жаңалықтар / лингвистикалық жаңа бірліктер / тілдегі жаңа лексикалық
бірліктер / жаңа сӛздер дегендерді синонимдес мағынада қолданған [50].
Ғалымның пікірінше, бұл атаулардың барлығы да – белгілі кезеңдерде пайда
болған (қолданысқа түскен) жаңа зат, жаңа ұғым атаулары, жаңа сөз тіркестері,
мағынасы жаңарған бұрынғы сөздер, тілде жиі жəне еркін қолданыла бастаған
бөгде тілдік сөздер.
Академик Р. Сыздық тұжырымдарының жаңалығы – қазіргі жаңа сөздердің
пайда болуының тілге деген ұлттық рухани сұраныстың күшеюі мен ұлттық
сананың беки түсуіне байланысты қарастырылуында.
Ғалым тарапынан көңіл бөлінген өзекті мəселе – бүгінгі жаңа
қолданыстардың əдеби тілге ену əлеуеті мен нормалануы. Ғалымның көрсетуі
бойынша, бірқатар жаңа бірліктер тілден орын алды, оған себеп болған
факторлар:
1) беретін ұғымның семантикалық өлшеміне сай келуі;
2) əлеуметтік талғамның үдесінен шығуы; қолданыста олардың ортақтық,
дəстүрлік, тұрақтылық сипатының қалыптасуы.
Автор айтқан маңызды тұжырымдардың тағы бірі – субъективті түрде,
жоғарыда аталғандай өлшемдерге жауап бере алмайтын жаңа сөздердің қалай
бағаланатындығы. Ғалым «бүгінде еркін жəне өз орнында қолданылып келе
жатқан, басым көпшілігі «кірме сөз» статусына ие бола алатын
интербірліктердің баршасын қазақшалап, олардың орнына қайткенде де
қазақша неологизмдер ұсыну ұстанымын (принципін, мұратын, бағыт-
мақсатын) толық мақұлдауға болмайды. ... кірме сөздерді қазақ лексикасының
бір қабаты деп тану керек. ...аударылып жүрген терминдердің тек
«қазақтығына»,
«түркілігіне»
«мұсылмандығына»
қызықпай,
əйтеуір
41
«орысшалығынан» құтылуды мақсат етпей, олардың мағыналық дəлдігін, қазақ
тілінің құрылымдық жүйесімен тұлғасының сəйкестігін, ғылым мен танымның
қай саласына жататындығын қатты ескеру керектігі – жалпы тіл мəдениетінің
талабы, норма талабы» [29, 132] екендігін баса көрсетеді. Бұл пікір ұсынылған
жаңа
сөздің
қолданысқа
қажетсіздігінің,
олардың
семантикалық
сəйкессіздігінің себептерін тануға, жалған жаңа сөздер жасалуының
тоқтатылуына тіреу бола алады.
Қалай болғанда да көрсетілген атаулардың ішкі біртұтас мазмұнын «жаңа
сөз» немесе «неологизм» деген ықшам ұғым толық қамтиды. Сондықтан кейінгі
зерттеулерде жаңа сөз жəне неологизм терминдері қатар жəне жоғары
жиілікпен қолданылуда. Нақты айтқанда, жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса
бастаған қазақ неологиясы мен неографиясының негізгі зерттеу нысаны – жаңа
сөздер / неологизмдер – тілдің синхронды даму жағдайында сыртқы жəне ішкі
лингвистикалық факторлардың ықпалымен, байырғы
төл
сөздердің
семантикалық өзгерістері, сөз тудырушы қосымшалардың көмегімен жаңа
мағынаның берілуі, сөздердің тіркесімділік қабілетінің артуы, жекелеген сөздің
стильдік реңктерге ие болуы, кейде тіпті «ойдан құрастырылуы» арқылы
жасалған жаңа сөздер.
Жаңа сөздердің аталған белгілерін жүйелей келе, зерттеу нысаны үшін
іріктелген қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздерді əлеуметтік-қолданыстық
маңызына қарай былайша топтастыруға болады (Сурет 2):
Сурет 2 – Жаңа сөздердің əлеуметтік-қолданыстық маңызына қарай
жіктелуі
Қазақ неологиясы жəне неографиясы салалары үшін əдіс-тəсілдерді
анықтауда ең алдымен қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздердің басқа ғылыми
парадигмаларға қатысын анықтаудың қажеттілігі туындайды.
Қазақ тіл білімінің барлық салаларын нақты бір парадигма түрінде
қарастырғанда, салыстырмалы-тарихи жағынан, жүйелі-құрылымдық жағынан
болсын, яки қазіргі таңда қарқынды зерттеліп келе жетқан антропоөзектік
тармақ жағынан болсын, тілдік бірліктердің талдануы осы зерттеу
бағыттарында бөлек, оқшау түрде емес, керісінше өзара байланыста
жүргізіледі. Мысалы, тілдік бірліктердің жүйелі құрылымы сөз болған
жағдайда тарихи фактілер мен қазіргі белгілер, диахронды-синхронды даму
сипаттары қатар талданып, салыстырылып отырады. Осы тұрғыдан келгенде,
Қазіргі қазақ тіліндегі
жаңа сөздер
ғылыми-техникалық атаулар (терминдер)
əлеуметтік-қоғамдық
атаулар
қоғамдық ғылымдар
терминдері
күнделікті тұрмыстық
атаулар
42
жаңа сөздер туралы ғылыми тармақты да қазақ тіл ғылымының көптеген
салаларымен тығыз байланыста қарастыру қажет болады.
Ең алдымен тілді диахронды зерттеудің нəтижелері анықтап көрсеткендей,
тілге енген əрбір жаңа сөз тарихи құбылыс болып табылады, ол қоғам
дамуындағы белгілі бір мерзімге, сол мерзім аралығында болатын сыртқы
өзгерістерге байланысты. Жаңа сөз қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда
болады, ол узус қатарына қосылуы да, тілге қажетсіз болуы да немесе келесі
мерзімде архаизм қатарына өтуі де мүмкін. Л.В. Щерба былай деп жазған
болатын: «Қоғам мүшелерінің басынан талай дəуірлер өтіп жатыр, ол
кезеңдерде жаңа сөздер аққан жұлдыздай пайда болады жəне сол жұлдыздай
жоғалып та кетеді» [55, 75].
Өткен ғасырдың 80-жылдарына қарай жаңа сөздер ұғымы тұтастай алғанда
қазақ терминологиясын жетілдіру жəне ғылым мен техниканы қазақша сөйлету
мəселесімен біртұтастықта қарастырылды. Ғалымдардың барлығы да жаңа
сөздерді ұлт тілінің қоры арқылы қалыптастырудың маңыздылығын көрсетеді;
«донор – тіл» деп аталатын орыс тілінен ғана еніп, жаңа терминдер тек соның
негізінде жасалып қабылдануынан сақтану керек» (Ə. Қайдар)
56, 3
;
«мағынасы кеңейген сөздердің тілді байытудағы қызметі зор» (Ш. Сарыбаев)
[57, 106]; «қазақ сөзінің барлық мүмкіндігін пайдалану керек» (Ө. Айтбаев) [58,
80]; «жаңа сөздердің нормалануы бірнеше «сүрленген» сатылардан өтеді»
(Н. Уəлиев) [32, 107-113], – деген құнды пікірлер бар.
Қазақ əдеби тіліндегі жаңа қолданыстардың белгілі бір кезеңдегі (1976-
1991 жылдар арасындағы) жалпы сипатын, олардың нормалануы мен
қалыптануындағы нақты коммуникативтік кеңістік – мерзімді баспасөздің
рөлін, жаңа сөздердің нормалануына ықпал ететін өзара байланыстағы үш
ұстанымды (өзектілік, сəйкестік жəне эстетикалық ұстанымдар талданған
зерттеу (А. Алдашева) [37]; 1995 жылға дейінгі мерзімдегі жаңа сөздердің
табиғаты қарастырылған еңбек (Қ. Қадырқұлов) [38; 59]; публицистикалық
стильдің жаңа сөз жасаудағы доминант рөлі (О. Бүркітов) [60, 14] қазақ
неологиясының белгілі бір зерттеу кезеңін қалыптастырды.
Академик Ө. Айтбайұлы жəне ғалым Ш. Құрманбайұлы қалыптастырған
қазақ терминжасам мектебінде терминденетін лексика көздері, жалпы
халықтық тілдегі сөздердің терминдену ерекшеліктері, тұтастай алғанда, ұлт
тіліндегі ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыру, термин
шығармашылығының əртүрлі қырлары, терминографияны жетілдіруге
қойылатын талаптар қазіргі қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздердің қалыптануына
елеулі үлес қосты [61; 62; 63; 64].
Жаңа сөздер прагматикалық тұрғыдан қарасытырылған еңбекте
неологизмдердің «уəжділігі күшті / уəжділігі бəсең / уəжділігі төмен
жасалымдар» деп жіктелуі неологизмдердің қалыптануы мен нормалануында
прагматикалық қуаты жағынан маңызды болып табылады [65, 265].
Сонымен қатар қазақ тіліндегі жаңа сөздер салыстырмалы-тарихи жəне
салғастырмалы тіл білімі аясында талданғанын атап өтуге болады (Н. Букетова,
Ж. Сағындықова) [66; 67].
43
Шамамен алғанда, 1976-2015 жылдарға дейінгі аралықтағы жаңа сөздердің
лексикографиялық түзілуін анықтау да жаңа сөздерді жүйелеу, талдау жəне
сұрыптау мəселелерінде маңызды. Қазақ тіл білімінде жаңа сөздердің тіркелуі
1985 жылы жүзеге асырылды. Қазақ тіліндегі жаңа атаулардың үш жинағы
ғалымдар тарапынан «қазақ əдеби тілі лексикасының дамуын, жаңа сөздердің
жинақталуын көрсетуі жағынан аса құнды еңбек» деп бағаланған [67].
Қазақ тілтанымындағы негізгі нысанаға қатысты пікірлерді алға шығарып,
оларды қорытуымыздағы басты мақсат – қазақ неологиясы мен
неографиясының жаңа сала екендігінде жəне осы саланың саяси, мəдени,
ұлттық, сондай-ақ білім беру факторларына тікелей байланысты екендігінде.
Əрине, қазақ неологиясының жай-күйімен салыстыра қарағанда, əлемдік
лингвистикада, оның ішінде орыс тіл білімінде неология мəселесі туралы
көзқарастар əбден дəйектелген жəне бұл мамандарға жақсы таныс, көптеген
тілдердегі зерттеулерде əлемдік деңгейдегі тұжырымдар басшылыққа алынады
[68].
Əлемдік лингвистикада жаңа сөздердің қарастырылуына байланысты
түркология ғылымындағы жаңа сөздер де біздің тарапымыздан жан-жақты
зерделенді. Төмендегідей жағдайлар анықталды: түркологияда жаңа сөздер
сөздің семантикасының кеңеюіне, кірме сөздердің енуі жəне калька арқылы
жасалған сөздер, терминдердің қалыптасуы мəселелеріне қарай талданған
(А. Матқазиев, Л. Г. Керимов, Х.Б. Кулиева, Р. Данияров, Н.М. Худиев). Бұл
еңбектер өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін жасалғандықтан, оларда
негізінен жаңа сөздерді талдау мен сұрыптауда орыс тіл біліміндегі межелер
басшылыққа алынған. Түрік тіл білімінде кейінгі кездерде біршама ілгерілеулер
бар. Бұлардың қатарында түрік ғалымы Невнихал Баярдың «Açıklamalı Yeni
Kelimeler Sözlüğü» деп аталатын жаңа сөздердің түсіндірме сөздігін жəне
онлайн жүйесіндегі
http://www.uludagsozluk.com/
электронды неологизмдер
сөздігін атауға болады [69; 70].
Тілге
философиялық-тарихи
тұрғыдан
қараған В. фон Гумбольдт
еңбектерінде тілдегі лексикалық жаңалықтар антропологиялық, материалистік
тұрғыдан қамтылған. «Сөз бен ұғым-түсініктің арасындағы байланысты талдай
отырып, жеке сөздің тілдік сипаттамасы ұлттың мінез-пайымы арқылы
қалыптасатындығын дəлелдеген. Əрбір ұлттың тілінде өзіндік ерекшелік бар,
осы өзіндік ерекшелік жеке сөздің қолданысқа түсуіне ықпал етеді» деген
ыңғайдағы тұжырымдары жаңа сөздерді танып-білуде маңызды болып
саналады [71, 370-373].
Тілдерге жүйелі талдау жасау жəне құрылымдық зерделеу бойынша
ғылыми танымның алғашқы ұстанымдарын жасаған Ф. де Соссюрдің
еңбектерінде таңбаның өзгермелігі – ұғым мен түсінікті беретін сөздің пайда
болуы туралы негізгі дəйектемелер айтылған. Ф. де Соссюрдің пікірі бойынша,
тілдегі өзгерістер ұрпақтардың ауысуына байланысты емес, тіл – əлеуметтік
күштердің жемісі; уақытқа тəуелді [73, 105-107].
Көптеген тілдердегі неологизация үдерісінің қарқын алуын В.Г. Гак
«неологиялық жарылыс» деп атаса, бұл сипаттама мыңжылдықтар тоғысында
44
өзектілене түсті де [73], бұл кезең «жоғары неогенді» [74, 5], «инновациялық
эксплозация» [75, 43] деген сипаттарға ие болды.
Орыс тіл біліміндегі неология жəне неография салаларының қалыптасуы
мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалым Н.З. Котелова былай деп жазады:
«Кейбір елдерде (СССР, АҚШ, Франция, Жапония) неологизмдерді, тіл
мəдениетінің мəселелерін, тілді стандарттауды ғылыми тұрғыдан зерттеумен
айналысатын жəне ақпараттық-анықтамалық қызметті ұйымдастыратын
неология орталықтары бар» [76]. Ғалымның пікірінше, орыс əдеби тілінде жаңа
сөздердің пайда болуы аса қарқынды, сондықтан сөздің пайда болуы мен оның
тіркелуі арасындағы интервалды максималды түрде қысқарту, жаңа сөзді
тіркеуді жедел түрде жүзеге асыру қажет. Орыс тіл ғылымында компьютерлік
технологияға негізделген «neoLEX» жобасы бар. Осы бағдарламалық
қамтамасыз ету – жаңа сөздерді дереу тіркеудің, іздеудің, белгілі бір
құрылымдық жүйеге келтірудің, стильдік айырмашылықтарын байқастаудың,
жаңа сөздердің электронды картотекасын қалыптастырудың, жаңа сөздер
сөздігін жасаудың, мəліметтерді шоғарыландыратын база жасаудың негізі.
Атап өтетін жайт – бұл тілді корпусты жоспарлаудың бір белгісі жəне
қазақ тіліндегі жаңа сөздерді жинақтауда бағыт-бағдар етуге болатын
үлгілердің бірі. Байқалып отырғанындай, қазірге дейін орыс тіл білімінде жаңа
сөздер барлық аспектілері жағынан əлі де көкейкесті проблемалардың бірі
ретінде қалып отыр. Зерттеушілер əсіресе жаңа сөздердің мəтіндегі қызметін
прагмалингвистика тұрғысынан қарастыруға [77, 33], белгілі бір ғылым
саласының жаңа тілдік бірліктеріне когнитивтік-прагматикалық тұрғыдан
кешенді талдау жасауға [78, 160], жаңа сөздердің қазіргі лексикографияның
теориясы мен практикасындағы орнын анықтауға [79, 7], тілді меңгертудің аса
маңызды құрамдас бөлігі ретінде жаңа сөздердің лексикадағы, сөзжасамдағы,
грамматикадағы орнын анықтауға [80, 18] басым көңіл бөлуде.
Жаңа сөздердің табиғатын зерттеуде салыстырмалы-салғастырмалы тіл
білімі аспектісінде қарастыру арқылы бірқатар тұжырымдар жасалған
(Ю.А. Жлуктенконың, В.А. Березинскийдің [81, 10], Е.М. Дубенецтің [82, 90],
И.А. Рожнованың [83, 151]). Салғастыру аспектісінде шешен тілінің материалы
негізінде (С.С. Юсупова), неміс жастарының тілі материалының негізінде
(Н.Д. Матарыкина) атқарылған зерттеулер бар.
Д.Н. Шмелевтің пайымдауынша, «қазіргі орыс тілі лексикасының
қалыптасуында басқа тілдермен қатынасқа түсу, жалпы əдеби тілдің жергілікті
говорлармен, кəсіби сөздермен жəне терминологиямен үздіксіз өзара
ықпалдастығы елеулі маңызға ие» [84, 280].
Шетел тілші ғалымдарының зерттеулерінің ішінде «Terminology:
Applications in Interdisciplinary Communication» деп аталатын жинақтағы
С. Павелдің зерттеу жұмысын ерекше атауға болады [85, 21]. Еңбекте
техникалық жəне ғылыми вокабулярдың дамуы, концептуалды өзгеріс,
неологизмнің қабылдануы жəне оның «дұрыс» жасалуы, уəждемелік динамика
(қажеттілік жəне құндылық), интербелсенді динамика (неологизмнің қарым-
қатынас жəне өзара ықпал ету жолымен қабылдануы), құрылымдық үдерістер
45
(ұжымдық жұмыс, неологизмдерді табуға арналған материалдарды қарау),
тиімді коммуникация (əлеуметтік лингвистикалық қажеттілік) көрсетілген.
Зерттеуші Д. Бэронның еңбегінде 1963 жылы жарық көрген Webster’s Third
New International Dictionary, Webster’s New Collegiate Dictionary, 1972 жылы
жарыққа шыққан Oxford English Dictionary жəне The Barnhart Dictionary of New
English сияқты сөздіктерде тіркелген 500 жаңа сөз талданған [86, 15].
У. О’Гради жəне М. Добровольскийдің редакторлығымен жарық көрген
«Contemporary Linguistics» деп аталатын жинақта тілде қалыптасқан сөздер
жаңа жасалымдармен ауыстырылатын болса, бұл ағылшын тілінің сөздігін
тұрақсыздыққа əрі түсініксіздікке алып келетіндігі; қайта дамуға түскен сөз
мағынасын шектемесе де, дəл осы жағдайдың орын алатындығы дəлелденген
[87].
Жаңа сөздер табиғатын зерттеуде Дж. Эйтоның «Century of New Words»
деп аталатын сөздігінің орны ерекше. Мұнда автор соңғы жүз жылда пайда
болған жаңа сөздер арқылы осы уақыт аралығының бейнесін жасайды. Сөздер
1900 жəне 2000 жылдар аралағындағы əрбір он жылға топтастырылады.
Акпараттық жəне қызықты сөздік мақалалар тарихынан, мəдени жəне ғылыми
оқиғалардан хабар бере отырып, олардың ағылшын тілінің жаңа сөздік қорына
қосқан үлесін көрсетеді [88; 89].
Жаңа сөздердің жасалуы, олардың қажеттілігі тікелей қоғамдық маңызды
өзгерістермен байланысты екендігіне Алмания жеріндегі тілдік жағдаят дəлел
бола алады. Бұл жайт арнаулы еңбекте көрсетілген [90].
Жаңа сөздерді сөздікке енгізу сөздіктің түрі мен көлеміне байланысты.
Р.Г. Гак француз тіліндегі «Малый Робер» (Le Petit Robert, Paris) сөздігінің 1967
жəне 1978 жылдардағы басылымдарын салыстыра келе, біздің зерттеуіміз үшін
де маңызды мынадай тұжырымдар жасайды: а) неологизмдердің барлығын
бірдей, дер кезінде тіркеп, нормативті сөздікке енгізу мүмкін емес; ə) сөздің
тілдегі тағдырын алдын ала анықтау да мүмкін емес; б) жаңа сөздердің кейбірін
мойындағанмен, олардың шамамен 20 пайызға жуығы «күдікті аймақта»
қалады; в) демек неологизмдердің лексикализациялануы жəне əлеуметтенуі –
аралық жəне өтпелі жағдайлардың қатарын түзетін баяу үдеріс [73; 91].
Қазақ неологиясының негізгі проблемаларын дəлелдеу мақсатында осы
тармақтың басқа ғылыми парадигмалармен қарым-қатынасын анықтау
маңызды болып саналады.
Тілдегі жаңа сөздер əлеуметтік лингвистиканың проблемаларымен де
тығыз байланыста болады, осы саланың негізгі бағыттары арқылы анықтала
түседі. Қазақ ғалымы Э. Сүлейменова тілдің қайта жаңғыруы, тілдің
өміршеңдігі, тілдік жоспарлау, корпустық жоспарлау деген терминдер арқылы
Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдаятты талдай келе, қазақ тіліне қатысты болып
жатқан қазіргі өзгерістерді «тілдік ренессанс» деп бағалайды [92, 56-59].
Корпустық жоспарлаудың бір арнасы ретінде ғалым жетілдіру (модернизация)
мəселесін көтереді, сөйтіп, зерттеушінің пікірі бойынша «кейбір ұғымдарды
беруде тілдің сөздік қоры жеткіліксіз болған жағдайда жаңа сөздер жасалады,
кірме сөздер қабылданады. Модернизация арқылы тілдің сөздік қоры молаяды,
46
сонымен қатар жаңа стильдер мен дискурстың жаңа нысандары пайда болады»
[92, 60]. Нақты айтқанда, Қазақстандағы тіл саясаты мен тіл стратегиясы, тілдік
жоспарлау іс-шараларының тиімділігі, мемлекеттік тіл мəртебесіндегі қазақ
тілінің өміршеңдігін сақтап қалу жəне оның қолданылу аясын кеңейту, тілдік
жағдаяттағы инновациялық үдерістерді əрдайым бақылап отыру сияқты қазақ
əлеуметтік лингвистикасының қазіргі көкейкесті мəселелері жаңа сөздердің
табиғатын тануға, жаңа сөздер туралы ғылымды орнықтыруға ықпал етеді.
Əлеуметтік лингвистика жəне ұлттық идеология тұрғысынан қазіргі кезде
«қазақыландыру» (казахизация) термині қолданылып келеді. Оның бастапқы
мəнісі – көптілді қоғамда қазақ тілін гомогенді тілге айналдыру болатын [17,
79]. Бұл термин қамтитын екінші ұғым да бар, ол – Қазақстан
Республикасындағы тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асыруға
байланысты пайда болған жаңа термин; қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,
қазақ тілін ғылым мен техника тіліне айналдыру, білім беру, заң жəне сот ісі
салаларына белсенді енгізу мүдделерінде тілдің төл əлеуетін сарқа пайдалану
деген ұғымды білдіреді.
Лексика қатарына енетін жəне енген жаңа сөздердің сипаты стилистика,
қазақ əдеби тілінің функционалдық стильдері бойынша зерттеулерде ұдайы
қарастырылып отыратындығы неология ғылымының осы салалармен де қарым-
қатысының бар екендігін көрсетеді. Бұл қарым-қатысты тікелей жəне барынша
тығыз деп те есептеуге болады. Өйткені қазақ тілі дамуының қай кезеңінде де
болмасын, əсіресе қазіргі кезде лексикалық құрамның жаңа сөздермен, жаңа
аталымдармен толығуында қазақ əдеби тілі функционалдық жазба стильдерінің
үлесі барынша салмақты болып отыр. Ғылыми жəне оқу-ағарту əдебиеті ғылым
мен техниканың барлық салалары бойынша «қазақыландыру» үрдісі негізінде
қазақ тілінің өз ресурстары арқылы жасалған терминдер мен терминдік
орамдарды енгізуде. Ресми ісқағаздары стилі қарқынды өріс алып, заңнамалық
жəне нормативтік құжаттардың өз терминдерін қалыптастыруда. Əсіресе
байырғы төл сөздердің ресми-іскери терминдер қатарында көрінуі айрықша
қызығушылық туғызады. Мысалы, пәтуа (консенсус), ғибара (транскрипция),
Достарыңызбен бөлісу: |