Алдашева камар сагингалиевна


Жаңа сӛздердің қалыптануы: біріздендіру, стандарттау



Pdf көрінісі
бет28/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

 
1.3 Жаңа сӛздердің қалыптануы: біріздендіру, стандарттау, 
нормаландыру қайнар кӛздері
 
Əдеби тілдің сөздік құрамында пайда болған жаңа сөздердің қалыптануы, 
бір ізге түсірілуі, стандартталуы мен нормалануында айрықша рөл атқаратын 
бірнеше арналар бар.
Жаңа сөздердің мағыналық, құрылымдық жағынан елеп-екшеуден өтіп
нормаға айналуы тиіс екендігін танытатын басты қайнаркөз – олардың 
лексикографиялық 
еңбектерге 
тіркелуі. 
Екіншіден, 
жаңа 
сөздердің 
қалыптануын заңдастыратын салалардың бірі – қазақ тілінде жасалатын 
заңнамалық құжаттардың мəтіндері. Нормативтік заңнамалық құжаттардың 
мəтіндері – заң күшіне ие; сондықтан олардың мазмұнын, өкімдік нұсқауларын 
айқындап, қолданылатын терминдер мен терминдік сөз тіркестері заңнамалық 
құжаттарды күнделікті еңбек қарым-қатынастарында да (негізінен жазба 
нұсқаларында, ресми құжаттар мен ресми ісқағаздарында) заң күшімен 
пайдаланылуы міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының құқық 
қорғау туралы заңнамалық құжаттарында кездесетін шегендеу (демаркация 
границ), «Білім туралы» Заңында алғаш қолданылған бейін, кӛпбейінділік, 
бейіналды даярлық, бейінді оқыту, шағын жинақты мектеп терминдері мен 
тіркестердің оқу-ағарту саласына дендеп енуі, қолданыс жиілігінің арта түсуі, 
осының нəтижесінде берілген жаңа аталымдардың императивті нормаға айнала 
бастауы 
бұған 
дəлел 
бола 
алады. 
Үшіншіден, 
жаңа 
сөздердің 
кодификацияланған жəне нормаланған қалыпқа айналуына үлес қосатын 
арналардың бірі – жазба нұсқалар; оның ішінде əсіресе ғылыми-ағарту 
бағытындағы оқулықтар мен оқу құралдары. Төртіншіден, қазақ масс-
медиасының тілі жекелеген жаңа сөздерді өздері ұсынып, жоғары жиілікпен 
қолданып, нормалануында маңызды рөл атқарады.


53 
Алдыңғы кезеңдердегі сөздіктермен жəне тұтастай алғанда, бұдан бұрын 
жасалған лексикографиялық еңбектермен салыстыра қарағанда, соңғы 
жылдардағы қазақ тілтанымындағы сөздіктердің жалпы сипаттарында 
өзгешеліктер бар; оларды былайша топтастыруға болады:
- қазіргі кезеңде лексикографиялық сөздіктерді түзудің маңыздылығы 
тілді корпустық жоспарлау, қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру 
сияқты маңызды салалардың біріне айналып отыр;
- қазақ мəдениетінде сөздіктер жасауда белсенділік бар; ресми емес 
мəліметтерге қарағанда, соңғы 20-25 жыл ішінде 200-ден астам сөздік 
жарияланған;
- сөздіктердің типтері сан түрлі сипатта; əсіресе екітілді терминологиялық 
сөздіктер түзу саны жағынан сөздіктердің басқа түрлерімен салыстырғанда 
анағұрлым жоғары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет