63
оқытылып-үйретілуі, меңгерілуі дəрежесін анықтау мақсатында), күнделікті
тұрмыстық атаулар іріктеліп алынды. Оларды іріктеуге негіз болған факторлар
– жоғарыда аталған салаларға қатысты атауларды қазақыландыру үдерісінің тіл
саясатына байланысты жүзеге асырылып жатқандығы, қазақ тілінің қолданылу
аясын кеңейту мақсатында жекелеген тұрмыстық атаулар мен басқа да зат,
ұғым атауларының қазақша баламасының қалыптаса бастағандығы жəне
ұсынылатындығы. Осылардың электронды сөздікте қалайша берілгендігі жəне
олардың нормалану мен кодификациялану үдерісіне үлесі мен əсері
қарастыруды қажет етіп отыр, өйткені қалай болғанда да электронды сөздіктер
нормаландыруды басшылыққа алатын лексикографиялық еңбектердің бір түрі
болып саналады.
Онлайн сөздіктегі лексикалық инновацияларды жинақтау барысында
мынадай жайттар анықталды:
- «sozdik.kz» версиясы материалдарына қазіргі қазақ əдеби тіліндегі
орфографиялық, түсіндірме, екітілді сөздіктерге енгізілген,
Мемтерминком
тарапынан бекітілген терминдер тіркелген;
- электронды сөздіктерде «қағаз» түріндегі лексикографиялық еңбектерде
берілмеген, яки орысша баламасы көрсетілген сөздердің қазақша вариантын
ұсыну басым; мысалы,
құлақтандырма (анонс), тапсырыскер (клиент);
талдампаз (аналитик); тәлімбақ (питомник); әрлем / әрлендірме / әрленім
(дизайн); кепілақы / кепілақша / кепілберіс / кепілдеме / қардар (задаток);
кепілгер (гарант); телнұсқа (дубликат); бітеме / дайындама (задел); басқаша
айтқанда, сөздіктің лұғатын қазақыландыру үдерісі басшылыққа алынған;
- бір аталым үшін екі немесе одан да көп варианттар ұсынылған; мысалы,
егей / жақтаушы / жебеуші / жоқшы / ие / қамқор / қамқоршы / қолдаушы /
қорғаушы / саруар / сүйреуші (покровитель); жазакешім / кеңшілік / кешірім /
рақымшылық жасау (амнистия); уатқыш / ұнтақтағыш / ұнтағыш
(дробилка), жаратылыстану / табиғаттану (естествознание); сілікпе / тоңба
(желе); басытқы / дәмтатым / жеңіл тамақ / шайнама (закуска); баяндама
хат / баяндау жазбахат / баяндау хат (докладная записка); жеңілгек / ілмек
(запонка); бӛгеліс / кептеліс / тоқталыс / іркіліс (затор); кӛзқалқан / кӛзқап /
кӛз қалтқы (наглазник) жəне т.б.;
- сөздікті қазақ тілінің сөзжасам заңдылықтарының мүмкіндіктері
толық
ескерілген: мысалы,
әрленім (дизайн), дәлелдеме (аргументация), безбендеме
(баланс); тәртіптеме (режим); ақшалай жабдықталым (денежное
довольствие); бұрандама (заклепка); бетбелгі / белгі бау (закладка); орамахат
(бандероль); жүгіргіш (бегунок); желекжол (бульвар); жаяужол (тротуар);
бітеугүл (бутон); рұқсатнама (виза); жарқылдақ (вспышка); ӛндірім
(выработка); мадақтама (грамота); емдәм (диета); темірқашау (зубило);
деректеметану / деректану (источниковедение); мӛлшерлеуіш (дозатор) жəне
т.б.; яғни жаңа жасалым жасау үдерістерінде белсенді деп танылатын
қосымшалардың барлығы да дерлік
(-ым; -ма; -қыш, -уыш; -нама; -тану;
(варианттарымен бірге), сондай-ақ
-хат, -жол, -жай, -бау, -гүл сияқты жаңа сөз
64
тудыруда сөз-форма дəрежесінде қолданылатындар,
сөз біріктіру мен сөз
тіркестіру амалдары кеңінен жүзеге асырылған;
Достарыңызбен бөлісу: