Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет47/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

квартплата, проездной билет, остановка сияқты сөздердің қолданысы осыны 
дəлелдейді. Бұл ерекшелікті ересектермен қатар оқушылардың сөйлеу тілінен 
де айқын байқауға болады.
Жаңа сөздерді меңгертудің психолингвистикалық аспектісін зерделеуде 
мектеп оқушылары Қазақстандағы тілдік қауымдастықтың елеулі бөлігі ретінде 
қарастырылады.
Индивидуалды лексиконға жаңа сөздердің енуі адамның қоғамдағы 
өмірінің өн бойында жаңа білімді меңгеруімен қатар жүреді. Бұл реттегі 
түбегейлі ұстаным – лексиконның үздіксіз дамуын оның үнемі өзгеруі ретінде 
қарастыруға болады. Лексиконның үздіксіз өзгерісі, толығуы ең алдымен 
мектеп қабырғасындағы оқушыларға тəн құбылыс. Лексиконға енген əрбір 
жаңа сөз оқушылардың сөздік қорындағы жай ғана бірліктердің тек сандық 
арақатынасын өзгертіп қоймай, нақты бір уақыт сəтінде лексикондағы барлық 
деңгейдегі байланыстарға түрліше əсер етеді. Бұл əсер лексикондағы басқа 
бірліктердің мазмұндық жағында да көрініс береді. Болмашы өзгеріс болып 
көрінгенімен, əрбір сөздің шынайы мəні сол сөзбен берілетін санадағы барлық 
байлық арқылы анықталады. Лексиконның əрбір жаңа күйі – «аралық» – бұл 
«білмеуден» «білуге» қарай өтетін көпір сияқты. Осы тұрғыдан алғанда, 
мектептегі тілді оқыту үдерісінде оқушылардың сөздік қорын дамыту жаңа 
сөздерді меңгертумен тікелей байланысты.
Осы 
көзқарас 
тұрғысынан 
индивидуалды 
лексиконға 
тəн 
құбылмалылықтың ұдайылығын индивидке тəн «əлем бейнесін», «əлемнің 
суретін» толық көрсететін жəне кез келген соңғы өзгерістерді сезінетін, 
динамикалық өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде қарастыруа болады. Уақыт 
ағынымен жəне индивидуалды лексиконның дамуымен бірге кең периферия 
бойынша бірліктердің ауысуы орын алады, яғни бірліктердің бірқатары 
лексикон ядросынан алыстаса, енді басқалары белсенділікке ие болып, тағы бір 
лексикон бірліктері басқа бір мəнді иеленеді, сондай-ақ маргиналдық 
(шектеулі) бірліктер пайда болады, түрлі перифериялық қабаттар мен деңгейлер 


95 
пайда болады, адамның шынайы вербалды жəне басқа да əрекеттеріне 
байланысты бірліктердің бірқатары, мəселен, екінші немесе үшінші тілді 
меңгеруде лексикон ядросының бағытына орын ауыстыруы мүмкін. Бұл 
ерекшелік, əсіресе, оқушылардың лексиконына да тəн. Оқушының 
индивидуалды лексиконының дамуы білім алу үдерісінде жаңғырып, толығып 
отырады. Жоғарыда айтқан «құбылмалылық» сипат жоғары сынып 
оқушыларының ерекшелігін танытады. Мидағы психикалық үдерістер осы жас 
кезеңінде өте сезімтал, өзгеріске, атап айтқанда жаңаны тез қабылдауға, оны 
орнықтыруға өте бейім болып келеді. Осы тұрғыдан білім алушылардың 
менталды лексиконына жаңа сөздерді бейіндік мектеп кезеңінде орнықтыру 
оңтайлы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Жоғары сынып оқушыларының индивидуалды лексиконына тəн дамуды 
зерттеу когнитивтік жəне вербалды аспектілердің арақатынасы мен өзара 
байланысы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді, бұл білімді кеңейтуші 
барлық 
аялар 
туралы 
түсінікке 
негізделеді. 
Жүзеге 
асырылған 
коммуникацияның табыстылығы оқушының индивидуалды санасында 
нысаналардың атауын бекіту үшін шешуші мəнге ие; бұл үдерістің креативтік 
жағы онтогенездегі индивидуалды лексиконның дамуында ерекше маңызды. 
Осы тұрғыдан жаңа сөздердің ерекшелігі ең алдымен индивидке бұрын таныс 
емес бірліктің онда бұрыннан қалыптасқан əлем бейнесімен, сəйкесінше 
адамның менталды лексиконындағы басқа бірліктермен өзара байланысы 
арқылы анықталады. 
Индивидуалды лексиконның жəне сөйлеу-ойлау тетіктерінің қалыптасуы 
адам тарапынан түрлі деңгейдегі білім жүйесін меңгеру негізінде жəне түрлі 
əрекеттің, соның ішінде коммуникативтік-танымдық əрекеттің практикалық 
тəжірибесін игеру негізінде жүретін екі өзара кіріккен үдеріс ретінде 
онтогенезде орын алады. Оқушының өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы дамуы 
сыртқы əлемнің оған тікелей əсері арқылы жүреді; бұл үдерістің түрлі 
параметрлермен константты (тұрақты) байланысын ескеру керек жəне 
индивидтің дамуын бірыңғай тұтастық ретінде қарастыру қажет. Олай болса, 
аталған ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа сөздердің оқушылардың менталды 
лексиконында репрезентациялануы бірнеше үдерістерді қамтитындығы туралы 
айтуға болады.
Адам санасында ақпараттар белгілі-бір жүйе негізінде сақталады. Қарым-
қатынасқа түсу барысында қолданылатын тілдік бірліктердің санадағы 
көрінісіне – орналасуына, сақталуына да белгілі бір қалыпқа түскен, жүйелі 
сипат тəн. Жаңа сөздердің оқушылардың менталды лексиконына тұрақталуына 
да, оның тілінде көрініс тауып, қарым-қатынас барысында жұмсауына да, 
нормаландыруына да осы сипат тікелей ықпал етеді.
Коммуникацияға түскенде жұмсалатын қатысымдық бірлік ретіндегі сөз, 
сөз тіркесі, морфологиялық құрылымдар, сөйлем жəне мəтіннің адам 
санасындағы көрінісі жаңа ғылыми парадигманың зерттеу нысаны ретінде 
танылады. Бұл ретте жаңа сөздердің индивид санасындағы көрінісі де осы 
салалардың аясында зерттеуді қажет етеді.


96 
Барлық гуманитарлық ғылымдар жəне жаратылыстану ғылымдарының 
басым денінің зерттеу аспектілері мен зерттеу əдістері сана ұғымына сүйенеді. 
Дегенмен сана ұғымы мен адамның ойлауы терминдерінің аражігі ғылымда əлі 
де ажыратыла қоймаған. Оқушының санасындағы немесе менталды 
лексиконындағы жаңа сөздердің көрінісі немесе репрезентациялануы туралы 
айтқанда, ең алдымен жалпы сана, когнитивтік сана, тілдік сана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет