Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет32/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

масштаб / ауқым (масштаб), мүшелтой / мерейтой (юбилей); нысан / қалып 


59 
(форма), парламентер / бітімгер (парламентер); ретсан / бағансан 
(колонцифр); стаж / ӛтіл (стаж); санкция / ықпалшара (санкция); түпнегіз / 
түпдерек (первоисточник); учаске / телім (участок); үзіксызық / кӛпноқат 
(пунктир), ілікпе сӛз / реплика (реплика) типтес 42 вариант қатар тіркелген. 
Сөздік лұғатында осылайша сипаттардың болуы, əсіресе өзгетілдік атаулармен 
қатар төлтілдік ресурстармен жасалған жаңа тілдік бірліктердің орын алуы, 
біріншіден, қоғамдағы тіл саясаты мен тіл стратегиясының бірте-бірте
сыналана жүзеге асырылу бағытын көрсетеді (өзгетілдік терминнің қатар тұруы 
қазақша баламаны бір жағынан түсіндіреді; екіншіден, жаңа тілдік бірліктерді 
пуристік элемент деп ұғынатын сыңаржақ көзқарастың пайда болуына кедергі 
туғызады); екіншіден, диспозитивті норманың еркіндік беруінің негізінде 
стильдік, тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктерге қарай қатарлардың бірін 
таңдауға мүмкіндіктер жасалады. Мысалы, массив термині үшін берілген 
қатарларды құжаттар үйімі (массив документов), тұрғынүй алабы (жилой 
массив), ақпарат жиымы (массив информации) түрінде анықтап қолдануға 
болатындығы сөздікте көрсетілген. Диспозитивті норма үлгілері тілдік 
екшеуден – уақыт кеңістігі, функционалды қолдану кеңістігі, жиілік дəрежесі 
арқылы саралаудан өтіп, императивті нормаға айналады. 
Бірақ варианттылыққа байланысты нормалану мен қалыптану үшін 
варианттардың біреуі ғана қолданыста болуы керек деген пікірлер де бар. 
Нақты айтқанда, мəселен, отансүйгіш / отаншыл / ұлтжанды / патриот; 
тәртіптеме / жӛнелтпе құжат (накладная); жарқағаз / афиша; идара / 
ведмоство типтес жарыспа қатарлардың бірі нормаға айналуы керек. Бұл – 
заңды жəне дұрыс жайт. Бірақ олардың біреуі ғана нормаға айналуы үшін 
төмендегідей факторлар, іс-əрекеттер жүргізіледі: 
а) варианттардың бірін тілдің өз қолданыс практикасы (əсіресе жазу 
практикасы) екшеп, іріктеп алады;
ə) вариант қатарлардың барлығы да функционалдық стильдерге қарай 
орналасуы мүмкін; 
б) тіл теориясы арқылы вариант қатарлардың əрқайсысының нормалану 
əлеуеті мен қабілеті (немесе қабілетті еместігі) дəлелденуі керек.
Вариант қатарлардың қалыптану үдерісіне байланысты Мемтерминкомның 
өзінің мойындайтын пікірлері де бар: «...2004 жылғы сөздікте пайдаланушыны 
жаңылыстыратын бірқатар жайттар бар деуге болады. мысалы, критирий – 
ӛлшем делінсе, критерий истины – ақиқат критерийі деп, фланг (әскери) 
дегенді фланг, қанат, қаптал деп беру ағаттықтар болып табылады» [106, 4]. 
Мына мəселеге назар аудартамыз: біріншіден, варианттылық жаңа сөздердің 
қатарында міндетті түрде болады; екіншіден, нормативті сөздіктерде əсіресе 
заң жүзінде ұсынылып, «бекітілген» деп көрсетілетін терминдер тізбесінде 
вариант қатарлар ұсынылған жағдайда лингвистикалық талап бойынша 
жарыспа нұсқалардың əдеби тілге бейімделе бастаған немесе ұсынушылар 
тарапынан «əдеби норма болуға лайықты»; «əдеби норма болу үшін 
семантикасы, құрылымы жағынан сенімді» деп танылған нұсқа бірінші тұру 
керек. Сөз болып отырған еңбекте бекітілген атаулардың нормативті сипаты 


60 
кей реттерде дəл көрсетіле қоймаған. Мысалы, күнтізбе / күнпарақ (календарь)
санкция / ықпалшара (санкция) жарыспа қатары 2000 жылы вариант ретінде 
берілген; олардың біріншісі қазір əдеби тілде нормаланған. Бұл жайт əдеби 
норманың қағидаларына сəйкес келеді. Ал бетбағыт / беталыс / үрдіс 
(тенденция), бұқырлау / дәрілеу (дизинфекция), қанатбелгі / құсбелгі (галочка)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет