Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет26/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

мұрағат (архив), тұрпат (тип), әміртиым (вето), әріпсан (индекс), қарашын 
(телохранитель), қанат белгі (галочка), ымдаспа (жестикуляция), зият 
(интеллект), зияткер (интеллектуал). Қазақ мерзімді баспасөзінің, масс-
медианың тілі жаңа сөздерді жасауда жəне пайда болуда тəуекелшілдік пен 
батылдық танытып отыр, мерзімді басылымдардың тілі жаңа тілдік бірліктің, 
пайда болған вариант сыңарлардың узусқа енуін немесе əдеби тіл айналымына 
қажетсіздігін анықтап, дəлелдеп, мойындатып беретін доминант сала ретінде 
танылуда. Ауызекі сөйлеу тілі мен көркем əдебиет тілінде жаңа сөздер 
(бірқолданыстағы, авторлық-индивидуалдық тілдік бірліктер) пайда болуда. 
Мысалы: ӛткек, кептелек, телім. Мен университетке баратын жолда 
жерасты өткегінен арлы-берлі тӛрт рет ӛтемін (ҚӘ, 2014, 26 қыркүйек); 
Телімдік полиция бекетін іздеп, әудем жер ұзағанымда, нӛпір халықтың 
ішінен формалы полицейді кӛзім шалып қалды (ҚӘ, 2016, 17-23 сәуір); Кӛшеде 
қалың қар, жолда бірімен-бірі иық тірестірген кептелекте тұрған машиналар 


47 
(Айқын, 2014, 5 ақпан). Функционалдық стильдердің ерекшеліктері сөз болған 
еңбектерде жаңа сөздердің де назардан тыс қалмауы неология мен стилистика 
тармақтарының байланысын көрсетеді.
Жаңа сөздердің пайда болуында жəне нормалануында мерзімді баспасөздің 
доминант рөлі аса жоғары екендігі турасында алғашқы пікір академик 
Р. Сыздық тарапынан айтылған еді [93].
Қазақ əдеби тілінің диахронды-
синхронды жай-күйі қарастырылған кейінгі зерттеулерде (С. Исаев, 
А. Алдашева, О. Бүркітов, Б. Момынова, Ф. Жақсыбаева, Ə. Əміров жəне т.б.) 
қазақ тіліндегі мерзімді басылымдардың жаңа сөзді ұсынуда, вариант 
қатарларды екшеуде, олардың бірінің нормалануында, жаңа аталымдардың 
қалыптануында басым қызмет атқаратындығы тағы да бірнеше мəрте 
дəлелденген. Қазақ əдеби тілінің сөздік құрамын қазақыландыру үдерістері 
басталғалы бері кейінгі кезеңдерде мерзімді баспасөз бұл мəселеде барынша 
еркіндік танытып отыр. Алайда баспасөзде пайда болған жаңа сөздердің 
бірқатары «тосындық танытады», оқырман оны «сəтсіз / қажетсіз сөз» деп 
есептейді. Бұның бірнеше себептері бар: а) жаңа сөзді ұсынған адамның 
субъективті көзқарасы болады; ə) осы субъективті көзқарастың нəтижесінде 
ұсынылған жаңа сөз семантикасы жағынан ұғымның мазмұнына сəйкес 
келмейді, мысалы: зәрурат, ақида; б) жаңа сөз ұғымдық сыйымдылығы 
жағынан сəйкес келгенімен, оның семантикасын тілді қолданушы адам 
түсінбейді.
Бұған төмендегі бір ғана мəнмəтінде қолданылған жаңа сөздер дəлел бола 
алады. Мəнмəтін беделді мерзімді басылымнан алынған.
«Ғалым бұл жерде ауызша публицистиканы, яғни шешенсөзді мүлдем 
ескермеген. Біздіңше, шешенсӛздің түрлері де радио мен телевидениені, 
әйтпесе баспасӛзді қажетсінбей-ақ алқаманмен (аудиториямен) бетпе-бет 
тұрып та қоғамдық пікір қозғау арқылы халықтың санасын оята алады.... 
Фольклорлық жаратындылар қатарын, ауызша әдебиет туындыларының 
сапын топ алдында тыңдаушыға бетпе-беп айтылып, халықтық мұраға 
айналып кеткен шешенсөз айтындары (высказывание) да толықтырып 
отырады. Публицистика, яғни замансөз туралы айтылған мына пікірді естен 
шығармауымыз керек. ... Әдебиет те, шешенсӛз бен кӛсемсӛз де белгілі бір тіл 
арқылы дүниеге келеді. Бірақ атқараты (функциясы) мен жүзеге асу жолдары 
және мазмұны мен пішіні бӛлек... Публицистің, яғни сөзгердің қоғам тудырған 
ӛзекті мәселелерге қатысты ойлары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 
жалпы жұртқа жарияланады... Сол зәрурат істерге қатысты газет-
журналдарда жарық кӛрген ойлардың жиынтық атауын «публицистика» деп 
атау санаға орныққан. ... Ел басқарушылардың ауызша баяны – саясатсөз, 
профессордың студент, жастар ортасында айтқан ұлағаты – білімірсөз, 
жиындарда белгілі бір идеяны қолдау үшін айтылған қошеметсөз, сот 
залдарында айтылған биліксөз, жамағат алдында дін ақидаларын тарқата 
түсіндірген уағызсөз дәлелдейді. Замансӛздің теориясы мен тәжірибесі бір 
ғасырға жуық тоқтаусыз зерттеліп, зерделеніп келеді екен, олай болса, қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет