдени, əлеуметтік-
тұрмыстық салалардағы қазақыландырылған жаңа аталымдардың көптілді 
қоғамдағы тілге енуі соншалықты белсенді емес. Көптеген жаңа сөздердің тіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет