Алдашева камар сагингалиевна


ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ ЖАҢА СӚЗДЕРДІ



Pdf көрінісі
бет41/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ ЖАҢА СӚЗДЕРДІ 
ҦЛТТЫҚ ҚҦНДЫЛЫҚТАР ЖҤЙЕСІНІҢ БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ 
МЕН МЕҢГЕРТУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Əрбір ұлттың тарихи даму жолында, даму кезеңдерінде қоғам 
құрылымына жəне қоршаған ортаға деген көзқарасы арқылы сол халықтың 
ұлттық құндылықтары, өз ұлтын сақтап қалу мақсатындағы əлеуметтік жəне 
нормативті-мəдени аксиомалық көзқарастары қалыптасады. Жалпы алғанда, 
ұлттық құндылықтар ұғымының мағынасы өте ауқымды. Бұл белгілі бір ұлт 
өкілінің өзіне тəн ұлттық мінез-құлқы (мысалы, қазақ халқына тəн деп аталатын 
жомарттық, шыдамдылық, кеңпейілділік жəне т.б.) сияқты белгілерден бастап, 
осы ұлттың өзінің этникалық белгісі болып табылатын геосаяси жағдай, 
шекара, мемлекеттілік, материалдық жəне рухани мəдениет, адамгершілік-
этикалық нормалар жəне, ең бастысы тарихи даму нəтижесінде əбден 
қалыптасқан этникалық сипаттарды келешек ұрпаққа сақтап қалу сияқты 
əлеуметтік факторларды қамтиды. Қазақстан қоғамында «ұлттық құндылықтар» 
ұғымы ұлттың дамуындағы аса маңызды бағдарларды анықтап беретін жəне 
соларды жүзеге асыруды талап ететін мемлекеттік саясаттың негізін қалайтын 
əдіснамалық маңызды түсініктердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан 
келгенде, мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатын тіл де – 
ұлттық құндылықтардың ажырамас бір бөлшегі. Демек, тіл сияқты ұлттық 
құндылықты дамыту жəне сақтап қалу – бүгінгі заманғы қазақ ұлты өкілдерінің 
маңызды қажеттілігі мен басты мүддесі, екінші жағынан, тілді сақтап қалу – 
қазіргі қоғам мүшелерінің стратегиялық мақсаттарының біріне айналуы тиіс. 
Осыған байланысты ұлт тілі – қазақ тілін жалпы білім беру жүйесінде 
оқытудың əдіснамаларын жетілдіру аса маңызды (Сурет 4). 
Сурет 4 – Жаңа сөздерді ЖОББЖ-да меңгертудің əдіснамалық негіздері 
Осы өзекті мəселелерге қатысты жаңа сөздерді меңгертудің əдіснамалық 
негіздері 
философиялық, 
психолингвистикалық, 
психологиялық 
жəне 
педагогикалық негізгі ұғым-категориялардың аясында анықталады.
 
Жаңа сөздерді 
меңгертудің 
əдіснамалық 
негіздері
Философиялық 
бағыттар
Психолингвистикалық 
негіздер
Педагогикалық 
алғышарттар


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет