Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет33/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

профиль / бейін (профиль), стаж / ӛтіл (стаж ) қатарларында қағида бойынша 
біріншісі норма деп танылуға тиіс, бірақ қазіргі əдеби тілдің жазба практикасы 
аталғандардың кейін орналасқандарын (үрдіс, дәрілеу, құсбелгі, бейін, ӛтіл
əдеби нормаға айналдырды.
Сөз қоғамдық жəне əлеуметтік құбылыс деп танылатыны белгілі. Жаңа 
сөздерге де осындай белгілер тəн; жеке адамның шығармашылығының жемісі 
бола отырып, жаңа сөз қабылдаушы адамға түсіндіруді, түсініктеме жасауды 
қажет етпеуі тиіс. Əрбір жаңа сөз М. Хайдегердің пікірінше, адамның 
менталитетіне əсер ететіндей болуы керек, адам тілде сөйлемейді, керісінше тіл 
адам арқылы сөйлеуі тиіс [107, 12]. Түсіндірме беру – жалпытілдік жəне 
ғылыми-практикалық акт, ол сөздіктердің кейбір типтерінде, ғылыми-ағарту 
əдебиетінде əртүрлі амал-жолдармен жүзеге асырылады. Түсіндірудің, 
түсініктеме жасаудың ең қарапайым тəсілі – қабылдаушы адамның бірінші тілі 
болып саналатын тілге аударма жасау, ал бұл тəсіл спонтанды коммуникативтік 
акт барысында барлық уақытта да мүмкін бола бермейді жəне тілдердің 
араласуы факторын туындатады. Сондықтан жаңа сөзді қолдану үшін 
қабылдаушы адам оның барлық ерекшеліктерін, ұғымдық мазмұнын өзі түсіне 
алатындай, эстетикалық тұрғыдан жағымды деп танитындай болуы керек. 
Өйткені жаңа сөз жекелеген адамдардың шығармашылығы арқылы 
жасалғанымен, қоғамдық білімді қамтиды. Жаңа сөз ұсынудың міндеті 
қабылдаушы адам осы сөз арқылы ақпаратты кедергісіз алуы керек. Сонда ғана 
қабылдаушы адам жаңа сөз жасаған субъектінің қызметіне белсене қатыса 
алады, басқаша айтқанда, жаңа сөзді қолданады. Бұл айтылғандар жоғарыда 
көрсетілген фактілердің қатарындағы 2 жəне 3-інші тармақтың себептерін 
анықтай түседі. 
Бір топ сөздердің (аңдатпа, бейнежазба, мұрағат) жазба нұсқаларда 
көрініс табуының жəне нормалана түсуінің себептеріне тоқталсақ, олардың 
бірте-бірте ғылыми əдебиетте, масс-медиа құралдарында жазбаша орнығудан 
басталғанын атап өтеміз. Бұл арада жаңа сөздердің қолданыс жиілігі біршама 
жоғары деп бағалауға болады. Ал сөздердің қолданыс жиілігі – маңызды 
фактор; мəселен, сынып, мәтін тəрізді сөздер сыни, түсіндіру, дəлелдеу 
мақсаттарындағы біршама талқылауға түскенімен, нормаланған тілдік 
бірліктердің қатарында деп есептеуге болады; бұған аталған терминдердің 
белгілі бір коммуникативтік ортада (негізінен жалпы орта білім беру жүйесі 
салаларында – жазбаша жəне ауызша түрде) стихиялы жəне автоматты түрдегі 
қолданыс жиілігінің артуы себепкер болған. Соңғы терминдердің нормативті-
орфографиялық сөздікке енгізілуі олардың нормалы сипатының бекітілгенін 
көрсетеді. 


61 
Жаңа сөздердің нормалануы мен қалыптануы үшін олардың 
орфографиялық сөздікке енгізілуі маңызды рөл атқарады. Бірақ тіл 
динамикасындағы қарқынды өзгерістерге сəйкес емле сөздігінің өзі зерттеуші 
В. Гак көрсететіндей сөздің тілдегі тағдырын алдын ала анықтай бермейді [91]. 
Мысалы, қазақ емле сөздігіне тіркелген демеуқаржы, зияткер, гүлдесте, 
ғаламшар, дәмдеуіш, кежеуіл, айғақкер, айдауыл дегендерді бірізділендірудің 
жоғарғы сатысында тұр деп танимыз. Сондай-ақ осы сөздікке енгізілген 
дәрумай, жасынтас (метеорит), жауапнама, жӛнеу қағаз, дәружай, 
дәріқорап (аптечка), бағытшам, жолсызба, жолсілтеме, жӛнелтілім 
тəрізділердің нормалану мүмкіндігі бар. Ал емле сөздігінде орын алған ақлақ 
(мораль), бейақлақ (аморальный), барұңғар (әск.), бесікпеш, жаратылымдық, 
дәтнама, әсемсал (сковзняк), әлемиет, акемият тəрізді сөздер норма 
дəрежесіне көтерілуі үшін терең талдауды жəне дəйектеуді қажет етеді.
Қазіргі кезде қоғам мүшелерінің кеңінен пайдаланып отырған қайнар 
көздің бірі – қазақша-орысша орысша-қазақша онлайн сөздік (sozdik.kz). Бұл 
сөздік – қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамында соңғы 25 жыл көлемінде 
пайда болған жаңа сөздерді тіркеу, олардың пайда болуының мерзімін шамамен 
белгілеу, құрылымдық ерекшеліктерін танып-білу, қалыптана жəне нормалана 
бастаған тілдік бірліктерді ажырату, тұтастай алғанда жаңа сөздер туралы дер 
кезіндегі мағлұмат беру жағынан аса маңызды сала, лексикографиялық 
еңбектердің ауқымды түрі.  
Қазіргі ақпараттық технология құралдарында «sozdik.kz» деген атпен 
орысша-қазақша жəне қазақша-орысша онлайн сөздік орналастырылған [108]. 
Мəліметтерді жинақтаудың, сақтаудың, басқару мен өңдеудің технологиясы 
болып саналатын, адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастыруға, өзара қарым-
қатынасты жеңілдетуге бағытталған бұл сала қазақ тілі мен мəдениетін таныту 
мен дамыту, қазақ тілін өз бетінше үйрену, аударма арқылы ісқағаздарының 
қазақ тілінде шапшаң жүзеге асырылуы үшін аса оңтайлы жол ретінде танылып 
келеді. 
Онлайн сөздіктің лексикографиялық жүйе ретінде жəне пайдаланушыға 
ақпараттық материал бере алатын қайнаркөз ретінде, сондай-ақ қазақ тілін 
оқып-үйрену, сауатты аударма жасау бағытында да маңызды құрал екендігін 
атап өту қажет. Өйткені əлемдегі дамыған елдердің барлығында да дерлік 
электронды жəне онлайн жүйесіндегі аударма сөздік, біртілді түсіндірме сөздік 
үлкен сұранысқа ие. Мысалы, түркологияда, оның ішінде бір ғана татар тілінде, 
зерттеуші Г.Р. Чумаринаның көрсетуінше, «
βerenche on-line tatarcha-ruscha 
su'zlek
 
(
http://www.suzlek.ru/
), 
Татарско-русский 
онлайн 
словарь 
(
www.tatar.com.ru/tat-rus.php
), Онлайн словарь татарского языка tatsoft 
(
http://tatsoft.biz/vocabulary/translate
) Татарско-русский словарь новых слов и 
новых значений (
www.chelny.su/down/file_75/
) деп аталатын құралдар бар [109].
Электронды сөздік түзудің практикалық жағына теориялық тұрғыдан баға 
беруге арналған ғылыми тұжырымдар да жетерлік. Олардың қатарында 
R. Blain, 
B. Bougaraev, 
P. Bouillon, 
E.J. Briscoe, 
R.J. Byrd, 
N. Calzolari, 
M. Chodorow, K.W. Church, A. Clas, L. Clause, J. Clear, J. Dancette, Ch. Dupriez, 


62 
D. Dutoit, J-L. Ferre, W.N. Francis, F. Gruhier, R.K.K. Hartmann, G. Hatherall, 
P. Hanks, T. Heth, M. Kay, P. Longuet, W. Meijs, J-F. Mostert, E. Picchi, 
J.A.H. Potet сияқты шетелдік авторлардың зерттеулерін атауға болады. Орыс тіл 
білімі мен түркологияда бұл мəселе төңірегінде ғылыми тұжырымдар жасап, 
практикалық жəне теориялық ұсыныстар айтқан ғалымдар еңбектері де бар 
(Л.Л. Нелюбин, 
Г.Р. Чумарина, 
И.Н. Ларченков, 
В.Д. Табанакова, 
М.А. Ковязина, В.В. Куканова, Е.В. Бембеев жəне т.б.). 
Зерттеушілер электронды сөздіктердің негізгі артықшылықтары (əрине, 
оларды тасқа басылған «қағаз жүзіндегі» лексикографиялық еңбектермен 
салыстырады) мыналар деп есептейді: кӛп функциялы болуы – мысалы, 
сөздіктен жеке сөзбен қатар қосымшалардың қызметі, сөз таптары туралы 
мəлімет алуға болады; ӛзектілігі және динамикалығы – ақпаратты жаңартып, 
өзгертіп отыруға болады; мультимедиа құралдарының қолданылуы, яғни 
электронды сөздіктерде сөздердің айтылуын беруге болады, суреттер, 
анимация, бейнематериалдар, графикалық құралдар пайдаланылады; сӛздік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет